Фитоценоз, биоценез, биогеоценоз жєне экосистема туралы т‰сініктер



бет28/52
Дата07.01.2022
өлшемі291,55 Kb.
#18518
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   52
Әдебиеттер тізімі: 1, 489-494 бет

Пысықтау сұрақтары?

1 Жер бетінің өсімдіктер жабыны неге зоналар бойынша орналасады?

2 БОР-дың территориясында қандай зоналар бар?


12 тақырып Жер бетіндегі флоралық облыстар

Мақсаты:

- Жер бетінің флоралық облысқа бөліну классификациясы

Жоспар:

1 Флоралық облыстарға сипаттама


Сабаққа дайындалуға әдістемелік нұсқау

Жер бетін флоралық тұрғыдан бөлудің көпшілік мойындаған жолын Л.Дильс ұсынған. Ол жер бетін алты флоралық облысқа беледі.

Голарктикалық, (Ноlаrсtіс) немесе солтүстік (Воrеаlіh) облыс - бұл қарағайлар тұқымдасының (Sаlісасеае), талдар тұқымдасының (Sаlісасеае). қияқ-өлендер тұқымдасының (Суреrасеае), сарғалдақ гүлділердің (Rаnunсulаеае) өкілдері басым болып келетін, құрлықтың көптеген бөлігін алып жататын тұтастай айналмалы кеңістік (циркумпилярная масса). Оның құрамына үлкен континент Евразиянын Козерог тропикасынан онтүстікке қарай жататын және бір кездерде Тетис теңізінің аралдары болған Үндіқытай мен Үндістан жартылай түбектерінен басқа жерлердін барлығы кіреді. Бұған сонымен бірге солтүстік неотропикалық Африканы (Сахара шөлін қосып есептегенде), ал батыс жарты шарда Солтүстік Американы тұтастай дерлік жатқызады.

Голарктикалық облыстан оңтүстікке қарай екі тропиканың арасында (аздап Рак тропикасының солтүстігіне және Козерог тропикасының оңтүстігіне енеді) шығыс жарты шарда — палеотропикалық, ал батыс жарты шарда неотропикалық облыстар жатады.

Палеотропикалык, (Раlеоtrорis) облыс жер көлемі жағьшан голарктикалық облыстан кейінгі екінші орынды алады. Ол Африкада үлкен территорияны (Сахара шөлінен оңтүстікке қарай, континенттің аздаған ғана оңтүстік батыс бөлігінен басқа) Жаңа Гвинеяны, Жана Зеландияны, Австралияның солтүстік және солтүстік-шығыс жағалауларың, Тынық мұхиттың тропикалық аралдарын (Филифин аралдарын, Малай архипелагын, Жиджи, Самса, Сандвичев араддарьш және т.б.) алып жатады. Бұл облыстың шамадан тыс шашыраңқы болуына қарамастан, палеоботаникалық мәліметтер оның флорасының бір екендігін - өте ертеде пайда болғандығьн және өте консервативті екендігін дәлелдейді. Бұл жерде мына тұқымдастардың: павдалар тұқымдасының (Раndоnасеае), непентестер тұқымдасының Nepenthасеае), диптерокарпалар тұқымдасының (Dірtегосаrрасеае) көптеген түрлері кездеседі. Пальмалар көптеп кездеседі - финика пальмасы (Рhаеnіх туысы), кариота (Саrіоta туысы), корифа (Согурhа туысы), ливистона (Livistqna туысы), каламус (Саlаmus туысы) және т.б. Климаты құрғақ аудандарда (аридных областях) суккулештер көп таралған - сүтгіген (Еuрhоrbіа туысы), алоэ (Аlое туысы) және т.б.

Неотропикалық, (Nеtrоріs) облыс Орталық және Оңтүстік Американы (континенттің қиыр оңтүстігінен, Чили мен Патагониядан басқа жерлерде), Флорида жартылай түбегінің оңтүстік бөлігін, Антиль аралдарға алып жатады. Флоралық жағынан алып қарағанда бұл ең ертеде пайда болған және өзіндік ерекшелігі бар облыс. Оның көлемінде 1800-дей түрі бар кактустар тұқымдасының (Сасtасеае); пальмаларға жақын цикланталар тұқымдасынын (Сусlаnthасеае); сонымен бірге пальмалардың бірнеше туыстарының, онын ішінде кокос пальмасының (Сосоs туысы) ареалдары жатады. Бұл жерде хин аіашының (Сіnсhоnа туысы) 40 түрі және рияндар тұқымдасының (мареновые -Rubіасеае) туыстары таралған. Тропикалық ормандарға эртүрлі эпифиттер ерекше сән береді. Олардың біреулері бромелилер тұқымдасына (Вrоmеlіасеае), екіншілері - сүйсіндер тұқымдасына (Оrсhіdасеае) жатады.

Бромелилер тек Американың ылгалды тропикалык ормандарына тән. Түйсіндер (архидные) бұл жерде ерекше кең таралған. Кейбір туыстары тек тропикалық Америкада кездеседі.

Австралия (Аustrаlіs) облысы оңтүстік жарты шардын үш тропикаға жатпайтын облыстарының ішіндегі ең үлкені. Ол Австралияны түгелдей дерлік және Тасмания аралын алып жатады. Бұл жерде шамамен 10 мыңдай жабық тұқымды өсімдіктердің түрлері кездеседі, олардың 8 мындайы эндемдік түрлер. Көп тараған тұқымдастарына: бұршақтар тұқымдасы (Ғаbасеае), мирталар тұқымдасы (Муrtасеае), астра гүлділер тұкымдасы (Аsterасеае), қияқөлеңдер тұқымдасы (Суреrасеае), қоңырбастар тұқымдасы (Grаmіnае, Роасеае) жатады. Тұқымдастардың тұтастай бір қатары тек Австралияға ғана тән. 300-дей түрді папоротник тәрізділер түзеді. Келесі флористикалық облыстағы секілді, бұл жерде өсімдіктер қауымдастықтарының ксерофитті типтері қалыптасқан және олар негізінен басым болып келеді.

Каn (Сареnsis) облысы - ен кішкентай флоралық облыс, ол Африканын оитүстік-батыс бөлігінде орналасқан (Қызғылт өзеннен оңтүстікке қарай және шығыста Айдаһар тауына дейін). Осы аздаған территорияда жоғары сатыдағы өсімдіктердің көптеген түрлері кездеседі (15 мыңдай). Олардың 3 мыңнан астамы эндемдер болып келеді. Салыстыру мақсатында айта кеткен жөн, Евразия континентінің көптеген территориясын алып жатқан БОР-дың өзінде бары-жоғы 19 мындай-ақ жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлері өседі.

Антарктикалық, (Аntаrctis) флоралық облыс Оңтүстік Американың оңтүстік-батыс шетінде, Отты Жерде, Фолкленд арапдарында, сонымен бірге Тристан-да-Кунья, Кембелла аралдарында және т.б. Осыған дейінгі екі флоралық облыстарға керісінше бұл жерде ормандар басым болып келеді, ал ашық жерлерді - мүкті тундра алып жатады. Антарктикалық ормандардың флорасы түрлерінің саны жағынан бай болмайды. Мұнда 2 мыңдай өсімдіктердің түрлері еседі, олардың 75% эндемдер болып келеді. Антарктика аралдарының флорасы өте кедей болады. Олардың кейбіреулерінде жабық тұқымды өсімдіктердің бары-жоғы 20-25-тей ғана түрі өседі. Споралы өсімдіктер айқын басым болып келеді. Польша ботаник-географы В.Шафер жетінші - жерорта теңізі (Меdіtеrrаnіs) флоралық облысын бөледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет