A) 36 000 тұрғын; B) 37 000 тұрғын; C) 38 000 тұрғын; D) 39 000 тұрғын; E) 40 000 тұрғын.
22. Шалғышылар бригадасы бірінші күні шабындықтың жартысын және 2 га, ал екінші күні шабындықтың қалған бөлігінің 25%-ін және соңғы қалған 6 га шөбін шапты. Шабындықтың ауданын табыңдар.
A) 16 га; B) 18 га; C) 20 га; D) 22 га; E) 24 га.
23. Бір санның 5% және екінші санның 4%-і 46-ға тең, ал бірінші санның 4%-і және екінші санның 5%-і 44-ке тең. Осы сандарды табыңдар.
A) 500; 300; B) 550; 350; C) 600; 400; D) 640; 420; E) 660; 440.
24. Тауардың құны 25%-ке артты. Тауардың алғашқы бағасын шығарып алу үшін оның жаңа бағасын қанша процентке төмендету керек?
A) 15%; B) 18%; C) 20%; D) 22%; E) 25%.
25. Тік бұрышты параллелепипедтің ені мен ұзындығын 10%-ке арттырып, ал биіктігін 10%-ке кемітсек, онда оның көлемі қанша процентке артады?