Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (оқу құралы) 2019 ж


Дәрінің әсері адам ағзасымен байланысы



бет18/153
Дата27.11.2023
өлшемі6,73 Mb.
#129748
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   153
Дәрінің әсері адам ағзасымен байланысы

  1. Жасқа байланысты.

Балалармен қарт кісілердің организімі дәрінің әсеріне өте сезімтал, сол себептен балаларға дәрінің мөлшері аз беріледі. Өйткені, дене салмағы аз, ферменттерінің күші төмен, наркотикалық, әсері өте кушті дәрілер берілмейді. Балалар өсіп дамыған сайын мөлшерді бірте-бірте көбейтеді. Қарт кісілерге орталық жүйке жүйесіне әсер ететін, жүрекке қолданатын, зәр жүргізетін дәрілердің мөлшерін азайтады.
2.Адам салмағына байланысты.
Кейбір дәрілер адам салмағына байланысты беріледі (1кг/салмағына есептеледі)
3. Жеке сезім қабілетіне байланысты.
Көп кісілерге әр түрлі дәрілер бір мөлшерде әр түрлі әсер етеді, бұл мөлшер адамның жеке генетикалық өзгешілігіне байланысты болуы мүмкін. Кейбір кісілерге дәрілер өзінің әсеріне ұқсас емес өзгерістер туғызуы мүмкін. Мысалы, туберкулезге қарсы препарат, изониазид (10-15%) полиневрит ауруын болғызады, осындай дәрілерге жат өзгерістер - «идиосинкразия» деп аталады.
4. Дәрінің әсері адам ағзасының күйіне байланысты.
Мысалы, қоздырғыш дәрілер ағзаның функциясы нашарлағанда оның функциясын қоздырады, кейбір дәрілердің әсері организмнің патологиялық қал жағдайына байланысты болады. Мысалы, дененің қызуын төмендететін дәрілер, тек дене қызуын басады.
Қайталап қолданғанда дәрінің әсерінің өзгеруі
Қайталап қолданғанда дәрінің әсері күшейу немесе азайуы мүмкін. Дәрінің әсерінің азайуы – дәріге дағдылану деп аталады, бұл жағдайда дәрінің мөлшерін көбейту керек. Кейбір дәрілер ағзада өте жәй сіңіп, шығарылады,ағзада жинақталады – бұл жағдай кумуляция деп аталады. Кейбір дәрілер қайталап қолданғанда ағзада жақсы сезім туғызады, күшті ынта пайда болады, дәрінің осы әсерін дәріге тәуелділік деп атайды, наркотикалық дәрілерге болады. Құмартушылық – эйфория тудыратын психотропты дәрілерді қабылдамаған кезде қалыпты өмір қызметі мүмкін емес, мінез қүлықтың өзгеруімен сипатталатын дәріні қайта қабылдауға ұмтылушылық. Эйфорияда қанағаттану сезімі, көңіл-күйдің жақсаруы, галлюцинация, жұмысқа қабілеттіліктің артуы немесе жеңіл тыныштану, жағымды әлсіздену, ауырсынудың жойылуы пайда болады. Бұл жағдайда психикалық тәуелділіктің қалыптасуымен қатар жүреді, яғни наркотикалық затты қабылдамау психикалық бұзылыстарға – депрессияға, мазасыздандыққа, ашуланғыштыққа, ұйқысыздыққа, қорқынышқа әкеледі. Егер үйреніп кеткен (наркотикалық) дәрілерді қолданбаса абстиненция жағдайы туады: ауру қатты күйзеліске түседі, жүректің, асқазан жұмысы, дем алысы төмендейді, жағдайы нашарлайды.Тахифилаксия (грек тіл. ауд.tachus –жылдам, phylaxis-сақтық) бірнеше сағаттың ішінде, жылдам пайда болатын дәріге үйренгіштік, көп жағдайда синапстың ұштарында медиатор қорының тасуынан болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет