Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (оқу құралы) 2019 ж


Дәрілердің биотрансформациясы



бет16/153
Дата27.11.2023
өлшемі6,73 Mb.
#129748
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   153
Дәрілердің биотрансформациясы
Дәрілер организмге еңгеннен кейін көп өзгерістерге түседі, бұл өзгерістер биотрансформация -деп аталады. Көп заттардың биотрансформациясы бауыр ферменттерінің (макросомальды ферменттер) әсерінен болады. Бұл ферменттердің күші адамның жасына, бауырдың жағдайына, басқа дәрілердің әсеріне байланысты. Мысалы, жаңа туған нәрестелерде, бұл бауыр ферменттері жетілмеген, сол себептен олар дәріге тез уланады. Жасы ұлғайғанда бауыр ферменттерінің күші төмендейді, сол себептен қарт адамдарға дәрінің мөлшерін аз беру керек. Ер кісілердің бауыр макросомальды ферментінің күші жоғары, әйелдерге қарағанда, өйткені фермент әсері ерлер жыныс гармондарымен қозады. Ал бауыр ауруларында, ол ферменттің күші азайады, сондықтан дәрінің мөлшері аз болу қажет.


Дәрілердің ағзадан бөлініп шығуы
Қолданған дәрілер белгілі уақыттан кейін биотрансформация нәтижесінде ағзадан бөлініп шығады.

  • Бүйрек арқылы (несеп арқылы), ал бүйрек ауруында ол дәрілер жинақталуы мүмкін.

  • Бауыр арқылы, өтпен, ішекпен шығады.

  • Секреттер арқылы, тері, бронх, қақырық.

  • Сүт безі арқылы, сондықтан улы дәрілер беруге болмайды

  • Жоғары тыныс жолдары арқылы.



Дәрілердің әсер ету түрлері

  1. Жергілікті – қолданған жерге әсер етеді (қызаруы, жансыздануы мүмкін), жергілікті анеститиктердің ықпалымен ауырсынуды, температураны сезудің жойылуы.

  2. Резорбтивті – қанға сіңгеннен кейін бүкіл ағзаға әсер етеді.

  3. Рефлекторлық – дәрілер ұлпадағы сезімтал нерв ұштарының рецепторларын қоздырып, жоғары жүйке жүйесіне барады да, нерв клеткаларын қоздырады.

  4. Негізгі әсер – дәрілердің ем ұшын қолданатын әрекеті.

  5. Жағымсыз әсер – дәрілердің терапевтік мөлшері ағзаға жақпауы.

  6. Тікелей әсері – тек қана бір ұлпаға немесе ағзаға әсер етуі, жүрекке қолданатын гликозидтер тек қана жүрек бұлшық етіне әсер етіп жұмысын жақсартады.

7. Тератогендік әсер -туа біткен даму ақаулықтары. Жүктілікке дейін және жүктілік кезіндегі
себептерге байланысты ақыл естің кемістігі және дене кемістігіне алып келетін
биохимиялық өзгерістер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет