2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 21 қазандағы латын графикасы негізінде қазақ тілі әліпбиін жетілдіру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында 40-тан астам нұсқасы, сондай-ақ қазақ тілінің емле ережелерінің жобалары мен пернетақтадағы әріптердің орны қаралған еді. Жетілдірілген әліпбиде әріп саны-31
Назар аударыңыздар
Әә (Ää), Өө (Öö), Үү (Üü) умлаут ( ̈ )
Ұұ (Ūū) макрон (ˉ )
Шш (Şş) седиль ( ̧ )
Ғғ (Ğğ) бревис ( ̆)
Ерекше әріптер
Умлаутпен: Әә (Ää), Өө (Öö), Үү (Üü)
Умлаут ( ̈) (нем umlaut) – дауысты дыбыстардың жіңішке айтылуы. Бұл – кейбір тілдерде (мысалы, герман тілдерінде) грамматикалық тәсіл ретінде қолданылады.
Ерекше әріптер
Макронмен: Ұұ (Ūū)
Макрон (ˉ) таңбасы халықаралық әліпбиде жуан дауыстыны белгілеуде пайдаланылады.
Седильмен: Шш (Ş ş)
Седильмен: Шш (Ş ş)
Седиль (Ş ş) – әзірбайжан, өзбек, түркімен, түрік және т.б. тілдердің әліпбилерінде қолданылатын диакритикалық белгі. Бұл белгі негізінен тіл алды ызың, қатаң дауыссыз «Ш» дыбысын таңбалау үшін жиі қолданылады әрі халықаралық фонетикалық әліпбидегі стандарттық тұрпатына сәйкес келеді.
Бревиспен: Ғғ (Ğğ)
Бревиспен: Ғғ (Ğğ)
Бревис Ғғ (Ğğ) – латын графикасы негізінде түркі халықтарының әліпбиінде қолданылатын диакритикалық белгі. Бұл белгі негізінен қысқа дыбыстарды таңбалау үшін қолданылады
И-жүйесі (И, Ы, І) бойынша тапсырмалар Оқылым И-жүйесі (И, Ы, І) бойынша берілген мәтінді неше минутта оқығаныңызды көрсетіңіз
3. Tereŋ tärbіelık mänı bar, ataly oі men astarly aqіqatty meŋzeіtın ruhani bailyğymyzdyŋ bırı – maqal-mätelder.
Жазылым Өлеңді латын әліпбиінде жазыңыз.
Ең бірінші бақытым – Халқым менің, Соған берем ойымның алтын кенін. Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын, Қымбатырақ алтыннан нарқым менің. Ал екінші бақытым – Тілім менің, Тас жүректі тіліммен тілімдедім. Кей – кейде дүниеден түңілсем де, Қасиетті тілімнен түңілмедім. Бақытым бар үшінші – Отан деген, Құдай деген кім десе, Отан дер ем! ... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба? Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.
Сұраққа жауап беріңіз.
1 Латын әліпбиімен мәтінді оқығанда көп уақыт жұмсадыңыз ба?
2 Умлаут белгісі бойынша қандай әріптер жазылады?
Латын әліпбиінде «ш» әрпін жазу ыңғайлы ма ?
Латын әліпбиімен сөздерді жазуда әріптерді оңай меңгердіңіз бе?
Жетілдірілген әліпби бойынша өз пікіріңізді білдіріңіз. __________________________________________________________________________________________