43. Қаламның бір данасын 8 теңгеден сатса 30 теңге зиян шегеді, ал 10 теңгеден сатса 20 теңге пайда түседі. Барлығы қанша қалам болған?
A) 30; B) 28; C) 27; D) 25; E) 24.
44. Оқушы күніне бірдей беттен оқи отыра 480 беттік кітапты оқып шықты. Егер ол күніне 16 беттен артық оқыған болса, онда ол кітапты 5 күн ертерек оқып шыққан болар еді. Оқушы кітапты қанша күнде оқып бітірген?
A) 10 күнде; B) 13 күнде; C) 32 күнде; D) 15 күнде; E) 48 күнде.
45. Белгілі жұмысты бір ұста 12 күнде, сол жұмысты екінші ұста 6 күнде бітіреді. Екі ұста бірігіп сол жұмысты неше күнде бітіреді?
46. Бір жылқы мен екі сиырға күн сайын 34 кг шөп беріледі, ал екі жылқы мен бір сиырға 35 кг шөп беріледі. Күн сайын бір жылқыға қанша кг және бір сиырға қанша кг шөп беріледі?