Дүние жүзінің табиғат ресурстары
Адамзаттың өзіне қажетті материалдық және рухани игіліктерімен қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын табиғат байлықтары: табиғат ресурстары
Табиғат ресурстары: агроклиматтық, минералдық, су ресурстары, жер ресурстары, рекреациялық, биологиялық
Отын-энергетикалық ресурстар (көмір, мұнай, газ), кенді пайдалы қазбалар (металдар), кенсіз пайдалы қазбалар (тұз, фосфор, асбест), құрылыс материалдары (құм, саз, қиыршық тас, мәрмәр, т.б.) жатады: минералдық ресурстарға
Сарқылатын, қалпына келмейтін ресурстарға жатады: минералдық ресурстар
Жылу, ылғал жатады: агроклиматтық ресурсқа
Сарқылмайтын табиғат ресурстары: климаттық ресурстар
Жерасты сулар, мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер, мұздықтар, т.б. жатады: су ресурстарына
Сарқылатын, қалпына келетін ресурс: су ресурстары
Жердің су қабатында тұщы судың мөлшері: 2,5%
Тұщы судың басым бөлігі жинақталған: Антарктида, Гренландия, Арктика мұздарында
Егістік, бау-бақша, шабындық, жайылым, ормандар мен бұталар, елді мекендер, өнеркәсіптік және қалалық жерлер, пайдалануға жарамсыз жерлер (мұздар, батпақ, шөлдер, т.б.) жатады: жер ресурстарына
Сарқылатын, қалпына келетін ресурс: жер ресурстары
Жер қоры аз, халқы тығыз қоныстанған кейбір елдер: теңіз жағалаулары есебінен жер қорларын толықтыруда (Жапония, Нидерланды)
Өсімдіктер мен жануарлар, сарқылатын, қалпына келетін ресурс: Биологиялық ресурстар
Дүние жүзіндегі 2 орман белдеуі бар, олар: солтүстік орман белдеуі, оңтүстік орман белдеуі
Қоңыржай және субтропиктік белдеуде орналасқан және қылқан жапырақты ормандар басым (АҚШ, Ресей, Финляндия, Швеция, Канада): солтүстік орман белдеуі
Экваторлық және тропиктік белдеулерде орналасқан, белдеуде мәңгі жасыл тропиктік ормандар басым, бірақ олардың ауданы күннен күнге кемуде (Латын Америка, Азия, Африка): Оңтүстік орман белдеуі
Африка өзінің орман ресурстарының неше пайызын жоғалтты: 50%
Латын Америкасы мен Азия өздерінің орман ресурстарының неше пайызын жоғалтты: 40%
Демалыс пен туризмге қажетті ресурстар болып есептеледі: рекреациялық ресурстар (рекреация – қалпына келтіру)
Теңіз жағалаулары, көрікті жерлер, таулы туризм аудандары, мәдени-тарихи орындар, табиғат ескерткіштері, емдік саз балшықтар жатады: рекреациялық ресурстарға
Дүниежүзілік мұхит ресурстарына кіреді: минералды, биологиялық, су-энергетикалық ресурстар
Онда барлық химиялық элементтер болғандықтан, мұхиттың минералды сулары деп бірінші кезекте атауға болады: мұхит суын
Мұнай мен газдың біршама қоры шоғырланған: Мұхиттың қайраңдық бөліктерінде
Дүниежүзілік мұхиттың су-энергетикалық ресурстары ретінде пайдаланады: мұхит суының толысу және қайтуы энергиясы
Біршама толысу энергиясы ресурстарына ие елдер: Ресей, Франция, Канада, Ұлыбритания, Аустралия, Аргентина, АҚШ
Мұхиттар мен теңіздерде тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар: мұхиттың биологиялық ресурстары
Адам тұтынатын теңіздік өнімдердің 85%-ын құрайды: балық
Ғалымдардың есептеуінше мұхиттың биологиялық ресурстары қанша адамды асырауға жетеді: 20 млрд.
Күн мен жел энергиясы, геотермальды ресурс (гейзерлер), су-энергетикалық ресурс жатады: энергетикалық ресурстарға
Сарқылмайтын табиғат ресурстары: энергетикалық ресурстар
Жер бетіне жететін Күн энергиясын пайдаланудың тиімділігі зор: тропиктік белдеудегі шөлді елдерде
Адамдар ежелден пайдаланып келе жатқан қоңыржай ендіктердегі жел энергиясының басты кемшілігі: тұрақсыздығы
Достарыңызбен бөлісу: |