Физика кафедрасы



бет29/76
Дата29.12.2022
өлшемі6,09 Mb.
#60139
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   76
Байланысты:
БАЛАМАЛЫ ЭНЕРГИЯ кешен жаңа форма-2017 (10)

ОБСӨЖ тапсырмалары: Фотон энергиясының формуласы. Электромагниттік сәулелену шкаласында көрінетін жарық жиіліктерінің мәндері
СӨЖ тапсырмалары: Металдың кристалл торына жұтылған фотондарда тудыратын өзгерісі. Сыртқы және ішкі фотоэффект құбылысы.
Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Жабудаев Т.Ж. Гидроэнергетические установки. Бишкек, 2009.

  2. Колтун М.М., Полисан А.А., Шуров К.А. Солнечные элементы и батареи. Итоги науки и техники. Сер. Генераторы прямого преобразо-вания тепловой и термической энергии в электрическую.М., 1989.

  3. Койшиев Т.К. Математическое моделирование и автоматизация

проектирования оптических систем солнечных электростанций/
Алматы., 2004.

  1. Койшиев Т.К. Қайта жаңғырылатын энергия көздері/ Алматы., 2001.

  2. Койшиев Т.К. Жаңғыртылатын энергия көздері/ Алматы., 2013.



Лекция №5
Геотермальды энергия және мұхиттың жылулық энергиясын түрлендіру принциптері. Энергияны жинақтау және алыс қашықтықтарға тасымалдау


Лекция жоспары:
1. Геотермальды энергия.
2. Мұхиттың жылулық энергиясын түрлендіру принциптері.
3. Энергияны жинақтау және алыс қашықтықтарға тасымалдау.
Лекция мақсаты мен міндеттері: Геотермальды энергия және мұхиттың жылулық энергиясын түрлендіру принциптерімен таныстыру. Энергияны жинақтау және алыс қашықтықтарға тасымалдау жолдарынмен таныстыру, түсіндіру.
Лекция мазмұны: Геотермалды энергияны ең алғаш 1904 жылы Итальян П. Джинони Конти гетермалды құрғақ бу сұйық қоймасының қолданылуымен алынды.
Бірінші АҚШ-та коммерциялық геотермалды электр стансасы электр энергияны 1960 жылдарнан бастап өндіре бастады.
Жылу мен қамдау үшін гетермалды энергияны қолдану Исландия, Жапония Филиппинде, Францияда, ҚХР, Венгрия, Жаңа-Зелландияда көп таралған [6,9,11,26,43].
ТМД елдерінде температурасы 100...150°С жерасты құйынды жүйелерді жасау үшін қолданылатын жылудың энаргетикалық әлеуеті болжаммен 70 миллард т.ш.о. құрайды.
Дегенмен оны игеру үшін жаңашыл өндіріс базасын жасауды немесе үлкен масштаптағы импорттық құрылғыларды сатып алуды талап етеді.
Бүгінгі таңда 58 мемлекет өздерінің геотермалды қор жылуын тек электр энергия өндірісіне емес, сондай-ақ жылу түрін пайдаланып отыр.
Ванна және бассейіндерді ысыту үшін - 42 % қолданады.
Қазіргі уақытта геотермалды энергия көздерін табуға негізінде фонтан (бұрқақ) әдісі қолданылады.
Қазақстанның геотермалды әлеуеті өте үлкен. Үңгіме сағасындағы көптеген арынды көздердегі судың температурасы 40-100°С. Олардың республика аумағындағы сұйытылған қоры шартты отынның 100 млрд. тоннасын құрайды, бұл елдің мұнай мен газының жинақты қорынан асып түседі.
Геотермалды көздердің көпшілігі негізінен Батыс Қазақстанда (75,9%), Оңтүстік Қазақстанда (15,6%) және Орталық Қазақстанда (5,3%) орналасқан [6, 9,11].
Орналасқан жері бойынша геотермалды сулар Іле ойпатында, Сырдария, Ертіс, Маңғышлақ-Үстірт, Шу-Сарысу, Келес және Зайсан артезиан бассейндерінде ашылған. Іле ойпаты аясында өнеркәсіптік болашағы бар, сонымен қатар Алматы және Жаркенттік артезиан бассейндерін атауға болады. Сол бассейндердің арынды, минералдануы төмен суларының температурасы 40-100 °С, бұл электр энергиясын өндіру мен жылумен жабдықтаудағы өзінің артықшылығын тағы бір рет көрсетеді. Бассейндердің қоры сәйкесінше 106,5 және 216 млрд. текше м, бұл шартты отынның, шамамен 1,8 млрд. тоннасына эквивалентті [8,48].
Сырдария артезиан бассейнінің энергетикалық потенциалы ауқымды, қоры 470,3 млрд. текше м. және арынды сулардың температурасы 30-75°С және одан жоғары.
Қазақстанның оңтүстік өңірін жылу және энергиямен жабдықтау мәселелерін шешуде Келес артезиан бассейнінің болашағы зор, оның қоры 120,5 млрд. текше. м. және арынды сулардың температурасы 40-85 °С [1,44]. Әртүрлі экономикалық себептерге байланысты еліміздің геотермалды ресурстары энергия көздері ретінде әзірше жұмылдырыла қойған жоқ. Шағын көлемде олар бальнеологияда және бақшалық дақылдарды суаруда қолданылады. Алайда өздерінің потенциалды мүмкіндіктеріне қарай олардың болашағы керемет, өйткені олар міндетті түрде Батыс және Оңтүстік Қазақстан энергиясының негізгі көздері болатыны анық.
Электр энергиясын және жылуды геотермалды көздерден алу мүмкіндігі әлі күнге әлемде кең жариялана қоймаған, таулы ортада жасанды баламасын алу бойынша жаңа идеясын өмірге келтірді. Егер шикізаттың энергия көзіне айналу сатысын ескерсек, онда мұнайды, газды және көмірді өндіру мен өңдеу, уранды ыдырату тек қана жылу және атом электр станцияларының турбиналарын айналдырып, электр энергиясын шығаратын аса қызған бу түріндегі соңғы өнімді алу үшін ғана өндіріледі. Бірақ оларды өндірмесе де болады, ал аса қызған буды дайын күйінде жер асты жасанды геотермалды көздерден алуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет