1.Жылдамдығы ноль электронды, металлдан вакуумға жылдамдықты өзгертпей шығындауға қажетті энергияны шын шығу жұмысы (W) деп атайды.
2.Қатты денедегі Ферми деңгейінде орналасқан электронды Е=0 деңгейге ауыстыруға қажетті энергияны термодинамикалық шығу жұмысы деп атайды.
3. Ф-электронның термодинамикалық шығу жұмысы жартылай өткізгіштің температурасына, қоспа типі мен концентрациясына байланысты. Тесіктік жартылай өткізгіштік электронның шығу жұмысы электрондық жартылай өткізгіш электронның шығу жұмысынан тыйым салынған зона енінен артық болады.
4.Электронның шығу жұмысы термоэлектрондық ток тығыздығын анықтайды.
57. Контактілік потенциалдың айырмасы. Металл-металл контактісі. Металл жартылай өткізгіш контактісі.
1.Металдар түйіскенде, екі металдық кез келген нүктелер арасында сыртқы контактілер айырмасы деп аталатын потенциалдар айырымы пайда болады . Потенциалдық энергия секірмесі бір металдан екіншісіне термоэлектрондар ағынының теңдігін қамтамасыз етеді.
Контакт арқылы өтетін электрондар ағынының теңдігінен контактілер арасында ішкі контактілер айырмасы болатындығы шығады. Ол потенциалдық энергия секіруін тудырады (U/)
2.Ток жоқ кезде, металл көлемінде электр өрісі жоқтықтан барлық контактілік потенциалдар айырмасы жартылай өткізгіштің беттік қабатында түседі де, энергетикалық зонаның қисаюына және көлемдік зарядтың пайда болуына әкеліп соғады. Бұл процесс сыртқы өріс әсері секілді болады.
Энергия зонасының қисаюына термоэлектрондық эмиссиядан электрондармен алмасуы нәтижесінде металл мен жартылай өткізгіш түйістірген де де өзгермейді.
Жартылай өткізгіштен металлға электрондар өтуі үшін потенциалдық тосқауыл бар.
Болғандықтан, металл мен жартылай өткізгіш түйістіргенде сыртқы контактілер айырмасына тең ішкі контактілік потенциалдар айырымымен туады, ал ол өз кезегінде металл мен жартылай өткізгіш электронның шығу жұмыстарының айырмасына тең.
3.Егер жартылай өткізгіш беттік қабаты негізгі заряд тасушылармен байыса, онда ол қабат – анти бөгет (антижабушы) қабат деп аталады. Егер негізгі емес заряд тасушылармен байыса, онда – жабушы қабат деп аталады.
Егер негізгі емес тасушылармен көптен байып, өткізгіштік типі өзгерсе, онда қабат – инверстік болады. Ал, оның төменгі жағында физикалық - өте жатады.
4.Металл және жартылай өткізгіш контактісі арқылы ток өткенде негізгі емес тасушылар өріске тартылып тепе – теңсіздік тасушыларға айналады. Нәтижесінде инжекция экстракция және т.б. пайда болып жартылай өткізгіш көлемдік қасиеті өзгереді. Осы себептен, жартылай өткізгіш физикалық өлшеулерде компенсациялық әдістер пайдаланылады.
5.Егер контакт негізгі емес тасушыларды инжекцияласа онда – түзеткіш контакт деп аталады.
6.Егер контакт негізгі емес тасушыларды экстракцияласа немесе аккумуляцияласа онда – түзеткіш емес контактілер деп аталады.
7.Егер контактіде және көлемде ток құрылымы бірдей болса –Омдық контакт деп аталады.
8.Екі денені түйістіргенде электрондар Ферми деңгейі үлкенінен (шығу жұмысы кіші) кішісіне (шығу жұмысы көп) өтеді.
Ағын Ферми деңгейлері теңескенде тоқтайды.