3. Пойызға асыққан жолаушы бірінші сағатта 3,5 км жүргеннен кейін, осы жылдамдықпен жүре берсе пойызға 1 сағат кешігетінін есептеп білді. Ол қалған жолды 5 км/сағ жылдамдықпен жүре отырып, пойызға 30 минут ерте келді. Жолаушы қанша км жол жүрген?
А) 21 км; В) 20 км; С) 25 км; D) 19 км; E) 22 км.
4. Зауыт трубасы көлеңкесінің ұзындығы 40 м, ал уақыттың сол мезгілінде ұзындығы 1,5 м вертикаль бағанның көлеңкесінің ұзындығы 2 м болды. Зауыт трубасының ұзындығын табыңыз.
А) 32 м; В) 30 м; С) 24 м; D) 28 м; E) 15 м.
5. Өзен жағасында орналасқан А және В пункттерінің ара қашықтығы 10 км. А пунктінен шыққан қайық өзен ағысының бойымен жүзіп В пунктіне келді де, кідірместен кері қайтты. Егер қайықтың тынық судағы жылдамдығы 3 км/сағ болса, онда А-дан В-ға жету үшін В-дан А-ға жетуге кеткен уақыттан 2 сағ 30 мин кем уақыт жүрген болар еді. А пунктінен В пунктіне 2 сағатта жету үшін қайықтың тынық судағы жылдамдығының қандай болуы қажет?