Ақсу ауданындағы «Қызылағаш» су бөгенінің ашылып кету салдарынан орын алған төтенше жағдайдың зардаптарын жою үшін әртүрлі көздерден 7,492 млрд. теңге келіп түскен. ҚР мемлекеттік материалдық қоры мен қайырымдылық ұйымдардан 245,3 млн. теңге көлемінде азық-түлік пен мүліктік заттар жеткізілген.

33 адамнан тұратын құтқарушылар тобы, су-құтқару қызметі, Талдықорған өңірі бойынша ауылды қорғау жедел тобы, Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері, ҚР ТЖМ мен ІІМ және басқа да топтар жұмыс істеді. 2820 адамқауіпсіз жерлерге көшіріліп, 385 адам құтқарылған.
Қысқа уақыт ішінде электр жарығы мен телефон байланысы, ауыз судың жеткізілуі қалпына келтірілді.
Қарағанды облысындағы Күзембаев атындағы шахтадағы көмір мен метанның кенеттен атылуынан көзге көрінбейтін табиғи фактор себеп болған. Осы шахтада 23 мамыр күні болған төтенше жағдайды зерттеген арнайы комиссия осындай қорытындыға келіп отыр. Комиссия мүшелерінің айтуынша, шахтада барлық техникалық қауіпсіздіктер сақталып, көмір мен метанның атылуының алдын алатын шаралар жүзеге асқан. Дәл төтенше жағдай болатын күні қазба бөлімінде 4 адам жұмыс істеген. Кейін анықталғандай, оның екеуі қаза болып, тағы екі шахтер өз беттерінше тысқа шыққаннан кейін жедел ауруханаға жатқызылған.