Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ 93-cypem



Pdf көрінісі
бет162/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   250
248


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
93-cypem .
¥рықтанған жұмыртқаның (зиготаның) спиральды бөлшектенуінің схемасы: 
А - төрт бластомер сатысынан сегіз бластомер сатысына өтуі; Б - сегіз бластомер 
сатысы; В - сегіз бластомер сатысынан он алты бластомер сатысына өтуі; Г - он алты
бластомер сатысы
4d - целомдық мезодерманы, ал қалғандары - энтодерманы (4а, 4в, 
4с; 1А, 1В, 1C, 1D; 2А, 2В, 2С, 2D; ЗА, ЗВ, ЗС, 3D; 4А, 4В, 4С, 4D). 
Бұл детерминативті даму.
Бөлшектену кезеңінің нәтижесінде - шар тәрізді ұрық бластула 
пайда болады. Осыдан екі қабатты ұрық гаструла қалыптасады да, 
ол дамып полихеттерге тән личинка трохофораға айналады.
Трохофораның денесі шар, эллипс немесе алмұрт тәрізді (94- 
сурет). Трохофораның анимальды (жоғарғы) полюсіндегі төбелік 
тақтаның үстінде ұзын кірпікшелерден тұратын айдары (султан), ал 
экваторлық полюсінде екі қатар кірпікшелі белдеушелері бар: біреуі 
ауыз үсті немесе прототрох, екіншісі 
ауыз асты - метатрох. Осы 
белдеушелері трохофораны екі жартыға бөледі - эписфера (үстінгі) 
және гипосфера (төменгі). Екеуінің арасында құрсақ жағында ауыз
249


ОМЫРТҚА СЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
94-сурет.
Polygordius-тың дамуы: А - трохофора; Б - трохофора метаморфозы;
I - аналь тесігі, 2 - артқы ішек, 3 - ортаңғы ішек, 4 - бұлшықеті, 5 - метатрох,
6 - прототрох, 7 - төбелік тақта, 8 - тебе айдары, 9 - ауыз тесігі, 10 - алдыңғы ішек, 
11 - трохофораның төменгі бөлігі (гипосфера), 12 - протонефридия,
13 - мезодермальды жолақ, 14 - мезобласт, 15 - диссепимент, 16 - целом
тесігі орналасқан, ол эктодермальды алдыңғы, қап тәрізді энтодер- 
мальды ортаңғы және қысқа эктодермальды артқы ішекке жалғасып, 
денесінің төменгі жағында аналь тесігімен аяқталады. Ішектің 
жанында протонефридиялары орналасқан, ал ішек пен терінің 
арасында бірінші қуыс. Артқы ішектің екі жанында мезодермалық 
жолақтардың негізін құрайтын, 4d микромердің ұрпағынан түзілетін 
екі ірі мезодерма клеткалары немесе алғашқы телобласт (мезобласт) 
клеткалары орналасқан.
Кірпікшелерінің көмегімен трохофора біраз уақыт судың жоғарғы 
қабатында жүзіп жүреді де, кейін су түбіне түсіп, метаморфозға 
ұшырап, келесі метатрохофора личинка сатысына ауысады. Мета­
морфоз өзгерісіне ұшыраған кезінде трохофораның үстіңгі эписфера 
жартысы метатрохофораның бас қалақшасына 
простомиумға 
айналады, төбелік тақтасының клеткалары ми ганглиясына, төменгі 
гипосфера жартысы созылып перистомиумға және үш сегментке 
Nereis, Pomatoceros туысында, ал қалғандарында 9-13-сегменттерге 
дейін бөлінеді. Сегменттерінде параподиялары, қылтандары дами 
бастайды. Сонымен катар трохофора ішегінің бүйірлерінде орна-
250


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
ласқан екі телобласт клеткалары тез бөлініп ұзарған мезодермалық 
жолақтарды тудырады да, олар сегменттерінің санына сәйкес тығыз 
орналасқан клеткалар тобына немесе сомиттерге бөлінеді. Кейін 
сомит клеткалары ішек пен теріге қарай ысырылып, ортасында целом 
қуысы пайда болады (94-сурет). Трохофораның артқы ұшы метатро- 
хофораның аналь қалақшасына немесе пигидиясына айналады.
Сонымен, сегменттелмеген алғашқы дене қуысы, протонефри- 
диялы жүйесі бар трохофора келесі личинкалық кезең метатрохо- 
фораға ауысады. Түзілген метатрохофора бас бөлімі (простомиум- 
нан, перистомиумнан), бірнеше ларвальдық (Larva личинка) немесе 
личинкалық сегменттен және кішкентай анальды бөлім пигидиумнан 
тұрады. Метатрохофора біраз уақыт суда жүзіп жүреді де, кейін 
ересек түріне айнала бастайды. Осы кезде пигидия (аналь) бөлімінің 
алдыңғы жиегінде өсу зонасы түзіледі. Өсу зонасының клеткалары 
үздіксіз бөлініп, жаңадан сегменттерді бере бастайды, бұлар ересек 
формасының сегменттері немесе постларвальды (ларвальды 
сегменттен кейінгі) сегменттері. Әрбір сегмент пайда болған сайын 
осу зонасы да соған ауыса береді.
Сегменттерінің әрқайсысының ішінде, ішектің екі жанында 
орналасқан сомиттерден целом қапшығы қалыптасады. Бұл өзінің 
дамып өсу кезінде біртіндеп бірінші қуысты ығыстырып шығарады 
(95-сурет). Осыған байланысты бірінші қуыс сомиттердің арасында, 
ішектің маңында ұзынша саңылаулар (синус, лакуна) түрінде қалады.
Целом қуысының арнайы қабаттары болады: теріге жанасатын 
париетальді кабаты немесе соматоплевра; ішекке 
висцеральды 
немесе спланхноплевра; ішектің үстіңгі және астыңғы жағыңда 
орналасқан арқа-құрсақ мезентериялар; екі сегменттің қуысы бір- 
бірімен түйіскен жерінде диссепимент құрылады. Осы қабаттардан 
клеткалар бөлініп, олардан ішкі мүшелер қалыптасады: соматоплев- 
радан 
бұлшықеттер, спланхноплеврадан 
ішек бұлшықеттері, 
мезентериялардан 
арқа-құрсақ қан тамырлары, диссепименттен 
жыныс воронкасы (целомодукт). Целом қуысы қалыптасып болтан­
ная кейін әрбір сегменттерінде параподиялары және ішкі мүшелері 
д амиды.
Сонымен, метаморфоз өзгерісінде екі түрлі сегменттер құралады: 
ларвальды және постларвальды. Бұлардың ерекше белгілері: 
ларвальды сегменттер ең алдымен және бір уақытта түзіледі, 
сегменттациясы сыртқы жағынан басталады, метанефридиялары 
және жыныс клеткалары болмайды; постларвальды сегменттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет