Жауабы: Е) 3000 га.
A) 2600 га; B) 2700 га; C) 2800 га; D) 2900 га; E) 3000 га.
24-мысал: Сүттің 21%-і қаймақ болады, ал қаймақтың 24%-і май болады. 630 кг май алу үшін қанша сүт керек?
Шешуі: х (кг) сүт алу керек болсын. Сонда ондағы қаймақ 0,21х (кг), ал одан шығатын май (кг) болады.
Есептің шарты бойынша мынадай теңдеу шығады:
Демек, 630 кг май алу үшін 12500 кг сүт қажет.
Жауабы: D) 12500 кг.
A) 11500 кг; B) 12200 кг; C) 12300 кг; D) 12500 кг; E) 12600 кг.
25-мысал: Екі санның қосындысы 120-ға тең. Егер біреуінің 40%-і екіншісінің 60%-не тең болса, осы сандарды табыңдар.
Шешуі: Айталық х –бірінші сан болсын, онда екінші сан (120-х) болады.
Сонда есептің шарты бойынша мынадай теңдеу шығады:
Демек, бірінші сан 72-ге, ал екінші сан 48-ге тең.
Достарыңызбен бөлісу: |