Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов


Мейрамхана және қонақ үйде қонақтардың арыз беруі және олармен



Pdf көрінісі
бет57/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   101
 
5.4. Мейрамхана және қонақ үйде қонақтардың арыз беруі және олармен 
даулар
 
Арыз туралы түсінік. Келушілердің арыз түсіруінің негізгі себептері: 
тапсырысты ұзақ орындау, тағамдардың төмен сапасы, қызмет көрсететін 
персоналының дөрекілігі. Арыздар – қызмет көрсету мәдениетінің жүйелері 
(аспекттері) арасындағы қалыпты шектеулі байланыстардың үзілуі. Бұл 
Мейрамхана және қонақ үй жұмысының бұзылуына, ақауларына байланысты. 
Яғни, Мейрамхана және қонақ үйдің қалыпты жұмыс істеу тәртібінің бұзылуы 
қызмет көрсету мәдениетінде көрініс табады. Келушілердің арыздары мен 
шағымдарын қарастырғанда, төмендегі ұсыныстарды ескеру керек: 
 арыз берушінің орнына өзіңізді қойыңыз; 
 сабырлық сақтаңыз; 
 сыпайы болыңыз; 
 өзіңіз арызды шеше алмасаңыз, лауазымы жоғары жұмысшыға 
хабарлаңыз. 
Бірде-бір арыз қараусыз қалмау керек. Заңды арыздар міндетті түрде 
қарастырылуы керек. Келушілердің арыздарын зерттей отырып, қызмет 
көрсетудің кемшіліктерін жоға, оның мәдениетін арттыруға болады. 
Арыздарды қарастыру нормативті құжаттарға сәйкес жүзеге асу керек. 
Дау туралы түсінік. Дау (лат. Conflictus - талас) - қарама-қайшы 
мақсаттары бар немесе осы мақсатқа жету әдістері қарама-қайшылыққа өтетін 
адамдардың өзара қатынасы. Дауласуда адамдар бір-біріне қарсы болуымен 
сипатталады. Дауласуға қатысушылар саны әртүрлі болуы мүмкін. Яғни, дау - 
белгілі-бір мәселелерді шешуде адамдар арасында туындайтын қарама-
қайшылық. Дау келушілердің қажеттіліктеріне, олардың абыройына және т.б. 
терең тиетін қарам-қайшылықтармен туындалады. 
Әдетте адамдар арасындағы дау еркін түрде туындалмайды. Байланыс 
аймағы жұмысшысылар мен келушілер арасындағы дау үшін төмендегі 
себептер тән: 
 өндірістік – қонақ үй немесе мейрамхананың ыңғайсыз жұмыс 
уақыты, жеткіліксіз тағамдар ассортименті, тапсырысты ұзақ күту, 
тағамдар сапасының төмен болуы; 


88 
 жеке, мысалы жұмысшыларға қарсы бағытталған әрекеттер. 
Мысалы, байланыс аймағы жұмысшысы қонақты дұрыс түсінбей, 
өкпелеп қалады. Жауап қайтаруда жұмысшыға қарсы жөнсіз сөз 
қайтарады. Жұмысшы да ауыр сөзді көтере алмай, дөрекі сөз 
қайтарады. Солайша кедергі өсе береді; 
 психологиялық төзімсіздік (сәйкессіздік). Ол басқа адамның жеке 
тысқары пікір қатынасымен туындалады. Бұндай қатынас мәні 
белгілі-бір кемшіліктерді белгілі-бір мамандық немесе белгілі-бір 
жас өкілдеріне жатқызудан тұрады. Осылайша, дөрекі келуші немесе 
мәдениеті төмен қонақ үй немесе мейрамхана қызметкері бір-біріне 
«олардың барлығы сондай» деген көзқараспен қарайды. 
Даулар түрлері. Бағытына қарай даулар бір жақты (арызды қонақ үй 
немесе мейрамхана жұмысшысына келуші қояды немесе керісінше) және екі 
жақты (арызды бір мезгілде бір-біріне қонақ үй немесе мейрамхана 
жұмысшысы мен келуші қояды) болады. 
Мазмұны бойынша даулар: 
 шынайы, жақтардың өзара мүддесі қорланады, мысалы, келуші 
байланыс аймағы жұмысшысы дөрекілігіне өкпелеп, қонақ үй немесе 
мейрамхана директорын шақыруды талап етеді; 
 өзара қателесу, жаңылысып жүретін даулар. Ондай жағдайлар есеп 
айырысу кезінде кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет