1 билет Жарық ілімі жайлы тарихи шолу



бет1/2
Дата18.04.2023
өлшемі226,2 Kb.
#83774
  1   2

1 билет
1. Жарық ілімі жайлы тарихи шолу.
Ерте заман және орта ғасырлардағы оптика. Көне грек философтары мен математиктері-Пифагор (б.д.д. 582-500 ж.ж.), Эмпедокл (б.д.д. 492-432 ж.ж.), Демокрит (б.д.д. 400-370 ж.ж.), Евклид (б.д.д. 300 ж.ж.), Платон (б.д.д. 427-347 ж.ж.), және басқалары жарық құбылыстары табиғатын көру түйсігі сезімін негізге алып түсіндіруге тырысқан.
Евклидтің пікірінше, көзден “көру сәулелері” шығарылады, бұлардың ұштары нәрсені (затты) сипалайды, бұл көру сезімін туғызады. Евклид жарықты зерттеуге математиканы қолдынып жарықтың айналардан шағылу заңдарын тағайындады. Ол жарықтың түзу сызықты таралуы жайындағы ілімнің негізін қалаушы болып табылады.
Эмпедоклдың пікірінше, жарық шығаратын денелерден көзге ағыс бағытталады, ал көзден де денелерге қарай ағыс шығарылады. Осы ағыстар түйіскен жағдайда көру сезімі пайда болады.
Демокрит көру сәулелері жайындағы түсінікті толығымен жоққа шығарады. Оның көзқарасына сәйкес денелерден шығарылатын атомдар көз бетіне түскенде көру сезімі пайда болады.
Біздің дәуірімізге дейінгі III ғ. өзінде геометриялық оптика негізі қаланған. Бұған дәлел Евклидтің өзіне дейінгі белгілі тәжірибе деректерін қорыту нәтижесінде жазылған «Оптика», «Катоптика» деген еңбектерінде геометриялық оптиканың негіздері баяндалады.
Орта ғасыр дәуіріндегі оптика. Орта ғасыр дәуірінде (Х-ХVI ғ.ғ.) ғылымның барлық саласында, соның ішінде оптикада да құлдырау байқалады. Осы кезеңде оптика ғылымы сәулелердің шағылу, сыну заңдарын, бұлардың линза арқылы өтуін зерттеу бағытында дамыды. Жарық табиғатына зерттеу жүргізілмеді.
XVII-XVIII ғ.ғ. оптиканың дамуы. Жарықтың корпускулалық және толқындық теориялары. Жарық құбылыстарын зерттеу нәтижелері жинақталған сайын жарық табиғатына деген көзқарас та өзгеріп отырды.
XIХ ғасырдағы оптика. Жарықтың толқындық теориясының нығаюы. 19 ғ. оптика тарихындағы ең басты уақиға толқындық теорияның жеңісі болды. Ағылшын физигі Томас Юнг (1773-1829) интерференциялық теорияның басты теориялық баптарын тұжырымдады және Ньютонның түрлі-түсті сақиналарының қалай пайда болатындығын түсіндіріп берді. Ол жарықтың толқын ұзындығының жуық мәнін тұңғыш анықтады. 1817 ж. Юнг жарықтың көлденең толқындарға жататындығы жөнінде пікір айтты. Бірақта сол кезде үстем болып тұрған дүниелік эфир жайындағы түсініктер тұрғысынан жарық толқындарының көлденең екендігін дәлелдеу мүмкін болмады.
ХХ ғ. оптика. Жарықтың кванттық және фотондық теориялары. 19 ғ. соңы 20ғ. басында жаратылыстануда төңкеріске әкеліп соққан бір топ физикалық құбылыстар ашылды. Кеңістік, уақыт, зат құрылысы жайында жаңа түсініктер пайда болды. 1895 ж. неміс физигі Рентген (1845-1923) көрінбейтін, бірақ күшті өткіш сәулелерді ашты. Неміс ғалымы Лауэ рентген сәулелерінің кристалдардағы дифракциясын бақылап, рентген сәулелері де электромагниттік толқындар екендігін, тек спектрдің көрінетін аймағындағы толқындарға қарағанда өте қысқа электромагниттік толқындар екендігін өзінің эксперименттерінде дәлелдеп берді.
Эйнштейн (1879-1955) Планк идеясын дамытты әрі тереңдете түсті. 1905 ж. ол жарықтың шығарылуы және жұтылуы ғана емес, жарықтың таралуы да жарық бөлшектері-жарық кванттарының ағыны түрінде өтеді деп ұйғарды.
Жарықтың кванттық теориясына сәйкес жарықтың таралуы үздіксіз толқындық процесс ретінде емес, ерекше бөлшектер-фотондардың қозғалысы ретінде (вакуумда жарық жылдамдығымен) қарастырылады.
Кванттық теория жарықтың Ньютон ұсынған корпускулалық теориясына қайта оралу емес, өйткені Ньютонға сәйкес жарық бөлшектері-корпускулалар-бұл кәдімгі механикалық бөлшектер.
Жарық кванттарының теориясы жарықтың толқындық теориясы көмегімен түсіндіруге келмеген көптеген оптикалық құбылыстарды түсінуге мүмкіндік берді: жарықтың шығарылуы және жұтылуы, фотоэффект, флюоресценция және басқалары.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет