19. Екі жұмысшы бір ауысымда 72 деталь дайындады. Бірінші жұмысшы еңбек өнімділігін 15%-ке, ал екіншісі 25%-ке арттырған соң олар бір ауысымда 86 деталь дайындап шығаратын болды. Әрбір жұмысшы еңбек өнімділігін арттырғаннан кейін қанша детальдан шығарғанын табыңдар.
A) 40 деталь; 36 деталь; B) 42 деталь; 38 деталь; C) 44 деталь; 40 деталь;
D) 46 деталь; 40 деталь; E) 48 деталь; 44 деталь.
20. Жаңадан жұлынып терілген таңқурайдың 85%-і су, ал құрғағының 20%-і су болады. 36 кг жаңадан терілген таңқурайдан қанша кг құрғақ таңқурай алуға болады?
A) 6,35 кг; B) 6,45 кг; C) 6,55 кг; D) 6,65 кг; E) 6,75 кг.
21. Қазіргі кезде қалада 48400 тұрғын тұрады. Қала тұрғындары жыл сайын 10%-ке өсіп отыратындығы белгілі. Қалада екі жыл бұрын қанша тұрғын тұрған еді?