Әлем таныған Әуезов Қара сөздің қаймақ етіп ырысын



Дата29.11.2022
өлшемі8,38 Kb.
#53589

Әлем таныған Әуезов

Қара сөздің қаймақ етіп ырысын.


Айқара ашқан Әдебиетің тынысын.
Мұхтар ата мойындатқан әлемді,
Ұлылардың ішіндегі ұлысың.

"Еңлік, Кебек" пьесаң ашып бағаңды.


Аренада, жарып бүкіл ғаламды.
"Абай жолы" романың құн жетпес,
Ғаламторға "Дара шың" боп қаланды.

Даңқы шығып Герман, АҚШ төрінде.


Ізі қалып, Жапон, Үнді елінде.
Ұлтқа ұстаз, профессор атанып,
Дәріс берді Мәскеу уни.верінде.

Ел рухын ұлықтаумен ұлы аға.


Баға жетпес құт қалдырып мұраға
Тәлімімен Әдебиеттің айдынын,
Толқындатты біздің Мұхтар ғұлама.

Демі бітіп, тоқтағанда жүрегі.


Пайғамбарлық жасқа толған жылы еді
Ел көзінен кеткенменен жырақтап,
Ата даңқы: мәңгі өмір сүреді.

Насыр Асылжан


107Б Ом

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет