Дарынды балаларды қазақ тілінен олимпиадаға дайындаудың тиімді жолдары



бет1/3
Дата26.11.2023
өлшемі175,97 Kb.
#128434
  1   2   3
Байланысты:
баяндама дарынды бала


Дарынды балаларды қазақ тілінен олимпиадаға дайындаудың
тиімді жолдары

Дарынды оқушылармен жұмыс жасау мәселесі қазіргі қоғам үшін өзекті болып, бүгінгі мектептерге жоғары талаптар қойылып жатыр. Дарын – бұл табиғаттың берген сыйы болса, оқушы бойындағы жылт еткен сәулені сөндіріп алмай, әрі қарай шыңдау – ұстаздың кәсіби біліктілігіне байланысты. «Дарынды оқушы – ұлт болашағы» десек, әр мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады.


Ал бүгінгі мектепке қандай талап қойылады деген сұраққа жауап бере білсек,
біріншіден, барлық пән бойынша жақсы білім беретін, оқушының функционалды сауаттылығын қылыптастыратын, түлектерін жоғары оқу орындарына оңай түсуіне көмектесетін мектеп. Екіншіден, мектеп қоғам талабына сай жаңашыл білім беруі қажет. Үшіншіден, мектепте әр баланың жеке қабілеті мен бейімділігі ашылып дамытуы керек деп ойлаймын. Баланы жеке тұлға ретінде құрметтеп, онымен тек сабақ үстінде ғана емес, сонымен қатар қосымша айналысуы керек.
Қазіргі кезде балалар дарындылығын арттыру үшін көптеген жұмыстар істелінуде. Солардың ішінде дарынды оқушылар арасында оқу пәндері бойынша өткізілетін олимпиадалардың орны ерекше. Пәндік олимпиадаға оқушы таңдауда, менің ойымша, ең алдымен, бала бойынан пәнге деген басым қызығушылығын, оның бойынан туа біткен қабілетін көре білу қажет.
Жалпы пәндік олимпиадалар мектеп оқушыларының пәнге деген қызығушылығын тудырумен бірге, олардың білімін бағалаудың әділ жолы болып табылады. Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептер бойынша өзге ұлт оқушылары арасында қазақ тілінен пәндік олимпиада өткізудің басты мақсаты - дарынды оқушыларды іріктеу, қазақша жазылғанын, айтылғанын түсініп, өз ойын жеткізе білетін балаларды анықтау, білім мен тәрбие берудің оңды жолдарын іздестіру.
Осы орайда, мен олимпиадаға оқушыларды дайындаудағы өзіндік іс-тәжірибемді ортаға салғым келеді.
Ең алдымен, қыркүйек айында, өз сабақтарымда деңгейлік тапсырмалар, тест арқылы оқушылардың арасынан пәнге деген қабілеті бар балаларды анықтап, онымен жұмыс жасау жоспарын құрастырамын.
Жұмыс жоспары мынадай жүйелеу кезеңдеріне бөлінеді:
1. кезең  Ерекше қабілетті оқушыларды анықтау. (тест, деңгейлік тапсырмалар, сөйлесу арқылы)
2. кезең Оқушы қабілеттілігінің бағытын анықтау (шығармашылық қабілет, ауызекі сөйлеу, жазу, есте сақтау қабілеттерін)
3. кезең Ой өрісін дамыта түсу үшін жұмыс жүйесін құру (мәтінмен жұмыс жасау негізінде құрамын)
4. кезең  Дарынды оқушылардың жетістіктері (мониторинг)

Өзіме осындай талап қоямын.


 Ең бірінші пәнге деген қызығушылығы бар оқушыны анықтап алу;
 Дайындық жоспарын құру;
 Тиімді технологияларды қолдану;
 Оқушының әрбір тақырыпты жан-жақты меңгеруіне жағдай жасау;
 Оқушының іздену, есте сақтау дағдыларын қалыптастыру;
 Оқушылырға шығармашылықпен жұмыс істеу үшін тапсырмалар дайындау;

Олимпиада резервтерін дайындауда ең алдымен оқушының пәнге қабілетін анықтап, бесінші сыныптан бастап дайындаған тиімді нәтиже береді. Дайындық жұмыстары жүйелі түрде, оқушының жас ерекшелігіне сай біртіндеп күрделендіріліп отыруы керек.


Әдістемелік тақырыбым: «Мәтін арқылы оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту» болғандықтан сабақта мәтінмен жұмыс жасауға баса назар аударамын.
Мәтінді жан-жақты меңгеріп, жүйелі жұмыс жасаған оқушы өзінің сөйлеу тілін дамытады.
Қазақ тілі сабағының негізгі міндеттерінің бірі - мәтін арқылы тіл дамыту жұмыстары болса, оқушылар қазақ тілінде дұрыс сөйлеп, оны тәжірибеде дұрыс қолдануы үшін мәтін оқу,грамматикасымен танысу, өз беттерінше жұмыс жүргізу сияқты әдістер арқылы сол тілдің байлығын, дұрыс сөйлеу, жазу заңдылықтарын меңгереді демекпін.
Сондыктан сейлеу тілін мәтін аркылы жаттыктырып, жаттығулар жүйесінде дамытып, тілдің негізін калыптастыру үшін мына төмендегі жағдайлар карастырылды.
1. Мәтінге такырып беру.
2. Мәтінді такырыпшаларға бөлу.
3. Мәтіндегі басқы, ортаңғы, соңгы ойларды анықтау.
4. Мәтінге жоспар жасап, ол бойынша тараушаларды анықтау.
5. Мәтінді толыктырып, не қысқарта білу.
6. Мәтінді баяндай білу, басталар, аяқталар ойды дұрыс жеткізу.
7. Жоспар бойынша мәтін мазмунын әңгімелеу.
8. Мәтіндегі сөздермен түрлі жұмыс жасап, сөздік қорды толықтыру.
9. Мәтін бойынша шығармашылық жұмыс:
- мәтінді диалог, сұқбат түріне ауыстыру;
- мәтін бойынша мазмұндама жазу;
- мәтін бойынша тест сұрақтарын құрау;
- мәтінді әңгіме түрінде әңгімелеп беру.

Сабағымда мәтінді оқығанға дейінгі жұмыс, мәтінмен жұмыс, мәтінді оқығаннан кейінгі жұмыстарды орындатамын. Яғни, ең алдымен мәтінге байланысты жаңа сөздермен оқушыларды таныстырамын, сол сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыра отырып, синоним, антонимдерін жазып, басқа сөздермен түсіндіртіп әр түрлі жаттығулар беремін.


Ал, мәтінмен жұмыста мәтінді мәнерлеп оқуы, оқушылардың абзац бойынша оқулары, мәтінді аудару, мәтінді қысқаша мазмұндау, сұрақтарға жауап беру және т.б.
Мәтінді оқығаннан кейін келесі жұмыс түрлерін орындатамын: оқушылар берілген мәтінге жоспар құрастырады, мәтінге ат қояды, диалог құрастырады, мәтіннің мазмұнын жоспар бойынша айтады және әр сабақта мәтінді өткеннен кейін сабақты бекіту үшін кластер құрастыруға, тест тапсырмаларын орындатуға, венн диаграммасын, сөзжұмбақтарды шешу жұмыстарын да өткізуге болады. Осы жоғарыда айтылған теориялық бөлікті кейбір тапсырмаларын тәжірибе жүзінде былай жүргіземін:
1.Сұрақ-жауап»
Мәтінді тыңдатып, бір біріне сұрақ қояды. Өздерінің жауаптарынан мәтін құрады. Құрастырған мәтіндері мен аудиомәтінді қайта тыңдап, салыстырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет