Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов


Мейрамхана және қонақ үйдің байланыс аймағы жұмысшысының



Pdf көрінісі
бет55/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   101
Мейрамхана және қонақ үйдің байланыс аймағы жұмысшысының 
кәсіби тәртібі. Кәсіби тәртіп байланыс аймағы жұмысшысын қонақтар ішінен 
бөлумен қатар, аса көп жүктемелерден жүйке жүйесін қорғау керек. 
Мейрамхана және қонақ үй жұмысшысына өзінің индивидуалды-
психологиялық ерекшеліктерін ескеріп кәсіби тәртіп жолын құру қажет. 
Мысалы, сангвиник жұмыстарда үлкен жауапкершілік, холерик – ұстамдылық, 
флегматик – белсенділік, меланхолик – эмоционалды тұрақтылық дамыту 
керек. 
Мейрамхана және қонақ үйдің байланыс аймағы жұмысшысының кәсіби 
тәртіп белгілі-бір талаптарға жауап беру керек. 
Тілектестік және ақ көңілділік. Тілектестік те, ақ көңілділік те жоғары 
адамгершілік пен шын көңілден кіші пейілділікті қажет етеді. Мейірімділік 
адамдарды бір-біріне жақындатады. Ақ көңілді және жылы шырайлы қатынасқа 
көптеген келушілер сәйкесінше жауап береді.
Келушілердің ықыласын тудыру үшін оған және оның тілектеріне деген 
шынайы қызығушылық көрсету керек. Қонақ үй немесе мейрамханаға 
кіргеннен бастап, келуші өзін күткен қонақ екенін сезіну керек. Ол туралы 
байланыс аймағы жұмысшысы даусы да білдіру керек.
Қызмет көрсету табыстылығы келушімен қай түрде сөйлескенініне де 
байланысты. Сондықтан келушімен байланысты жеңілдеті үшін сөйлесудің 
әртүрлі құралдары: ым, ишара, тұрыс дұрыс қолданылу керек. Қызмет 
көрсететін персоналы өз түрімен келішілер жағынан сыйлауын тудыру керек. 
Мысалы, метрдотель мейрамхана және қонақ үйдің шынайы иесі болып, 
келушінің ең қымбатты, аса күткен қонақ ретінде қабылдау керек.
Келушімен қатынасқа түскен соң, байланыс аймағы жұмысшысы тек 
өнімдерді (қызметтерді) әкелумен айналыспайтынын, одан келушінің көңіл-
күйі тәуелді екенін ұмытпау керек. Тілектес қатынас келушіге қуаныш алып 
келеді, өмірлік тонусын көтереді. 


84 
Мейрамхана және қонақ үй жұмысшыларының немқұрайлылығы 
келушілерге ұнамайды. Олар жұмыста белгіленген уақытын өткізіп жүр деген 
әсер туындайды. Немқұрайлы жұмысшылар дұрыс жауап бермейді, қандай 
өнімге (қызметке) таңдау қажеттілігіне кеңес бермейді және т.б. Ал қызмет 
көрсету мәдениеті жылы сөзден, келушіге деген назардан тұрады. 
Жылы шырайылық, сыпайылық. Мейрамхана және қонақ үй 
жұмысшыларының жылы шырайылығы келушінің оны ұнатуын тудырады. 
Әрбір келушіні жылы шырайлы көзқараспен және «немен көмектесе аламын?» 
деген сыпайы сұрақпен қарсы алу керек. Мейрамхана және қонақ үйдің қызмет 
көрсететін персоналына барлығына бірдей сыпайы және әрқайсысымен 
индивидуалдылығын ескеріп әртүрлі сөйлесі керек. 
Сыпайылық – келушілермен сөйлесу нормасы, оған көңіл бөлу көрсеткіші. 
Сыпайылық – ұқсас емес мінез, қылық, көзқарастар арасындағы амортизатор. 
Ақырын айтылған сыпайы сөз қатты айқайдан да күштірек әсер етеді.
Өзіне жақсы қатынасты бағалай алатын келушілермен сыпайы болу оңай. 
Ал келуші дөрекі, жалпы қабылданған тәртіп нормаларын қадағаламаса, не 
істеу керек? Өкінішке орай кейбір жұмысшылар бұндай жағдайда сол сияқты 
әдепсіз әрекет етеді. Дөрекілікке қатты сөзбен жауап беру – диалогтың ең 
жақсы түрі емес. Екі жақтан да адамгершілік нормаларды қадағаламау өзара 
көргенсіздікке алып келеді. Бұдан кейін келуші қонақ үй немесе мейрамханаға 
келуден қанағаттану алмайды.
Кейде қонақ үй немесе мейрамханаға келген тұтынушы тынышсызданған 
күйде келеді де, қызмет көрсетуде кішкентай қате үшін айғайлай бастайды, 
директорды шақыра бастайды. Бұндай тұтынушыға қызмет көрсету тез әрі 
жылы шырайлы болу керек. Оның дөрекілігіне қатты жауап бермеу керек, оны 
өз атына қабылдамау керек. Сонда ғана бұндай тұтынушы көбіне тынышталып, 
өз тәртібін өзгертеді. 
Осындай қауырт жағдайларда байланыс аймағы жұмысшысына оның 
сыпайылығы мен жайлылығы көп көмектеседі. Егер аз мәдениетті тұтынушыға 
байланыс аймағы жұмысшысын жанның жайбарақаттылық күйінен шығара 
алмаса, дөрекі бейтараптанады. Сондықтан қонақ үй немесе мейрамхананың 
қызмет көрсететін персоналы мәдениетсіз тұтынушылармен сыпайылық 
көмегімен күресе алу талап етіледі.
Кіші пейілділік, ізеттілік. Кіші пейілділік адам санасының бақылауысыз, 
қылық әсерінен әрекет ететін адамгершілік тәртіп деңгейі. Кіші пейілді 
байланыс аймағы жұмысшысында бай ішкі мәні жақсы әдетімен (ішкі 
мәдениеті), лайықты сыртқы түрімен (сыртқы мәдениеті) үйлеседі. Байланыс 
аймағы жұмысшысы кіші пейілділігі - бұл сонымен қатар келушіге күйіне алу. 
Ол ығырынан шығары мен мазасын алуға сәйкес келмейді, сөйлесуде қаттылық 
пен формализмге қарсы тұрады.
Ізеттілік лауазымды нұсқауларға сәйке міндеттерімен көбірек бір нәрсе 
істей алу дайындығында көрінеді. 
Кіші пейілділік пен ізеттілік келушілермен қайшы келуіне мүмкіндік 
бермейді. Бұдан келушілер әділ болмаса да, байланыс аймағы жұмысшысы 


85 
біреудің айтқанымен жүру қажет деген сөз емес. Бұндай жағдайларда 
келушілерге олардың қателесетінін түсінуге биязы түрде көмектесу керек.
Ұстамдылық және өнегелілік. Ұстамдылық – өз көніл күйі мен сезімін 
бақылау қабілеті. Келушілердің әдепсіз тәртібін байланыс аймағы 
жұмысшысылар өз атына қабылдамау қажет. Себебі қонақ үйге немесе 
мейрамханаға кірер алдында келуші жанның тыныштығынан шығарған 
жағымсыз оқиғаны басынан өткізуі мүмкін. Сонымен қатар мазасыздық, 
сенімсіздік және т.б. сияқты қасиеттері бар адамдар да бар екенін ескерген жөн. 
Агрессивті, сабырсыз келушілер де болуы мүмкін. Бұндай келушілермен қонақ 
үй немесе мейрамхана жұмысшысы сабырлы, көңілді күйде болуын сақтау 
керек. Бұл эмоционалды қорған болады. 
Өнегелілік - өзін және басқа адамдарды сыйлау өлшемі. Қонақ үй немесе 
мейрамхананың өнегелі жұмысшысы келушілер қателіктерін көрсетпей қызмет 
көрсете алады. Бұндай жұмысшы тұтынушы көңіл-күйін, оның тұлғалық 
ерекшелігін сезе алады және қызмет көрсетудің ең жақсы тактикасын таңдай 
алады. Бірақ кейбір байланыс аймағы жұмысшысыларға такт сезімі айнып, 
даулы жағдайларға алып келеді. 
Қамқорлық. Ол өз ісіне адал қатынаста көрінеді. Бұнда тапсырыс қалай 
қабылданғаны өте маңызды. Қонақ үй немесе мейрамхана жұмысшысы 
тұтынушыны мұқият тыңдап, қажет болса, пайдалы кеңес беру керек.
Шеберлік. Кәсіби шеберлік қонақ үй немесе мейрамхана жұмысшысына 
еңбегіне шығармашылық көзқарастан қарап, тек орындаушы емес, өз ісінің 
виртуозы болуына мүмкіндік береді. Нағыз маман келушіге не қажет екенін 
бірден түсінеді.
Байланыс аймағы жұмысшысы шеберлігі сырттай да көрінеді, мысалы, еш 
әбігерсіз келушілерге ширақ қызмет көрсету кезінде байқалады. Оның 
шеберлігі қажетті дағдылар мен ептіліктің даму дәрежесімен анықталады.
Эрудициялығы. Байланыс аймағы жұмысшысы – қонақ үйдің немесе 
мерамхананың «бетке ұстар адамы». Қызмет көрсететін персоналдың кәсіби 
білімі, көзқарастарының кеңдігі Мейрамхана және қонақ үй атағын анықтайды. 
Кез-келген мейрамхана және қонақ үй жұмысшысы туралы келуші байланыс 
аймағы жұмысшысы білімі мен ептілігі туралы әсеріне негізделіп пікір айтады. 
Егер мейрамхана және қонақ үй жұмысшысы сұрақтарға сауатсыз жауап берсе, 
келуші бұл жерде қызмет көрсету мәдениеті төмен деп ойлайды.
Өз мейрамхана және қонақ үй намысын ойлау. Мейрамхана және қонақ үй 
жұмысшысы өз қызметттестерінің қате әрекеттеріне кінәлі емес жағдайлар 
болады және олардың қатесін өз мойнына алғысы келмейді. Бірақ ол өз 
мейрамхана және қонақ үй коллективінің өкілі ретінде сезініп, оның намысын 
қорғап, бәсеке жағдайларды сауатты шешу керек. 
Тәжірибелік дағдылардың болуы. Аз мәдениетті келушілермен тәрбие 
жұмыстарын жүргізгенде олардың қылықтарын тікелей сынауға болмайды. Бұл 
жағдайда мейрамхана және қонақ үй қызметкері өзінің өнегелі және сыпайы 
тәртібімен әсер етуі мүмкін. Жоғары білікті қызмет көрсететін персоналының 
жұмысын бақылай отырып, келушілер түйсіксіз жақсы әдет игереді. 


86 
Тәжірибе жұмысында жөнсіздікке, келушінің адамгершілік қасиеттерін 
қорлауға жол бермеу керек. Кейбір ейрамхана және қонақ үй жұмысшылары 
келушілердің нашар тәртібін көріп, тәрбиелей бастайды. Бұл мақсатта қолайсыз 
құралдарды қолданады да, дау туындауына алып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет