1-кесте. Әлемнің он ірі қонақ үй тізбегі №
п/п
Қонақ үй тізбегінің аталуы
Кәсіпорын
саны
Нөмірлердің
жалпы саны
Кәсіпорындары
орналасқан елдер
саны
1
Hospitale Franchise
4400
435 000
6
2
Holiday Inn Wordwide, Atlante
2031
365 309
62
3
Choise Hotels International,
Silver Springs
3467
299 881
38
4
Best Western International,
Phoenix
3401
276 659
60
5
Accor, Paris
2205
252 887
73
6
Marrioti Hotels i Recorts,
Bethesda
898
186 656
27
7
ITT Sheraton Corp.,
Boston
417
129 937
61
8
Forte PLC,
London
959
98450
60
9
Hilton Hotels Corp.,
Beverly Hills
223
92 119
8
10
Carlson Hospitality Group,
Minneapolis
368
83258
39
Қонақ үй тізбектерінің санының өсуі, олардың бірігуі ұсыныстар мен
демалыстың көп түрлерінің төмендеуі туралы қате ойлар туындайды. Бірақ
тәжірибе жүзінде кері тенденция байқалады: тізбектердің таралуы туристердің
барлық әртүрлі талаптарын қанағаттандыра алмайды, бұл ерекшелік пен
қайталанбайтын қызметтер ұсынатын шағын тәуелсіз қонақ үйлердің дамуына
ықпал етеді. Мамандар осындай қонақ үйлерді ХХІ ғасырдың қонақ үйлерінің
пртотиптері деп санайды: ыңғайлы, теңгерілген бағаға қызмет ұсынатын,
жұмыс және демалысқа барлық қажеттілер бар орын. Шағын қонақ үйдің
ерекшелігі нарық саясатының басты құралы.
Соңғы онжылдықта жаңа компьютерлік технологияларды енгізу
қонақжайлық индустриясының профессионализмі мен кәсіпорын өнімділігі мен
ұйымдастыруын арттырды, бірқатар мәселелерді шешуге ықпал етті, қонақ үй
бизнесін жүргізу әдісін түбегейлі өзгертті.
Тұтынушылар сұранысын қанағаттандыруға ұмтылу әртүрлі тұтынушылар
қажеттілігіне бағытталған қолданбалы бағдарламаларды құрастыруға түрткі
болды. Бұндай бағдарламалардың бірі «Қонақ үй» («Отель») бағдарламасы
болып табылады. Ол қабылдау, орналастыру, тамақтану және қосымша
қызметтер ұсыну сияқты технологиялық үрдістерді автоматтандыруға арналған.