Гаврилова екатерина николаевна


  Математикалық  білім  беруді  жаңғыртудың  негізгі  бағыттары



Pdf көрінісі
бет27/78
Дата31.12.2021
өлшемі4,75 Mb.
#21205
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   78
Байланысты:
ЖОО-да математикалық пәндерді оқыту процесін инновациялық бағытта

1.2  Математикалық  білім  беруді  жаңғыртудың  негізгі  бағыттары 
және олардың мәселелері 
 
Білім  деңгейін  арттырудың  негізгі  көзі  қазіргі  заманғы  талаптар  мен 
әлемдік стандарттарға сәйкес келетін білім, инновация және оларды практикада 
қолдану  әдістері  болып  табылады.  Соңғы  жылдары  білім  беру  жүйесіндегі 
инновациялық бағыттардың бірі кредиттік оқыту жүйесін енгізу және жаңғырту 
болып табылады. 
Кредиттік  оқыту  технологиясы-жоғары  білімді  шығармашылық  тұлғаны 
дамытуға  бағытталған,  білім  беру  траекториясын  таңдау  және  кредиттер 
түрінде  білім  көлемін  есепке  алу  негізінде  өздігінен  білім  алу  және  білімді 
шығармашылық игеру деңгейін арттыратын білім беру жүйесі [67]. 
Президент  Қасым-Жомарт  Тоқаев  өзінің  Қазақстан  халқына  Жолдауында 
21  ғасырдың  ұрпағы  терең  білімді  болуы  керек,  жастарды  тынымсыз  еңбекке 
дағдыландыру керек, оның негізінде кәсіпқойлық жатуы тиіс [68]. 
2013  жылғы  ғылым  мен  техника  саласындағы  мемлекеттік  сыйлықтың 
лауреаты,  "математика  және  математикалық  модельдеу  институтының"  бас 
директоры,  ҚР  ҰҒА  академигі  Тынысбек  Қалменов  хабарлағандай,  "қазақ 
ұлтының  математика  ғылымы  үшін  табиғи  менталитеті  бар,  өйткені 
қабілеттерімен  қатар  оларға  шыдамдылық  пен  табандылық  сияқты  мінез 
белгілері  тән.  Біз,  қазақтар,  шыдамдымыз,  Ұзақ  уақыт  мақсатқа  қарай  жүреміз 
және асықпаймыз. Мұндай адамдар математикада қажет бір мәселені ұзақ және 
тиімді  шешеді.  Бүгінгі  таңда  Қазақстанда  математика  қайта  жандана  бастады-
кеңес заманында әлемде математика ғылымының дамуы бойынша бірінші орын 
КСРО-ға  бұйырды.  80-ші  жылдары  Қазақстанда  математика  өте  дамыған,  біз 
Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орынды иелендік. Ал 20 жыл ішінде көп 
нәрсені  жоғалтып  алдық  және  қазір  оны  қалпына  келтіріп  жатырмыз,  өйткені 
соңғы жылдары елде ғылымды қаржыландыру артты. Қазақстан қазір ғылымды 
қаржыландыру бойынша ТМД елдері арасында бірінші орын алады" [69]. 
2011  жылғы  11-12  мамырда  Астана  қаласында  өтілген  Қазақстан 
Республикасы  математика  мұғалімдерінің  бірінші  съезі  Қазақстанда 
математикалық білім беруді дамытуға және жетілдіруге ықпал еткен ерекше іс-
шараны  атауға  болады.  Съездге  500  делегат  және  573  шақырылған  тұлғалар 
қатысты,  олар  мектеп  мұғалімдері,  ЖОО  оқытушылары,  ғалым-математиктер, 
ғылыми  қызметкерлер  мен  педагогтар,  математиканы  оқыту  әдістемесі 
бойынша мамандар, білім беру ұйымдарының басшылары, білім беруді басқару 
органдарының өкілдері және шетелдік қонақтар.  
Қазақстан  Республикасының  математика  мұғалімдерінің  Бірінші  съезін 
шақыру келесі қажеттіліктерден туындады: 


32 
 
-  математикалық  білім  беру  сапасын  қамтамасыз  етуде  жинақталған 
мәселелер ажәне оларды еңсеру жолдарын анықтаудан; 
-  тәуелсіз  дамуының  жиырма  жылдық  кезеңінде  ҚР-да  математикалық 
білім беруді дамыту бойынша атқарылған жұмыстарға талдау жүргізуден; 
- математика мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттырудан; 
-  Қазақстанда  математикалық  ғылым  мен  білім  берудің  одан  әрі  даму 
перспективаларын анықтау және жастарды тартуда. 
Съезде  Қазақстандағы  математикалық  білім  беруді  жаңғыртудың  өзекті 
мәселелері  талқыланды,  сондай-ақ  болашақ  математика  мұғалімдерін  кәсіби-
педагогикалық  даярлау  туралы  мәселелер  қозғалды,  математиканы  оқыту 
саласындағы  білім  беру  реформаларын  жетілдіру  жөніндегі  негізгі  мақсаттар 
мен міндеттер талқыланды [70]. 
Қазіргі әлемде білім жаңа деңгейге көтеріліп, жаңа серпін алуда. Мұндай 
жағдайда  студенттік  және  оқытушылық  ұтқырлықты  дамытудың  маңызды 
факторларының  бірі  болып  табылатын  мемлекеттік  емес,  әлемдік  білім  беру 
жүйесіне  назар  аудару  қажет.  Алайда,  белгілі  бір  пәндер  бойынша  оқытылған 
халықаралық  диплом  әлі  күнге  дейін  түлектерді  қазіргі  еңбек  нарығында 
сұранысқа  ие  етпейді.  Өз  бетінше  білім  алып,  оны  іс  жүзінде  қолдана  алатын 
болашақ мамандарды сапалы даярлау қажет. 
ЭЫДҰ  (экономикалық  ынтымақтастық  және  даму  ұйымы)  елдері 
арасында  әрбір  үш  жыл  сайын  өткізілетін  он  бес  жастағы  оқушылардың 
математикалық,  оқу  және  жаратылыстану-ғылыми  сауаттылығы  деңгейін 
бағалаудың  PISA  халықаралық  зерттеуі  (білім  беру  жүйелерін  салыстырмалы 
талдау). Зерттеудің мақсаты: жалпы міндетті білім алған студенттердің қоғамда 
толыққанды  жұмыс  істеуі  үшін  қажетті  білімі  мен  дағдылары  бар-жоғын 
бағалау  (функционалдық  сауаттылық).  Қазақстандық  оқушылардың  әртүрлі 
жылдардағы  PISA  зерттеуіне  қатысу  нәтижелерін  келтіреміз  (3-кестені 
қараңыз). 
 
3  кесте  -  жылдар  мен  пәндер  бойынша  бөлінген  PISA  баллдарының 
көрсеткіштері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет