«Философияның» дүниетаным және оның тарихи түрлеріне сипаттама беру


Адам: адам өмірінің мәнін түсіндіріңіз



бет16/60
Дата19.10.2022
өлшемі227,25 Kb.
#44021
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   60
Адам: адам өмірінің мәнін түсіндіріңіз.

Философия өмірдің мағынасы туралы. Адам мен адамзаттың алдында барлық уақыттарада тұрған толып жатқан проблемалардың ең мәнділерінің бірі – ол өмірдің мағынасы мәселесі. Қалай өмір сүру керек? Не үшін өмір сүру керек? Бұл сұрақатар адамдарды барлық тарихи дәуірлерде тоғандырған. Оларды сезіну мен дұрыс түсіну адамға мінез-құлық пен қызметте сенімді бағдар береді, өз күшіне сенімділікті арттырады, өмірінің мақсаттары мен құндылықтарына тиісті қатынастарын жасақтауға жағдай жасайды. Француз ғалымы және философы Блез Паскаль (1623-1662): «Адам – бар болғаны құрақ, табиғат жаратылыстарының ішіндегі ең әлсізі, бірақ ол – ойланушы құрақ. Оны жою үшін бүкіл Ғаламның тіпті де керегі жоқ: желдің соғуы, су тамшысы да жеткілікті. Алайда, тіпті оны Ғалам жойса да, адам бәрібір де одан гөрі асқақтау, өйткені өмірмен қош айтысатынын және Ғаламнан әлсіздеу екендігін ұғынады, ал Ғалам ештеңені ұғынбайды» деп жазған. Басқа тірі жаратылыстардан айырмашылығы – адам өз өмірін ұғынады. Адамның саналы жаратылыс ретіндегі өз өмірі мен өзді-өзіне қатынасы оның өмірінің мағынасы мен мақсатында өрнектеледі.
Өмірдің мағынасы – бұл санамен қабылданған құндылық (құндылықтар), оған адам өз өмірін бағындырады, сол үшін өмірлік мақсаттар қойып, ол жүзеге асырады. Онда қызметтік-құндылықтық сипат бар, ол кімде-кім «жай ғана өмір сүрмей», қандай да бір нәрсе үшін өмір сүру керектігін ойлайтын, сезінетін болса, сонда ғана пайда болады. Мағына – адамның рухани өмірінің құндылықтық –уәжделген саласының элементі.
Өмірдің мағынасы неде?
Бұл сұрақты түсінуге және осыған сәйкес оны шешуге философтар екі түрлі: жеке алынған адамның көзқарасы және рулық жаратылыс, адамзат ретіндегі адамның көзқарасы тұрғысынан келеді. Бірінші түсінуде өмірдің мағынасы – жеке адамның бірегей ішкі рухани өмірінің элементі, ол оның өзі үшін қоғамдық құндылықтардың үстемдік етуші жүйелеріне тәуелсіз тұжырымдайтыны. Бұл жерде барлық адам үшін бірыңғай өмір мағынасы туралы айтуға болмайды. Әрбір индивид оны құндылықтарының өзіндік ерекшеліктері мен өз тәжірибесінде ашады.
Сонымен бірге өмір мағынасы адам санасының феномені ретінде де өмір сүреді. Оны іздестіру өмір мағынасы неде екені туралы сұрақты түсінудің екінші қырын білдіреді. Олар адам эволюциясының ұзақ үдерісімен, оның ойлануының рефлексивтік қабілетінің дамуымен , өзіндік сананың қалыптасуымен дайындалады. Өмір мағынасы проблемасын ұғынудың тарихи бірінші формасы діни түсінімде болды. Жүре келе философия олардың серігі мен тірегіне айналды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет