«гомеостаз және экскреция» модулі бойынша физиологиядан практикалық сабақ, боөж тапсырмалары тақырыбы: Тромбоциттер. Қанның ұюы (гемостаз). Гемостаздың физиологиялық механизмдері. Балалардағы ерекшеліктері


Қайтымды тромбоциттер агрегациясы



бет3/5
Дата28.03.2023
өлшемі38,81 Kb.
#76939
түріСабақ
1   2   3   4   5
Қайтымды тромбоциттер агрегациясы



Қайтымды агрегация – тромбоциттердің жарақат орнында жиналып және оларды бір-біріне жабысуы. Агрегация адгезиямен бір мезгілде басталады және зақымдалған тамыр қабырғасының, сондай-ақ тромбоциттер мен эритроциттерден биологиялық белсенді заттардың (ең алдымен АТФ және АДФ) бөлінуінен туындайды. Нәтижесінде қан плазмасы арқылы өте алатын бос тромбоциттер тығыны (ақ тромб) пайда болады.

Қайтымсыз тромбоциттер агрегациясы



Тромбоциттердің ұйынды құруы, олар құрылымын жоғалтып, біртекті массаға қосылып, қан плазмасын өткізбейтін фибринді – қызыл тромб түзеді. Қайтымсыз агрегация процесі тромбоциттерден биологиялық белсенді заттардың: серотониннің, гистаминнің, ферменттердің және қанның ұю факторларының бөлінуіне әкеледі. Олардың бөлінуі тамырлардың екіншілік тарылуына ықпал етеді. Тромбоциттік фактор 3-тің бөлінуі тромбоциттер протромбиназасының түзілуіне, яғни коагуляциялық гемостаз механизмінің қосылуына әкеледі. 5 тромбоциттердің агрегаттарында аз мөлшерде фибриндік жіпшелер түзіледі, олардың араларында қан жасушалары сақталады.

Тромбоциттік тромбтың ретракциясы



Қан ұйындысының нығыздалуы. Тромбоциттерден арнайы протеин, тромбостеин бөлінеді, оның әсерінен тромбоциттер тығыны азаяды және тромбоциттер тромбы түзіледі. Тромб тамырдың зақымдалған жерін мықтап жабады, қан тоқтайды. Қалыпты жағдайда ұсақ тамырлардан қан кетуді тоқтату 2-ден 4 минутқа дейін созылады. Клиникадағы бұл көрсеткіш қан кету уақыты деп аталады.

5 тапсырма. «Коагуляциялық гемостаз» кестесін толтыру.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет