Фонетика жєне оныњ салалары



Pdf көрінісі
бет50/97
Дата16.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#25625
түріСабақ
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   97
                 

Сөздерді тасымалдауда кездесетін қиындықтар

 

          Қазақ тілі жалғамалы (агглютинатив) тіл болғандықтан кез-келген туынды сөз қосымша жалғану арқылы жасалады.



Ендеше қазақ тіліндегі түбір сөздің өзі болсын, немесе одан жасалған туынды сөз болсын көп буынды болып келе беретіні

заңды. Сөз-дің көп буынды болып келгеніне қарамай, қазақ тіліндегі буын жігі оңай табылады. Себебі табиғаты бөлек өзге

тілдердегідей, мысалы, орыс тіліндегідей бір буын құрамында бірнеше дауыс-сыз қосақталып жүрмейді, оның үстіне қазақ

тілінде бір сөздің құрамында екі дауысты қатар тұрмайды. Сөйтіп қазақ сөздерінің құрамындағы дауысты-дауыссыздардың

кезектесіп келіп отыра-тын жүйелі реті буынға бөлу мен тасымал жасауды жеңілдетеді. Мысалы, ба-ла-ға, бұл-бұл-дар, а-

та-ның, үй-де-мін  т.б. қазақ сөздеріндегі буындар жіпке өткізген моншақтай тізіліп тұра қа-лады. Мұның бастапқы сауат

ашу мен жазып-жаттықтыру әдіс-темесі үшін үлкен маңызы бар. Алайда қазіргі қазақ тілінің кей-бір емле-ережелеріне

сүйенетін болсақ, бір топ қазақ сөзінің қарапайым буын құрамы мен буын жігін қалтқысыз тауып беру өте қиынға түседі.

Әсіресе мектеп оқушылары мен ертең сол балаларға мұғалім болып баратын жоғары оқу орындарының студенттеріне қазақ

сөзін буынға бөлдіріп жаттықтыру, тасымал жасатып дағдыландыру бастан-аяқ қайшы ережелерге таңылып жүргізіледі. 

         Сонымен қазақтың бір топ сөздері буынға өзінің әдемі де әуезді ретімен жіктеліп, оп-оңай тасымалданып жатса, екінші

бір топ сөздері ешбір ыңғайға көнбей, іркіс-тіркіс шашылып жа-тады. Ондай бірыңғай ережеге бағынбайтын сөздердің

буынға бөлу мен тасымал амалын тек жаттатуға тура келеді. Ал мұндай әрекет әдістемелік тұрғыдан ұтымды болмайды,

мұғалімге тү-сіндіру қиын болса, оқушыға меңгеру ауыр болады.

Осындай буын құрамы мен тасымалы қиын сөздердің қа-тарына құрамында  и, у, я, ю  әріптері бар сөздер жатады.

Қазақ тілінің орфографиялық сөздігін ақтарып қарасақ, мұндай үлгі-дегі сөздердің саны қыруар. Ендеше әлі буыны бекіп,

бұғанасы   қатпаған,   айқыш-ұйқыш   емле-ережені   әлі   ой   деңгейінде   байып-тай   алмайтын   бастауыш   сынып   баласына

түсіндіріп,   оларды   жа-дында   сақтатудың   әдістемелік   амалы   не   болмақ?   Сауат   ашу   мен   жазып   жаттығу   буыннан

басталатынын ескерсек, осы бір ереже-лер тобының төңірегінде қатты ойлану керек болатын тәрізді.

Мысалы, ті-йін, т-йін, ты-йын, ты-ныс, қы-йын, құ-йын деп барлық сөзді біркелкі тәптіштеп буынға бөліп айтамыз,

осылай әбден құлағына сіңіріп аламыз. Сонан соң келеміз де ти-ін (тій-ін), тү-йін, ти-ын (тый-ын), ты-ныс, қи-ын (қый-



ын), құ-йын деп буынға бөліп жаз немесе тасымалда дейміз. Жаңа ғана біркелкі айтылып тұрған сөздер енді келіп әрі-сәрі

болып  кетті.  Бірі  қалай  айтып  дағдыландырдық,   солай  буынға  бөлініп,  солай тасымалданып  жатыр.   Ал  екінші   бір сөз

айтылуы бір бө-лек, жазылуы мен тасымалы бір бөлек болып кетті.

Келесі  у  әрпімен келген сөздер де дәл осындай шым-шы-тырық. Мысалы,  құ-уан,  құ-нан  деп буынға дұрыс бөліп

айтамыз да қу-ан (құ-уан), құ-нан деп буынға бұрыс бөлгізіп жаздырып, бұрыс тасымалдатамыз.

Ал я, ю әріптерімен келетін сөздердің түсінігі тіптен күрделі. Мысалы, сы-йа, қы-йұу деп айтқызамыз да си-я (сый-





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет