[gl]1-лекция
[gl] Математикалық талдауға кіріспе.[:]
§1 Нақты сандар[:][kgl]
Математикада негізінен сандармен жұмыс істейтін болғандықтан олардың кейбір түрлерін келтірейік. Бүтін және оң 1,2,3...n ... сандарды натурал сандары деп атайды. Оң және теріс, бүтін және бөлшек, бөлшектердің ішінде ақырлы немесе шексіз периодтық ондық бөлшектер жиыны рационал сандары болады. Шексіз периодты емес ондық бөлшектен тұратын, яғни рационал емес сандарды иррационал сандары деп атаймыз. Рационал және иррационал сандар жиынтығы бірігіп нақты сандар деп аталады.
Нақты сандары мен сандар осі бойындағы нүктелер арасында бір мәндік сәйкестік болады. Нақты сандар өзара шамаларымен реттелген, яғни әрбір екі нақты сан арасында келесі үш қатынастың біреуі орындалады х<у , х=у, х>у
Нақты сандардың негізгі қасиетінің бір: екі кез келген нақты сан арасында рационал немесе иррационал сан табылады. Бұл қасиет нақты сандарының үзілісіздігі.[kgl]
Достарыңызбен бөлісу: |