Көне грек ғалымдары біздің жыл санауымызға дейінгі ІІІ-ІІ ғасырлар арасында Жердің шар тəрізді екендігін анықтаған жəне оның шеңберін есептеуге тырысқан. Мұны сол кездегі антик əлем ғалымдарының зор маңызды жетістігі деп санауға болады. Орта ғасырлық парсы құжаттарында біздің кең байтақ қазақ да- ласын Дешти-и Қыпшақ (Қыпшақ даласы) деп атағаны бəрімізге мəлім. Атақты араб саяхатшысы Ибн-Батута XIV ғасырдың 30- шы жылдарында Алтын Орда астанасы Сарай Беркеден Хорезм еліне сапар шеккенде қырық күн бойы Каспий маңы ойпатымен Үстірт жазығы арқылы жүріп, өзінің көрген жерін «Ибн-Батута саяхаты» деген кітабында сипаттаған.
Геоморфологияның даму тарихы жайлы М. В. Ломоносовтың еңбектері
Ең алғаш бедердің даму заңдылықтары XVІІІ ғасырдың орта шенінде белгілі орыс ғалымы М. В. Ломоносовтың еңбектерінде қаралған. 1763 жылы жарық көрген «Жер қабаттары» деген еңбегінде ол геологиялық құрылымдар жəне жер қыртысы мен бедердің дамуы туралы өз тұжырымдарын келтірген.
М. В. Ломоносов бедердің дамуы ішкі жəне сыртқы күштердің əсерінен болатындығын атап көрсетті, бұл анықтама бүгінге шейін басты ұстанымдардың бірі ретінде түсіндіріледі. Автор бұл жұмысында жердің ішкі күштердің əсерінен пайда болған бедер пішіндеріне көбірек көңіл бөлген.
М. В. Ломоносов тербелмелі қозғалыстардан теңіздердің трансгрессиясы мен регрессиясы жəне теңіз жағаларының бедер пішіндерінің пайда болуын, ал көтерілу мен иіліп төмен түсуі нəтижесінде таулар мен ойыстардың пайда болғанын түсіндірді. Сыртқы күштерге, жоғарыда аталғандай, жел, жаңбыр, өзен су- лары, теңіз толқындары, мұздық жəне т.б. əрекеттер енгізілді. Мұнда ағын судың эрозиялық жəне аккумуляциялық əрекеті бедердің өзгеруіне үлкен əсерін тигізетіндігі айтылған. Соны- мен, М. В. Ломоносовтың еңбектеріне қарап оны геоморфология- ның негізін қалаушы деп толығымен айтуға болады. Бірақ ол кезде оған ешкім көңіл аудармады, мұның өзі аталған саланың əрі қарай дамуына қолбайлау жасады.