Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов



Pdf көрінісі
бет50/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   101
Мораль нормалары адам тәртібін жеке әлеуметтік топ ішінде және 
жалпы қоғамда бақылау үшін қажет. Кез-келген қоғамда әртүрлі адамдардың 
әрекеттері мен қылықтары белгілі-бір мораль принциптеріне бағыну керек. Өз 
тәртібін мораль принциптерімен сәйкестендіре отырып, адам қоғам процессіне 
ықпал етеді. Қоғам белгілі-бір моральді ұстанып және тарата отырып, өз 
идеалына сәйкес тұлға қалыптастырады. Мораль әртүрлі қоғам қабатында 
әртүрлі.
Қазіргі заманғы тәжірибе көрсеткендей экономиканың, соның ішінде оның 
бөлігі – қызмет көрсету саласының тұтынушыларды (қонақтарды) да, 
өндірушілерді (рестораторларды, қонақ үй жұмысшыларын) де моральда 


78 
ағартусыз (оқытусыз) мүмкін емес. Сондықтан қазіргі уақытта маңызды мақсат 
жас адамдарды адамгершілікті идеалдар мен құндылықтарға сәйкес тәрбиелеу 
болып табылады. 
Моральдің құқықтан айырмашылығы оның талаптары тұрмыста дәстүр, 
әдет-ғұрып, жалпы қабылданған нормалар және т.б. түрінде бекітілген. 
Этика туралы жалпы түсінік. Этика (грек. ethos-әдет-ғұрып, өнеге) – 
мораль, оның пайда болу және даму ерекшеліктері туралы философиялық ілім. 
Этика мақсаты тәртіп нормаларын (адамгершілік кодекстерін) құрастыру
сонымен қатар белгілі-бір мораль жүйесін негіздеу. Мораль нормаларының 
ерекшелігі оның алдын-ала берілген ұйғарымдары жалпы қоғамдық сипатқа ие, 
оларды адам қатынасында әртүрлі жүйелерінде қолдану керек.
Этика нормативті ғылым болып табылады. Оны тәжірибелік (өнегелік) 
философиясы деп те атайды. Сондықтан этика мақсаты адамға өнегелі білімдер 
берумен қатар, онда өнегелі қылықтар жасауға әдет тәрбиелеуге ықпал етеді. 
Этика адамдар қылығын, олардың туындауға түрткі болған сепептерін 
зерттеуде психологиямен жанасады. Психология адамгершілік нормалары мен 
принциптерінің психикалық тегі мен қалыптасу шарттарын қарастырады, ал 
этика әрекеттер, себептер, әдеттердің адамгерілік мәнін түсіндіреді. 
Адамгершілік негізі адамның психологиялық ерекшеліктері – сезімдері
эмоциялары, санасы болып табылады, ал адамгершілік талаптары әр адаммен 
оның нанымдары арқылы ұғынады және қабылданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет