Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет72/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   244
§23. Ұлы Жібек жолы
1.  сауда  жолдарының  қалыптасуы.  Адам- 
дар өте ерте заманнан ішкен-жегенінен ар-
тылғанын басқа өзінде жоқ керекті заттары-
на айырбастап алып отырған. Алғашқы кезде 
олар тұз, асыл тастар, алтын, емдік және хош 
иісті заттарды айырбас жасаған. Азық-түлікті, 
малды қола мен темір бұйымдарына, мал, аң 
терілерін матаға, т.б. заттарға айырбастады. 
Кейінірек біртіндеп өздерінде бар заттарды са-
тып, ал керекті нәрселерді ақшаға сатып алып 
отырған. Сөйтіп, алғашқы сау да орындары – ба-
зар мен жәрмеңкелер пайда болды. Ал бұның 
өзі қалалар мен халықтарды жақындастырды. 
Олардың бір-бірімен байланыс жасауына 
мүмкіндік туды. Сауда жолдары қалыптасты. 
Жолдар бір мемлекетті басқа елдермен байла-
ныстырды. Қала халқы мен көшпелі тайпалар 
көрші елдермен қарым-қатынас жасады. 
Оқулықтағы картаға 
назар аудар. Карта бо-
йынша Ұлы Жібек жолы 
Қазақстанның қан дай қа-
лалары  арқылы  өте ті нін 
анықта.


76


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет