Фтизиопульмонология кафедрасы «Төтенше жағдайлары кезіндегі қорғану әдістері» тақырыбында ашық сабақ


Жер сілкінісі кезінде не істеу керек?



бет8/8
Дата02.12.2023
өлшемі5,54 Mb.
#132147
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Төтенше-жағдайлары-кезіндегі-қорғану-әдістері

Жер сілкінісі кезінде не істеу керек?

ҮРЕЙЛЕНБЕҢІЗ!

Ең маңыздысы — сабырлы болып, үрейсіз әрекет ету. Бірақ жылдам қозғалуыңыз қажет. Ретсіз іс қимыл жасамағаныңыз жөн, өйткені осыдан үрей туындайды. Балалар мен егде адамдардың қамын ойлаңыз (олардың кейбіреулері жылжуда қиыншылықтарға тап болуы мүмкін).

ТҰРҒЫН ЖАЙДА:

• газ, су, және жарықты сөндіріңіз;

• алдын ала таңдалған орында (іргелі ішкі қабырғалардың арасы, іргелі ішкі қабырғалардың бұрыштары, колонна жанындағы және каркас астындағы орындары) тығылыңыз;

терезеге жақындамаңыз;

• есік жақта үрейді туғызбай, лифтіні пайдаланбаңыз.

КӨШЕДЕ:

• ғимараттардан алысырақ ашық жерге барыңыз, үзілген сымдардан абай болыңыз; • ғимараттарға кірмеңіз.

КӨЛІКТЕ:


КӨЛІКТЕ:
  • • мүмкіндігінше тез арада ашық жерде тоқтаңыз;
  • • дүмпулер аяқталғанша көліктен шықпай, орныңыздан қозғалмаңыз;
  • • автобус жүргізушісі есікті ашып қоюы тиіс.

ЖЕР СІЛКІНІСІНЕН КЕЙІН:
  • сабырлылықты сақтаңыз, зардап шеккендерге көмектесіңіз; • радиоқабылдағышты қосыңыз, жергілікті биліктің, азаматтық қорғаныс штабының нұсқауларын қадағалаңыз; • аса қажеттіліксіз телефонды ұстамаңыз; • зақымдалған ғимараттарға аса қажеттіліксіз кірмеңіз; • жарақаттанбау үшін мықты аяқ киім киіңіздер, құтқарушы және басқа шұғыл жұмыстарға қатысыңыздар.

Жер сілкінісі кезінде қауіп-қатерді болдырмау үшін арналған жалпы ұсынымдар

• жиһаздың ауыр заттары құлайтын жерде ұйықтауға болмайды. Салмақты ауыр заттарды еденге немесе қабырғаға шегелеп қою қажет.

• биік сөрелерге ауыр заттарды қоймаңыз, өйткені олар құлап адамдарды жарақаттауы мүмкін.

• егер де жер сілкінісі түнде болса шамды даярлап қою керек.

• төтенше жағдайлар туындағанда жеткілікті көлемде ішетін су мен тағам болу керек.

• Әрбір адам әр түрлі жағдайларда әрекет ету жоспарын өзі жасау керек. Жер сілкінісі кезінде өзі және отбасы мүшелерінің әрекет ету жоспарын анық білу қажет. Және де жер сілкінісі кезінде сабырлылықты сақтаңыздар, лайықты іс жасап, ҮРЕЙГЕ ЖОЛ БЕРМЕҢІЗ!

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет