Г. Х. Демесінова, Х. Б. Мағзұмов тілдер типологиясының негізгі ұҒымдары



бет10/32
Дата06.01.2022
өлшемі318,5 Kb.
#12230
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32
Байланысты:
317 demesinova g.h. magzumov h.b. tilder tipologiyasinin negizgi ugimdari jogari okhu orindarinin til mamandikhtari studentterine arnalgan tipologiyalikh zertteuler negizderi

2.2.1.3 Ареалды типология

Ареалды типология белгілі бір аумақта немесе ареалды тілдік қасиеттердің таралу және жақындық тұрғысынан тілдік жүйелерді салыстырумен айналысады. Ареалды әдіс тілдердің өзінің және олардың сыртында тұрған мәдениеттердің өзара жерінің немесе оларға үшінші тілдердің ықпалының әсерінен құрылған ортақ элементтерді анықтау мақсатында туыстық дәрежесіне қарамастан тілдердің туыстуасуын қарастырады. Тілдердегі алмасқан элементтер, тілдік жалғаулықтар, қос тілділік осындай зерттеудің объектісі болып табылады. Лингвистикалық әдебиетте тіл білімінің осы бөліміне арналған түрлі терминдер бар: «ареалды лингвистика», «лингвистикалық география» т.б. Ареалды типологияның зерттеу шеңберіне төмендегі мәселелер енеді: а) диалекттер мен диалектілік шектеулерді зерделеу; ә) диалектологиялық карталар жасау; б) туыстас және туыстас емес тілдер жүйелерінде жекелеген белгілердің таралуын зерделеу; б) жекелеген тілдік өзгерістерді тіркеу және олардың таралуын зерделеу; в) жекелеген тілдік өзгерістерді тіркеу және олардың таралуын анықтау; г) неологизмдерді, архаизмдерді анықтау; ғ) тілдер-субстраттарды зерделеу; д) ауысқан түрлі жіктерді зерделеу; е) түрлі тілдердің өзара ықпалын зерделеу және басқалары.

Белгілі бір ареалда немесе мемлекетте тілдік қатынас, дүбара тілдер және басқалары ерекше қызығушылық тудырады. Ағылшын тілі варианттарының (Шотландияда, Ирландияда, Америкада, Азияда, Африкада) табиғатын, сол сияқты Pidgin English (Қытайда, Австрияда, Океанияда, Гавай аралдарында), Kroo English, Fanagalo English, Taki-Taki English типті дүбара тілдерінің мәртебесін анықтауға және басқаларына байланысты проблемалар даулы жағдайларға жатады.

Ареалды типологияның негізгі модификациялаушы факторлары:

а) іс-әрекет саласының ареалды шектеулігі;

ә) генетикалық жақындыққа индифференттілік;

б) жүйелік жақындыққа индифференттілік;

г) тіл-эталонның шектеулігі;

ғ) терең-беткі барабарлықтың болу мүмкіндігі;

д) салыстыруға стомарлық жол т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет