56
кезінде қажет.
Даяршының кәсіби шеберлігінің жоғарғы деңгейі тұтынушыларға қызмет
көрсетуде тәжірибе жинақтала беруден туындайды. Психологяи көзқарасынан
онда уақыт пен кеңістікте еңбек үрдістерін, тәсілдерін, қозғалыстарын
қабылдау қабілетінің дамитынын білдіреді.
Ес. Ес – адамның өз тәжірибесін есте сақтау және қайта еске түсірудің
психикалық үрдісі. Адаммен жиналатын өмірлік тәжірибе оның санасында
көрініс ретінде – заттар, адамдар немесе оқиғалар бейнесі ретінде сақталады.
Естің дамуы әрекеттегі қоздырғыш пен ағзаның сәйкес реакциясы арасында
уақытша байланыстың түзілуі мен нығаюынан тұрады. Бұл үрдіс келесі ретпен
жүреді: адамның бейнені қабылдауы (стимул қоздырғыш) – әрекет – уайымдау
– физиологиялық және биохимиялық құралдар көмегімен санада орнатылған
психикалық байланыстардың сақталуы. Көріністер үнемі аспаз енеме даяршы
жұмысында қажет. Мысалы, метрдотель даршыға сауда залында үстелдерді
шахмат ретте орнату қажеттілігін айтады. Бұл кезде оған сызбасын сызу қажет
емес, себебі әрбір даяршының шахмат тақтайы туралы түсінігі бар және соған
сәйкес жиһаздарды орналастырады.
Достарыңызбен бөлісу: