Физиологические свойства мышц и нервных волокон. Учение Н. Е. Введенского о парабиозе
бет 1/7 Дата 15.02.2023 өлшемі 3,26 Mb. #68104
Байланысты:
Қозғыштық. Бұлшықет. Жүйке физ (1) №1 дәріс Тақырып: : «Қозғыштық. Қозғыштықтың көрсеткіштері. Биоэлектрлік құбылыстар». Дәріс жоспары: 1. Қозғыш тіндердің физиологиялық қасиеттері. 2. Қозғыштықтың көрсеткіштері (қозу табалдырығы – реобаза, пайдалы уақыт , аккомодация , лабилдік). 3. Қозғыштық , оның кезеңдері. 4. Қозғыш тіндердегі электрлік құбылыстар. Қозғыштық – бұл тірі тіндердің тітіркендіргіштерге қозу үрдісімен жауап беруі. Қозу – бұл физиологиялық , биофизикалық , биохимиялық және құрылымдық өзгерістермен сипатталатын тіндердегі күрделі үрдіс. 1. Қозу табалдырығы – қозу үрдісін (яғни минималды жауап реакциясын) тудыратын тітіркендіргіш күшінің ең аз мөлшерін айтады. - Реобаза – қозу тудыратын токтың минималды күші (Вольт). 2. Пайдалы уақыт – табалдырық күшпен әсер еткенде қозуды тудыратын ең аз уақыт. 3. Хронаксия – тінді қоздыратын екі реобазаға тең күш әсерінің ең қысқа уақыты. 4. Аккомодация – қозғыш тіннің ток күші үдеуіне бейімделуі. Күш үдеуінің ең аз уақытымен өлшенеді. 5. Лабилдік – тітіркендіру жиілігіне сәйкес бір секунд ішінде пайда болатын қозудың ең жоғарғы (максималды) санын айтады. - жүйке тіні: - 500-1000 имп/сек; - абсолюттік рефрактерлік кезеңі – 1-2 мсек. - бұлшықет: - 250-330 имп/сек; - абсолюттік рефрактерлік кезеңі – 4-5 мсек - синапс: - 100-125 имп/сек; - абсолюттік рефрактерлік кезеңі – 8-10 мсек. «Күш – уақыт» қисығы (Гоорвег, 1892 ж.; Вейс, 1901 ж.; Лапик, 1909 ж.) 1 – реобаза; 2 – екі реобаза. а – пайдалы уақыт; б – хронаксия. 1. Абсолюттік рефрактерлік кезең. Бұл кезеңде тін ешқандай тітіркендіргішке жауап бермейді. Бұл кезеңнің ұзақтығы: - жүйке талшығында – 1-2 мсек; - бұлшықетте – 4-5 мсек; - мионевралды синапста – 8-10 мсек. 2. Салыстырмалы рефрактерлік кезең. Бұл кезеңде табалдырық күшінен жоғары тітіркендіргішке жауап реакциясы туады. 3. Супернормалды кезең. Бұл кезеңде , тін, табалдырықтан төмен күшкеде жауап береді. 4. Субнормалды кезең. Бұл кезеңде тіннің қозғыштық қосиеті күрт төмендейді де, табалдырық күшінен жоғары тітіркендіргішке жауап береді. Достарыңызбен бөлісу: