Г. Н. Амандыкова, Ш. Е. Мухтарова, Н. Б. Ешмуханова



бет26/83
Дата07.01.2022
өлшемі180,9 Kb.
#20133
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   83
Ойын дегенiмiз:

1. iс –әрекет (тiлдiк) 2. зорлықтың, қыстаушылықтың жоқтығы 3. жеке адамға қана тән iс-әрекет 4. коллектив арқылы тәрбиелеу және бiлiм беру 5. баланың психикасын, ой-өрiсiн дамыту 6. қызықтыра отырып үйрету Сондықтан ойын элементтерiн шет тiлiн үйретуде пайдаланған кезде көп талаптар қойылады.

Ойынды мынадай мақсаттар қойып пайдалану керек:

1. белгiлi бiр қабiлеттi қалыптастыру 2. белгiлi бiр тiлдiк iс-әрекеттi дамыту 3. шет тiлiнде екiншi бiреумен қарым-қатынас жасауға үйрету 4. қажеттi мүмкiндiк пен психикалық функцияны дамыту 5. бiлiм беру 6. тiлдiк материалды еске сақтау И.Н Скаткин - « Балалар ойынның осы бiлiм беру мақсаттарын байқамай ойын ойнап; көңiл көтере отырып,өзiнiң бiр нәрсеге үйренгенiн түсiнуi керек»-дейдi. Шет тiлiнде лото, карта, домино, жұмбақтар, кроссвордтар, байқаулар түрiнде де, лингвистикалық ойындар, бөлмедегi жиhаздарды орнына қою, дүкендердi аралау, нәрселер сатып алу т.б. түрiнде де ойналады. Шет тiлiн үйрету ойынының мынадай түрлерi бар:

1. фонетикалық ойындар 2. лексикалық- грамматикалық 3. рөлдік 4. режиссерлiк 5. орфографиялық Шет тiлi сабағының әр кезеңінде ойын элементтерiн пайдалануға болады. Мысалы: Оқытушы сабақтың басында ұйымдастыру бөлiмi кезiнде алынатын фонетикалық рифмовка алған кезде « Ал, кәне кiм мына өлеңдi бiрiншi жаттап алып,маған айтып берер екен» деп жарыс ойынын ұйымдастырады. Ол үшін эстафета таяқшасын дайындап алып, оны алда отырған оқушыға береді, ол оқушы өлеңдi айтып болып, келесi оқушыға береді, балалар жарыса отырып өлеңдi қалай жаттап алғандарын байқамай да қалады.

25


Сабақ процесiнде ойын пайдаланылған кезде баланың миында Не iстеймiн? Қалай айтам? Қалай жеңем? деген сұрақтар тұрады.

Шет тiлiн нашар бiлетiн бала ойын кезiнде басқалармен бiрдей үйретiлiп жатқан тiлде сөйлеп, «мен де басқалармен бiрдей екенмiн ғой, мен де бiледi екенмін» деген ойда болады.

“Disjunctive Question“ грамматикалық тақырыбы алынқан кезде “Бұл кiмнiң құйрығы?“ “Whose tail is it?” ойынын алуға болады. Ол үшiн алмалы-салмалы құйрығы бар аңдардың суретiн саламыз. Аңның денесiне сөйлем жазылады, ал құйрығына жалғасы жазылады.

Мысалы: “The tiger can sing”, ал құйрығында “сan’t it?” болады. Осылайша әрбiр аңның құйрығын қосып табу керек.

“Appearance” тақырыбын алқан кезде «Whose birthday is today?» ойынын алуға болады? Мұғалiм балаларға «One of you has a birthday today. Guess who he is» деп тапсырма береді.

Оқушылар: What colour is her hair? What colour are her eyes? What is her nose like? What is she wearing? What is her hobby? “20 Questions” ойынын да алуға болады. Лексикалық ойындар жаңа алынған сөздердi балалардың тез жаттауына, олардың жағдаяттарды пайдалануға, әрi тiлiн дамытуға көмектеседi.

Фонетикалық ойындар дыбыстарды дұрыс айтуға көмектеседi. Жалпы шет тiлiн үйретуде ойын элементтерiн пайдалану шет тiлiн үйренудi жеңiлдетедi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет