Физикалық География грек тілінен аударғандағы мағынасы: гео-жер графо-жазамын



бет44/90
Дата04.10.2022
өлшемі170,98 Kb.
#41278
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   90
Қазақстанның шаруашылығы

  1. Қазақстанның өнеркәсібі 2 саладан тұрады: 1) ауыр өнеркәсіп, 2) жеңіл өнеркәсіп

  2. Өндіріс құрал-жабдықтарын шығаратын салаларды біріктіреді: ауыр өнеркәсіп

  3. Ауыр өнеркәсіп салалары «А» тобы: отын өнерсәібі, энергетика, түсті металлургия, қара металлургия, машина жасау, химия өнеркәсібі, құрылыс өнеркәсібі

  4. Халық тұтынатын тауарларды өндіретін жеңіл өнеркәсіп пен тамақ өнеркәсібінен тұрады: жеңіл өнеркәсіп

  5. Жеңіл өнеркәсіп «Б» тобы: тоқыма, тігін, былғары, аяқ киім, полиграфия

  6. Тамақ өнеркәсібі: ет, нан, ұн тарту, кондитерлік бұйымдар, балық, май айыру, қант

  7. Ауыр өнеркәсіп, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік және коммуникация, сауда, қоғамдық тамақтандыру жатады: өндірістік салаларға

  8. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым, демалыс мекемелері, коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй шаруашылығы жатады: өндірістік емес салаларға

  9. Адамдардың күнделікті өміріне қажет тұрмыстық және рухани қажеттерін қамтамасыз етеді: өндірістік емес салалар

  10. Қазақстанның өнеркәсібінде бүкіл өнеркәсіп өнімінің 70%-ын беретін: ауыр өнеркәсіп



Қазақстанның отын-энергетика кешені

  1. Қазақстанның отын-энергетика кешені негізгі 2 саладан тұрады: отын өнеркәсібі, электр энергетикасы

  2. Көмір, мұнай, газ өндіруден тұрады: отын өнеркәсібі

  3. СЭС (су электр станцияларында), ЖЭС (жылу электр станцияларында), АЭС (атом электр станцияларында) электр энергиясын өндіруден тұрады: электр энергетикасы

  4. Көмір, мұнай, газ, судың құлау күші, ядролық энергия көздері жатады: энергетикалық ресурстарға



Мұнай өнеркәсібі

  1. Қазақстанда ең алғашқы мұнай фонтаны атқылады: 1899 жылы

  2. Елімізде мұнай кен орындары шоғырланған неше маңызды алап бар: 14

  3. Доссор кен орны игеріле бастады: 1911 жылы

  4. Мақат кен орны игеріле бастады: 1915 жылы

  5. Каспий қайраңында шамамен: мұнайдың қоры – 7 млрд. т, газ конденсаты – 1,6 млрд. т, табиғи газ – 5,9 трлн. м3

  6. Каспий қайраңының ірі кен орындары: Қашаған, Құрманғазы, Ақтоты

  7. Маңғыстаудың ірі кен орындары: Атырау,_Ақтөбе,_Батыс_Қазақстан,_Қызылорда_облысында_орналасқан'>Қаламқас, Қаржамбас (Бозащы түбегі)

  8. Еліміздегі мұнай мен газдың негізгі қорлары: Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда облысында орналасқан

  9. Республикамызда ең алғаш салынған мұнай өңдеу зауыты қай қалада жұмыс істейді: Атырау

  10. Елімізде 3 мұнай өңдеу зауыты жұмыс істейді, олар: Атырау, Шымкент, Павлодар мұнай өңдеу зауыттары

  11. Шымкент және Павлодар мұнай өңдеу зауыттары шикі мұнайды Омбы-Павлодар-Шымкент мұнай құбыры арқылы келетін қандай кен орнымен жұмыс істейді: Батыс Сібір мен Қызылорда облысындағы Құмкөл мұнай кен орындарымен жұмыс істейді

  12. Еліміздегі сапасы жөнінен жоғары бағаланатын мұнай: Ембі мұнайы (Себебі ондағы мұнайдың құрамында күкірт пен парфин аз)

  13. Құрамында күкірт жоқ, қарамай аз, парфин мөлшері көбірек болып келеді: Маңғыстау алабының мұнайының

  14. Мұнай өңдеуден қалған қатты қалдық: гудрон

  15. Мұнай өңдеуден қалған сұйық қалдық: мазут

  16. Әлемдегі ірі мұнай кен орындарының бірі болып саналады: Атырау облысындағы Теңіз кен орны

  17. Теңіз кен орнын игеру мақсатында бірлескен қандай компания құрылды: «Теңізшевроил»





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет