|
Электрлік синапстардың (эффапс) физиологиялық қасиеттері
|
бет | 6/7 | Дата | 15.02.2023 | өлшемі | 3,26 Mb. | | #68104 |
| Байланысты: Қозғыштық. Бұлшықет. Жүйке физ (1)Электрлік синапстардың (эффапс) физиологиялық қасиеттері . - Қозуды электр тоғы арқылы өткізеді
- Қозуды екі жаққа өткізеді
- Лабильдігі жоғары
- Синапстық кідіру жоқ (саңылау тар)
- Тек қозуды өткізеді .
№1.2 дәріс - Тақырып: «Бұлшықет жиырылуы, механизмы.
Дәріс жоспары: - 1. Бұлшықеттің құрылымдық және функционалдық маңызы.
- 2. Бұлшықеттің физиологиялық қасиетттері.
- 3. Бұлшықет жиырылуының түрлері.
- 4. Бұлшықеттің жиырылуы мен босаңсуы туралы қазіргі ілім.
- 5. Еттің қажуы.
Бұлшықет тінінің түрлері: - Бұлшықет тінінің түрлері:
- 1. Көлденең жолақты қаңқа бұлшықеті;
- 2. Көлденең жолақты жүрек бұлшықеті;
- 3. Бірыңғай салалы бұлшықет.
- Қаңқа бұлшықетінің қызметтері:
- - адам дене қалпын сақтауға қатысады;
- - дененің кеңестікте қозғалысын қамтамасыз етеді;
- - дене бөліктерінің бір-біріне салыстырмалы түрде қозғалысын қамтамасыз етеді;
- - жылу көзі болып табылады (жылу реттеуге қатысады).
Бұлшықеттің физиологиялық қасиеттері - 1. Қозғыштық – бұлшықеттің тітіркендіргішке қозып жауап беруі;
- 2. Өткізгіштік – бұлшықет бойымен қозудың өтуі;
- 3. Жиырылу – бұл қозу кезінде ұзындығы немесе кернеуінің өзгеруі;
- 4. Эластикалық (созылғыш, майысқақ) – жиырылудан кейін бұлшықеттің бастапқы пішініне келуі;
- 5. Автоматия - бұл тіннің сырттан тітіркендірусіз өзінде пайда болатын серпіністер арқылы қозуын айтамыз.
- 6. Пластикалық – бұл ұзындығы өзгерген пішінін біраз уақытқа дейін сақтау.
- Қозуды өткізу жылдамдығы:
- -көлденең жолақты қаңқа еті – 3,5-14 м/сек;
- -көлденең жолақты жүрек еті – 0,5-1м/сек;
- -бірыңғай салалы еттері– 0,5мм - 5-10см/сек.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|