420
көзқарастарында көптеген қарама-қайшылықтар мен қиыншы-
лықтардың, елеулі өзгерістердің кездескені, «Қаракөзді» жазуға итер-
мелеген тебіреніс көзі ілгерідегі баяндау арқылы таныс.
Ішкі толғаныс талант иесіне «Қаракөз» трагедиясының сарынын
дөп басып, сәтті шығаруына интуициялық сезімнің әсер еткені анық.
Тебіреніс толқыны жан түкпірінен қопарылып шықпаса – жүрекке
жетпейді. Тіпті, суреткер өмір сүрген заманнан алыс дәуірлерді бейне-
лесе де, ондағы кейіпкерлеріне өзінің сезім-түйсігі арқылы жан бітірді.
Кей тұстарда творчество адамдарының интуициясының күштілігі сон-
дай, күні ертең не боларын көбінесе дәлме-дәл болжайтын көрінеді.
Кейіпкер мен өз сезімінің астасып, өзге адам үшін арпалысуы шы-
найы
өнер иесіне тән. Гете «Жас Вертердің қасіреті» романын Шар-
лотта Буфқа есі кете ғашық боп, махаббат азабына түскен кезде жа-
зыпты. Өзінің егілген жүрегінің ащы запыраны Вертердің қасіретіне
қосылғанда Гетені шарасыздық билеп, өмірден түңіледі. Вертердің
өзіне-өзі қол жұмсаудан басқа амалы қалмағанын аңғарғанда қатты
қапаланады да, бұл да сондай шешімге қеледі. Жантүршігерлік
шешімді әзер жеңеді. Гете: «Мен өзімді-өзім өлтіру туралы қатыгез
де ақылға сыйымсыз пиғылдан бас тартып, өмір сүру керек деп
шештім. Бұл мақсатты еш алаңсыз жүзеге асыру үшін өзімнің барлық
қасіретімді жеткізе алатындай поэтикалық шығарма жазуым керек
болды», – деп еске алады. Сондай тығырыққа тірелген шақта күйеуге
шыққан әйелге ғашық болған, бірақ тілегін қабылдамағанға қорланған
Карл Вильгельм Иерузалем деген жігіттің өзін-өзі өлтіргенін естиді
де Вертердің тағдырына сол оқиғаны теліп барып рухани азаптан
құтылады.
Міне, Мұхтар «Қаракөзді» жазғанда, дәл Гете сияқты шектен
шыққан шешімге ниет қылған жоқ. Бірақ жан дүниесінің қатты
күйзелгені аян. Тіпті, ол Қаракөз бейнесінде елестеткен Кәмиланың
ұзамай құсалықпен дүниеден өтетінін де іштей сезген сияқты. Біз,
тура мағынасында емес, көркемдік образдың рухани күйзелісінің
түңілу коллизиясын айтып отырмыз. Анығы сол: «Қаракөздің» сон-
шама «азапты шабытпен» жазылуына отбасының тіршілігіндегі бұл
өзгерістің тікелей әсері тигені сөзсіз. Жанын жаралаған «немерелестік»
хақындағы ғайбат-өсектер де отқа май құйғандай өршіте түскен.
Сондықтан да Кәмила тек поэтикалық бейне ретінде ғана дәнекерлік
еткен деп бағалау керек.
Достарыңызбен бөлісу: