Басқа ғалымдардың ішінде геоморфология ғылымының да- муына өзінің едəуір үлесін қосқан – неміс ғалымы Вальтер Пенк.
Басқа ғалымдардың ішінде геоморфология ғылымының да- муына өзінің едəуір үлесін қосқан – неміс ғалымы Вальтер Пенк.
Ол жер бедерінің кескіні (профилі) бойынша жер қыр- тысы қозғалысын сипаттау үшін тектоникалық қозғалыс жəне денудация арасындағы қарым-қатынас əрекеті нəтижесінде қалыптасқан тау беткейлерінің дамуын толық қарастырды. Ол тау беткейлерін үш түрге бөлді: тік беткей (прямой склон), ойыңқы иілген беткей (вогнутый склон) жəне дөңестене иілген беткей (выпуклый склон). Егер де жер қыртысының көтерілуі сыртқы күштердің əсеріне, яғни денудация үдерісіне теңбе-тең болса, онда тік беткейлер қалыптасады, егер де үгілу үдерісі
дөңестене иілген беткейлер қалыптасады. Əдетте табиғатта көбінесе ойыңқы иілген жəне дөңестене иілген беткейлер жиі кездеседі
В. Пенк ғылымға беткейлер экспозициясының жаңаруы, жергілікті базис, эрозия жəне т.б сияқты бірнеше жаңа ұғым- дарды енгізді. Ол құрлық бедерінің денудациялық даму тұжы- рымдамасын ұсынды.
В. Пенк ғылымға беткейлер экспозициясының жаңаруы, жергілікті базис, эрозия жəне т.б сияқты бірнеше жаңа ұғым- дарды енгізді. Ол құрлық бедерінің денудациялық даму тұжы- рымдамасын ұсынды.
Мұнда таулы аймақтардағы жазықтану үдерітерінің əсері, В.Дэвис айтқандай, «жоғары» жағынан емес, «бүйір» жағынан жазық бағытта жүзеге асатындығы берілді. Тегістелу үдерістері тау беткейлерінің ағын су мен атмосфе- ра агенттерінің əсерінен параллельді кейін шегінуі арқылы, яғни өзендердің су алабын бөліп тұратын суайрық қыраттар жан-жағынан жуылып-шайылып, аласарыңқырап, сонымен қа- тар аңғарлардың біртіндеп кеңеюі нəтижесінде пайда болады. Сөйтіп, тау етегінде гипсометриялық төмен деңгейде сəл еңкіш келген жазық -педиплен қалыптасады.