Фонетика жєне оныњ салалары



бет19/80
Дата09.05.2022
өлшемі475,64 Kb.
#33450
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   80
Дауыссыз дыбыстар – айтылған кезде өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан болған дыбыстар. Дауыс-сыз дыбыстар үн мен салдырдан немесе тек салдырдан тұрады.

Дауыссыздардың кейбіреулері дауыстың (үннің) қатысуы-мен жасалса, қайсыбіреулері дауыстың қатысуынсыз жасалады. Осыған орай, дауыссыздарды қатаң, ұяң, үнді деп бөлу дәстүрі қалыптасқан. Қатаң дауыссыздар дауыс шымылдығының жиы-рылып қысылмай шығуы арқылы үннің қатысынсыз, салдыр арқылы жасалады. Ал ұяң дауыссыздарды айтқанда, дауыс шы-мылдығы үн шығарарлық қалыпта келіп, салдыр мен үннің қа-тысынан жасалады. Қатаң дауыссыздар мен ұяң дауыссыздар бір-бірінен үннің бірінде болуы, екіншісінде болмауы жағынан емес, сонымен бірге салдырдың қатысы жағынан да ажыраты-лады. Атап айтқанда, қатаң дауыссыздарда салдыр басым бола-ды да, ауаның қарқыны басым келеді. Сондықтан да оларды кей-де қарқынды немесе күшті дауыссыздар деп атау кездеседі. Ал ұяңдарда ауаның қарқыны баяу болғандықтан, оларды әлсіз дауыссыздар деп те атайды. Алайда бұл екі құбылыс тілдердің бәріне бірдей тән емес.

Дауыссыздар жұмсақ таңдайдың қалпына қарай ауыз жол-ды және мұрын жолды дауыссыздар болып екіге бөлінеді. Арти-куляциялық жолына қарай салдыр дауыссыздар шұғыл және ызың болып жіктеледі. Шұғыл дауыссыздарды айтқанда, дыбыс-тау мүшелері бір-біріне жабысады да, бірден кілт ажырасып ке-теді де, соның нәтижесінде ауа үзіліп, шұғыл шығады. Оларды эксплозив дауыссыздар деп те атайды. Ал ызың дауыссыздар дыбыстау мүшелерінің жымдасуынан емес, тек өз ара жуысуы-нан және соның нәтижесінде ауаның сүзіліп шығуынан жасала-ды. Оларды фрикативтер деп те атайды. Қазақ тілінде ызың жә-не шұғыл дауыссыздардың ерекшеліктерін бірдей қамтыған да-уыссыз дыбыстар да кездеседі. Оларды аффрикаттар деп те атайды.

Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар – консонантизмдер (лат.consonans – дауыссыз дыбыс) сан және сапа жағынан әбден зерттеліп, айқындалып, бірізге түсіп болған жоқ. Жоғарыда дыбыс, фонема туралы түсініктен бір ғана т-ның төрт түрлі рең-де кездесетінін байқадық. Атап айтқанда: жуан езулік, жіңішке езулік, жуан еріндік, жіңішке еріндік. Осындай қасиет у-дан басқа дауыссыздардың бәрінде де бар. Ал у тек жуан еріндік және жіңішке еріндік түрінде ғана ұшырайды. Мұны алғаш анықтаған Ә.Жүнісбековтің айтуынша, (қазақ тіліндегі консо-нантизмдер жүйесі 17 сингармотиптен немесе 66 сингармода-уыссыздан құралады». Басқаша айтқанда, 17 үндеспе, 66 үндес дауыссыз бар деген сөз. Олар б, ғ-г, д, ж, з, й, қ-к, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ш. Бұлардың қатарында өзімізге мектептен таныс в, ф х, ћ, ц, ч дыбыстары жоқ. Жоқ болатыны, бұлар – жолдан қосыл-ған, байырғы сөздерде жоқ, кірме дыбыстар. Осы тұжырымын ол «Строй казахского языка. Фонетика» (1991ж.) деп аталатын еңбекте одан әрі бекіте түседі (10-бет). Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың саны сонау Н.Ильминскийден кешегі 40-жылдар-ға дейін көбіне 19 делініп келді. Рас, кейде текстер мен сөздік-терде қ, ғ алынбай, к, г-мен берілетін жағдайы кездеседі. Сон-дай-ақ й, у (кейде р, л) дыбыстарын А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы және басқалар жарты дауысты түрде таныға-ны белгілі.

50-жылдардан бері қазақ тілі оқулықтарының бәрінде бір ауыздан 25 дауыссыз аталып, әбден бауыр басып, үйренісіп кеттік. Жоғарыда Ә.Жүнісбеков шеттеткен в, ф, х, ц, ч дыбыс-тары негізінен орыс сөздерімен бірге баса көктеп келгені анық. Фонетиканың бас оқулығында академик І.Кеңесбаев: «Орыс гра-фикасы негізінде қазақ әдеби тіліне в, ф, ч, х тәрізді фонемалар енді», деп алады да, былай жалғастырады: «Екі тілде (қазақша, орысша) сөйлейтін қазақтар в, ф фонемаларын ешбір мүдірмей айта алады. Бұлар ана тілі дыбыстары есебінде қолданылып жүр. Ал х фонемасын қазақтың осы күнгі әдеби тіліне сіңісіп кеткен деуге болады». Қысқасы, орыс тілдеріндегідей айту, жазу өз күшінде тұрған қазіргі тұста в, ф, х, ц, ч фонемаларын елемеу мүмкін емес. Көне түркі жазба ескерткіштерінің Енисей, Орхон, Талас жазуларында бұл күнде бір фонема түрде таны-латын б, д, й, л, й, н, р, с, т дауыссыздары екі түрлі таңбалан-ған: жуан дыбыстармен қатар келгенде бір басқа, жіңішкелер-мен тіркескенде екінші түрде болған. Бұлардың қатарында қ, к, ғ, г де бар. Және соңғы төртеу кейінгі жазулардың көбінде дер-лік сақталған. Бұлардың өзгелерден жырылып қалып қоюы де тегін болмаса керек.

Н.Уәлиев мұны былай пайымдайды: «қ мен к фонеманың, атап айтқанда, к фонемасының жуан, жіңішке реңктері. Олай болса, бұлар неге бір ғана әріппен таңбаланбайды деген заңды сұрақ қоюға болады. Әрине, к де, қ да бір фонеманың әр түрлі реңкі екені даусыз. Бірақ бұл реңктердің бірі негізгі, екіншісі қосалқы деуге болмайды, к фонемасының к, қ реңктерінің, г фо-немасының ғ, г реңктерінің тепе-тең болуы өзге дауысссыздар-дан олардың өзіндік ерекшелігі деуге болады».

Азын-аулақ ерекшеліктерді ескермегенде, қазақ тілі мен орыс тіліне ортақ дауыссыз фонемалар – он бес: б, г, д, ж, з, й, к, л, м, н, р, с, т, ш. Қазақ тілінде бар, орыс тілінде жоқ дауыс-сыздар – бесеу: ғ, қ, ң, у, ћ. Қазақ тілінде бұрын болмаған, орыс тілінен енген дауыссыздар бесеу: в,ф, х, ц, ч.

Дауыссыз дыбыстардың қазақтың төл сөздерінде қолда-нуында біршама өзіндік ерекшеліктер бар:

– сөз басында екі не одан да көп дауыссыз дыбыстар қатар тұрмайды;

– л, р дауыссыздары сөз басында кездеспейді;

– сөз соңында ұяң б, г, ғ, д дауыссыздары кездеспейді;

– сөз ішіндегі дауыссыздар көршілес дауыстылармен үн-дес дыбысталады, яғни көрші дауысты жуан болса, дауыссыз жуан, ал жіңішке болса – жіңішке айтылады.



Қ мен к, ғ мен г дыбыстарын І.Кеңесбаев жеке-жеке фоне-ма деп қарастырса, Б.Тайлақбаев, Ә.Жүнісбек, С.Татубаев бір фонеманың екі түрлі дыбысталуы деп қарастырады. Соңғы жыл-дардағы экспериментті фонетикалық әдістермен жүргізілген зерттеулердің нәтижесі к, г дауыссыздарының жасалу орнына қарай тіл ортасы, ал қ, ғ, ң дауыссыздарының кішкене тіл арқы-лы артикуляцияланатынын көрсетті. Олар осы күнгі қазақ фо-нетикасында тіл арты дауыссыздары деп қате қарастырылып жүр. ң дауыссызының тіл ортасы арқылы жасалатын жіңішке тү-рі бар (ең, іңір). Жазуда Ћ кездескенмен айтылуда көбінесе х бо-лып дыбысталады. щ әрпі де орыс тіліндегідей жеке дыбыстың емес, сс, тт, ққ, тәрізді қос шш дауыссыздарының белгісі: ащы, тұщы,т.б.

Дауыссыз фонемалар акустика-артикуляциялық ерекшелік-теріне қарай үшке жіктеледі:

1. Дауыстың (салдырдың деуге де болады) қатысына қарай дауыссыздар әдетте үшке бөлінеді:

а) үнділер: л, м, н, ң, р, й, у

ә) ұяңдар: б, в, г, ғ, д, ж, з

б) қатаңдар: п, ф, к, қ, т, ш, с, х, ћ, ц, ч

¦яңдар мен қатаңдарды үнсіздер деп бөлу дәстүрі де кез-деседі.

Алфавит тәртібін жақсы білген жағдайда дауыссыздардың бұлай жіктелуін есте сақтау қиындық туғызбайды. Алғашқы 10 әріптің үшеуі (а,ә,е) дауыстылардың, қалған жетеуі ұяңдардың таңбасы болып шығады. Жеті ұяңның жеті қатаң сыңарын жақ-сы білу керек. Яғни б, в, г, ғ, д, ж, з, п, ф, к, қ, т, ш, с. Үнділер – жетеу. Үш жерде жеті – 21. Қалған дыбыстар (х, ћ, ц, ч) қатаң-дардың қатарынан орын алады. Бұлардың бір-бірінен айырмасы дауыстың және салдырдың қатысуы дәрежесіне байланысты. Сонда үнділер дауыс басым да, салдыр аз; ұяңдарда керісінше, салдыр басым да, дауыс аз болады. Ал қатаң дауыссыз тек сал-дырдан жасалады. Дауыссыздарға дауыстың қатысу дәрежесін білудің маңызы зор. Осыны білгенде ғана бала-ға, қыз-ға, ат-қа, ас-қа дегендерге неге қосымша ғ, қ түрінде жалғанады, ақ ешкі, қара қой айтуда неге ағешкі, қарағай болып кетеді деген сұрақ-тарға нақты жауап беруге болады.


2. Дауыссыздарды айтылу (ауаның шығу) жолына қарай да үш топқа бөлуге болады:

а) шұғыл (эксплозив) дауыссыздар: п, б, т, д, к, г, қ, ц, ч, м, н, ң

ә) ызың (фрикатив) дауыссыздар: ф, в, с, ш, ж, з, х, ғ, ћ, л, й, у

б) діріл дауыссыз – р

Шұғыл фонемалары айтқанда дыбыстау мүшелері біріне-бірі жабысып, ауа кілт үзіледі де, содан соң шұғыл қайта жалғасады. Ал ызыңдары айтқанда дыбыстау мүшелері біріне-бірі жуысып, ауаның жолын барынша тарылтады, бірақ ауа біржола үзілмей-ді, сыздықтап, сүзіліп шығады. Діріл дауыссыз (р) тіл ұшының дірілдеуінен пайда болады.
3. Жасалу немесе айтылу (артикуляциялық) орнына қарай дауыссыздар алдымен мынадай топқа бөлінеді:

а) Ерін (билабиаль) фонемалары: п, б, м (у);

ә) Тіс пен ерін (лабиальденталь) фонемалары: ф,в;

б) Тіс (денталь) фонемалары: т, с, з, д, ц;

в) Тіл ұшы (альвеоляр) фонемалары: н, л, ч;

г) Тіл алды (палаталь) фонемалары: р, ш, ж, й;

ғ) Тіл ортасы (препалаталь) фонемалары: к, г;

д) Тіл арты (веляр) фонемалары: қ, ғ, ң, х;

е) Көмей (фарингаль) фонемасы: ћ.

Ерін фонемалары іштей еріндік (п, б, м, у) және ерін мен тіс (в, ф) болып бөлінеді. Еріндіктерді айтқанда, екі ерін біріне-бірі жабысып (п, б, м) немесе дөңгелене жуысып (у) тұрса, ерін мен тіс дыбыстарында астыңғы ерін үстіңгі тіске жуысады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет