Философия тарихындағы әдістердің жіктелуі


Диалектикалық материализм алғаш рет обьективті ақиқатты тану процесін түсіну үшін баға жетпес маңызы бар танымның ғылыми теориясын құрды



бет5/5
Дата16.09.2022
өлшемі1,33 Mb.
#39299
1   2   3   4   5

Диалектикалық материализм алғаш рет обьективті ақиқатты тану процесін түсіну үшін баға жетпес маңызы бар танымның ғылыми теориясын құрды.


- Когеренция немесе сəйкестік концепциясының негізгі тұжырымдамасы - «Ақиқат - ол білімнің нақтылыққа сəйкестігі». Когеренция концепциясы [лат. cohaerentia – байланыс, жалғасу] деген ұғымды білдіреді. Яғни обьективті болмыс шындық деп танылуы үшін ол нақтылыққа сәйкес болуы шарт.
Ақиқат ұғымы туралы қазіргі философияда түрлі тұжырымдамалар бар, бірақ соның ішінде мына негізгі үш негізгі концепция қалыптасқан:
когеренция концепциясы,
прагматикалық концепция және
конвенционализм концепциясы.
- Прагматикалық концепцияның негізгі тұжырымдамасы: «Ақиқат - ол тəжірибемен дəлелденген». Прагматикалық концепция [грек pragma – іс-әрекет, тәжірибе] деген ұғымнан шыққан. «Білімнің қайнар көзі және негізгі құралы – тәжірибе, логикалық пікір және ғылыми бедел. Бірақ осы аталғандардың ішіндегі адамдарды ақиқатқа жеткізетін ғылыми құралдардың ең бастысы – тәжірибе. Себебі тәжірибе – тәжірибе болғандықтан құндылыққа ие. Ал қалғандары осы тәжірибе арқылы дәлелденуі керек».
- Конвенционализм тұжырымдамасы бойынша: «Ақиқат - ол білімнің өз-өзімен сəйкес келісімі» дейді. Конвенцианизм ұғымы [лат. conventio – келісім, шарт, жағдай] дегенді білдіреді. Бұл тұжырымдаманы қолдаушы А. Пуанкаре пен Р. Карнап ақиқаттың мазмұны шарттық-келісімдік қасиетке ие екенін айтады. Негізінен ғылыми таным - ұйымдастырудың қатал формасын өзара құрап, оның қарсы келмеуі, дəлдігі, жүйелігімен көрінеді. Ғылыми танымның спецификалық бағытталуы ақиқатқа жету болып табылады.
Қорыта келгенде, ақиқат ол тұрып қалған жүйе емес, ол үнемі ескірмейтін мәңгілік тақырып. Ақиқат ұғымымының мәні заман дамыған сайын танылу, даму, ашылу үдерісінде болатын процесс. Ақиқатты тану мәселесі адамның рухани жағынан үнемі өз-өзін дамытуына, саналы түрде өсуіне, мына өмірдегі тылсым құпияларды тануына жол ашатын өмірлік концепция болуы тиіс. Сол себепті кез-келген адам өзінің дүниедегі орнын айқындау үшін ақиқатты тану үшін ізденгені, білімін толықтырғаны дұрыс. Бұл ойды әйгілі философ әл-Фарабидың сөзі айғақтайды. Бір сөзбен айтқанда, Фараби «адамдардың өз көздеген мақсатына жетуі оның өзіне ғана байланысты екенін айтады. Адам рухани жағынан үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруға тиіс, адам тек ақиқатты, айналадағы дүниені танып білу арқылы жетіледі», - деп түйін жасайды.

Назарларыңызға рахмет

  • Назарларыңызға рахмет


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет