Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов



Pdf көрінісі
бет41/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   101
Темперамент – адамның психикалық үрдістерінің өту динамикасы және 
тәртібін анықтайтын, туа біткен индивидуалды психологиялық ерекшелігі. 
Алғаш рет темпераменттің психофизиологиялық мәнін И.П. Павлов түсіндірді. 


68 
Ол темперамент адамның жалпы сипаттамасы екенін орнатты. Сырттай 
темперамент мәні адам қозғалысының күші мен қарқынында, оның жүрісінде, 
интонациясы мен дайыс тембрінде көрінеді. И.П. Павлов іліміне сәйкес 
темпераменнттің физиологиялық негізі жоғарғы жүйке қызметінің типі болып 
табылады, олар екі негізгі жүфке үрдістері – қозу және тежелу, олардың 
теңгерілімі мен қозғалғыштығының туындауымен және өзара қатынасымен 
сипатталады. Жүйке үрдістерінің күші жүйке тіндерінің аса қозуы немесе ұзақ 
тежелуді өткізу қабілеті, яғни жүйке тіндерінің жылдамдылығын, жұмыс істеу 
қабілеті шегін анықтайды. Қозу және тежелу үрдістерінің теңгерілімі олардың 
пропорционалды қатынасын білдіреді. Әртүрлі адамдарда бұл екі үрдіс күші, 
теңгерілімі және өту қозғалғыштығы бойынша ажыратылады. Жүйке 
үрдістерінің күщі өте қиын жағдайларда да тұлғаның шыдамдылымен,
эмоционалды тұрақтылығымен сипатталады (мысалы тұтынушы шыдамсыз, 
себепсіз шағым айтуда). Жүйке үрдістерінің әлсіздігі эмоционалды 
тұрақсыздығымен сипатталады. Жүйке үрдістерінің ұстамдылығы қалыпты 
тәртіппен, ұстамсыздық – өзін-өзі бақылауды жоғалтуда, шыдамсыздықта 
көрінеді. Жүйке үрдісінің қозғалғыштығы жүйке үрдісінің бір күйден екінші 
күйге тез өтуімен сипатталады. 
Жүйке үрдістерінің әлсіздігі эоционалд тұрақсыздығымен сипатталады. 
Жүйке үрдістерінің ұстамдылығы қалыпты тәртіппен, ұстамсыздық- өзін-өзі 
бақылауды 
жоғалтуда,шыдамсыздықта 
көрінеді. 
Жүйке 
үрдістерінің 
қозғалғыштығы жүйке үрдістерінің бір күйден екінші күйге тез өтуімен 
сипатталады. Яғни қозу және тежелу жүйке үрдістерінде үш көрсеткіш: 
ұстамдылық, күш және қозғалғыштық бар. Осы көрсеткіштердің нақты 
үйлесіміне байланысты жүйке әрекетінің төрт типін ажыратады, олардың 
әрқайсысына өз ерекшеліктері бар белгілі-бір темперамент сәйкес 
келеді:сангвиник- қозу және тежелудің күшті ұстамды және қозғалғыш жүйке 
үрдістерімен сипатталады; холерик- қозу үлесі жоғары күшті және ұстамсыз 
жүйке үрдістері көбірек;флегматик темпераменті күшті ұстамды,бірақ 
инертті(аз қозғалғыш)жүйке үрдістерде көрінеді;меланхолик темпераменті- 
тежелуі көбірек әлсіз жүйке үрдістерімен сипатталады 
Сырттай адам темпераменті қозғалыс күші мен қарқынында, мимикада, 
интонацияда, дауыс тембрінде және т.б. көрінеді, бірақ ОЖЖ негізгі жүйке 
үрдістері – бұл жүйке жасушаларының қозу және тежелу үрдістері. Әртүрлі 
адамдарда олар үш көрсеткіш бойынша ерекшеленеді: күші, салмақтылық және 
қозғалғыштық.
Жүйке үрдістерінің күші белсенділікте көрінеді, әлсіздігі – аса 
шаршағыштықпен, эмоционалды тұрақсыздықпен сипатталады.
Үрдіс салмақтылығы адамның түзу тәртібінде, өзін -өзі ұстай алмауя – өз-
өзін бақылауды жоғалтуда, ұстамсыздықта көрінеді.
Үрдіс қозғалғыштығы жүйке үрдістерінің бір күйден екінші күйге 
(қозудан тежелуге және керісінше) өту жылдамдығы және адам көңілініе өзгеру 
нәтижесі ретінде көрінеді.


69 
Осы 
үш 
көрсеткіштердің 
белгілі–бір 
үйлесуіне 
байланысты 
темпераменттің төрт типін ажыратады: сангвиник, холерик, флегматик және 
меланхолик.
Жүйке жүйесінің күшті, байсалды және қозғалмалы типі сангвиник 
темпераментіне сәйкес келеді. Павлов оны «тірі» деп атады.
Холерик темпераменті – күшті, неуравновешенный, қозғалмалы. 
Салыстырмалы әлсіз тежелуден қозу үрдісі асып түседі.Павлов бұл типті 
«ұстамсыз» деп атады.
Флегматик типі жүйке жүйесі күшті, байсалды және аз қозғалмалы 
(инертті) типі бар. И.П.Павлов бойынша бұл темперамент типі «тыныш». 
Меланхолик темпераментіне: жүйке жүйесінің әлсіздігі, ұстамсыздығы 
және аз қозғалғыштығы тән. И.П.Павлов бұл типті «әлсіз» деп сипаттады.
Темперамент типтерінің сипаттамасы келесі кестеде келтірілген: 
Темперамент типтерінің сипаттамасы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет