Физиканы оқыту әдістемесі пәні бойынша дәріс конспектілері



Pdf көрінісі
бет19/46
Дата27.11.2023
өлшемі9,84 Mb.
#129712
түріКонспект
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   46
Жұмыс және қуат. 
Оқушылар бұл тақырыпты өткенге дейін жұмысты 
адамның 
әр 
түрлі 
еңбегі 
деп 
түсінеді,мысалы:дене 
жұмысы,ой 
жұмысы,творчестволық жұмыс,т.б. Сондықтан мұғалім сабақта жұмыс ұғымының 
ғылымдағы мазмұнын ашып көрсете білуі тиіс.
Оқушыларға күш әсерінен денелердің қозғалыс жылдамдығының 
өзгеретіндігі,деформацияланатындығы бұрыннан белгілі.
Енді күш әсерінің нәтижесінде едендегі гирді стол бетіне дейін көтеруге
серіппені сығуға, орындықты жылжытуға болатындығын, бұл жағдайларда 
механикалық жұмыс істелгендегі айтылады. Күш әсер еткенімен барлық 
жағдайларда жұмыс жасалына бермейтіндігі түсіндіріледі,мысалы:жіпке ілулі 
тұрған жүк, столға қойылған гир,сығылған немесе созылған серіппе, инерциямен 
қозғалып бара жатқан дене.
Механикалық жұмыстың әр түрлі мысалдарын қарастыра отырып, оның 
негізгі белгілерін анықтау қажет. Жұмыстың негізгі белгілері түскен күш пен орын 
ауыстыру екендігін жақсы ұғып алуы тиіс. Орын ауыстыру болмаса
-
жұмыс жоқ, 
түсірілген күш болмаса да –жұмыс жоқ. Оқушылар жұмыстың әсер жасаушы күш 
пен жүрілген жолға байланысты болатындығы жөнінде қорытынды жасауы керек.
Келесі кезекте сан мәндері берілген нақты мысалдар арқылы жұмыстың күш 
әсер ететін ара қашықтықпен байланыстылығы тағайындалады. Ол үшін тақтаға екі 
оқушы шақырылады. Олардың біреуіне 1кг гирді, ал екіншісіне 5кг гирді еденнен 
стол үстіне көтеру тапсырылады. «Кім көп жұмыс істеді?» деген сұраққа оқушылар 
дұрыс жауап береді.Сонан соң екі 5кг гир алынады. Оқушылардың бірінші гирді 
еденнен көтеріп столға қояды, екіншісі
-
орындыққа қояды. Жоғарығыдай қойылған 


Ф КазНПУ 0703
-03-18 (1). 
Пәннің оқу
-
әдістемелік кешені. Екінші 
басылым
.
оқушылар қиналмай жауап береді. Столдың және орындықтың биіктіктері метрлік 
сызғышпен өлшенеді. Осыдан мынадай қорытынды жасалады:жұмыс әсер етуші 
күшке де және осы күштің әсер етуімен жүрілген жолға да байланысты. Жұмыстың 
екі шаманың көбейтіндісі арқылы өлшенетіндігі айтылады.
Қуат бірлігі ретінде ватт, киловатт, мегаватт қолданылатындығы айтылады. 
Одан әрі өмірден және техникадан қызықты мысалдар келтіріледі. Мысалы:қуаты 1 
кВт двигатель 20 адамның жұмысын бір өзі орындайды,космос корабльдерін 
орбитаға шығаратын ракета двигательдің қуаты 14 млн.
кВт
-
қа жетеді. Бұл дүние 
жүзіндегі ең қуатты электр станса болып табылатын Красноярск ГЭС
-
нің қуатынан 
2,3 есе артық.Қуат ұғымын оқып үйренуге байланысты двигательдердің қуатын 
анықтайтын лабораториялық жұмыс өткізіледі.Жұмысты орындау жөніндегі 
методикалық нұсқау оқулықта берілген.
N=F*v формуласын арнайы ендірудің қажеті жоқ,оны белгілі таңдап алынған 
есептердің шешуін қорытындылау нәтижесінде шығарып алуға болады.Ол 
формуланың көмегімен тракторлардың, автомобильдердің, электровоздардың, 
тепловоздардың қуатын анықтау жеңіл екендігін айту қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет