Фонетика жєне оныњ салалары



Pdf көрінісі
бет49/97
Дата16.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#25625
түріСабақ
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   97
Тасымалдау ережелері:

1. Сөз ішінде дауыстылардан кейін келген у,й дыбыстары сол сөзді буындағанда, өзінен кейінгі дауыстымен бірігеді

де,  буынның бірінші  әрпі  болады. Мысалы.  та-уық,  қа-йық,  баянда-уыш.  Бұл сөздерді  осы жікпен тасымалдағанда,  у,й

әріптері келесі жолда ғана жазылады.

2.   Екі,   кейде   үш   дауыссызға   аяқталатын   сөздерді     оларға   қосымша   жалғанып   тұрған   жерден   тасымалдағанда,

түбірдегі дауыссыздарды бөліп жіберуге болмайды: қарт-тар, театр-лар.

3. Түбір сөзде үш дауыссыз қатар келгенде, алдыңғы екі дауыссыз дыбыс алғашқы буын құрамына кіреді де, үшінші

дауыссыз келесі буынның басқы дыбысы болады: құ-мырс-қа, жұ-мырт-қа. 

35



4. Біріккен сөздер буын жігімен де, түбірлер жігімен де тасымалдана береді: бі-рыңғай немесе бір-ыңғай, өза-ра,

немесе өз-ара.

5. Орыс тілінен енген сөздерге қазақ тілінің қосымшалары жалғанғанда, олар буын жігіне қарай тасымалданады: ро-

лінде, съез-дің.

6. Сөздің дара дыбыстан тұратын бір буынын жазып келе жатқан жолда қалдыруға немесе келесі жолға шығаруға

болмай-ды: а-лақан емес, ала-қан, арми-я емес, ар-мия. Алғашқы буыны бір ғана дауыстыдан тұратын екі буынды сөздер

тасымалдан-байды: атом, эмаль, ақыр, отын, отыр.

7.   Қосар   әріптердің   орнына   жазылған   у,и   әріптері   бар   сөз-дер   буындалғанда,   келесі   буын   дауысты   дыбыстан

басталады және солай тасымалданады: су-ық, қу-ақы, ту-ынды, бу-ын, қи-ын.

8. Орыс тілінен енген сөздер де буын жігі бойынша тасымал-данады. Бұлардың ішінде  екінші, үшінші буындардың

да-уысты дыбыстардан басталатыны кездесе береді: про-ект, ро-яль. По-эма.

9. Тыныс белгілері жазып келе жатқан жолда қалдырылады.

10. Сан есімнен келетін қысқарған шартты белгілерді цифрдан бөліп тасымалдауға болмайды: 25 га, 15 см, 1987 ж.

11. Әріптерден қысқарған сөздерді өз ішінен бөліп тасы-малдауға болмайды: ЮНЕСКО деп бөлінбейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет