Грамматика және оның салалары. Негізгі грамматикалық ұғымдар


С ы н е с і м н і ң ш ы р а й к а т е г о р и я с ы



бет10/50
Дата20.04.2023
өлшемі156,19 Kb.
#84943
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   50
Байланысты:
Ãðàììàòèêà æ?íå îíû? ñàëàëàðû. Íåã³çã³ ãðàììàòèêàëû? ??ûìäàð

С ы н е с і м н і ң ш ы р а й к а т е г о р и я с ы

1. Лексика-грамматикалық категорияның бірі - шырай категориясы.


2. Шырайдың түрлері, ол жайындағы көзқарастар.
3. Жай шырай проблемасы.
Шырай категориясы – басқа сөз таптарында жоқ, тек сын есімге ғана тән категория. Бірақ, біріншіден сын есімнің бәрі бірдей, яғни сын есімнің сөз табына жататын сөздердің барлығы шырай тұлғаларымен түрленбейді, шырай тұлғалары кез келген сын есімге жалғана бермейді. Мысалы: жақсы- жақсырақ, жап-жақсы, тым жақсы. Үлкен-үлкендеу, үп-үлкен,аса үлкен. Ал таулы- таулырақ, не тап-таулы, кешкі –кешкілеу, кеп-кешкі деп шырай түрлерін жасауға болмайды. Яғни сын есімнің бір түрі сапалық сын есімдерге шырай жұрнақтары жалғанып, шырай түрлерін жасауға болса, сын есімнің мағыналық тобының екінші тобы - қатыстық сын есімдерге шырай жұрнақтары жалғана алмайды да, одан шырай түрлері жасалмайды. Сонда шырай категориясы жалпы сын есімге емес, сын есімнің бір ғана семантикалық түрі сапалық сын есімге ғана тән. Екіншіден, сын есім – қазақ тілінде түрленбейтін сөз табы. Яғни сын есім өзінің семантикалық, қызметтік ерекшелігі – зат атаулының әр түрлі сапалық, сындық белгілерін, түр-түсін, бір сөзбен айтқанда, заттың әр түрлі белгісін білдіретін сөздер болғандықтан,сөйлеу процесінде осы мәнде негізінен зат есіммен тіркесіп қолданылады.
Шырай категориясы затқа құбылысқа байланысты біртектес, бірыңғайлас сынның, сапалық, белгінің түр-түстің сапалық сипаттың артық я кемдігін немесе тым артық я кем екенін білдіретін, белгілі қосымшалар үстелу немесе басқа тәсілдердің жүйелі жолдары арқылы жасалатын сапалық сын есімнің парадигмалық түрі. Сондықтан шырай категориясы, біріншіден, жалпы сын есім атаулының емес, тек сапалық сын есімнің, екіншіден, таза грамматикалық емес, лексика-грамматикалық категориясы боп табылады. Өйткені шырай қосымшалары сапалық сын есімдердің семантикасына өзгеріс енгізіп, қосымша реңк үстейді, семантикалық жағынан үлкен мен үлкендеу, үп-үлкен, өте үлкен бірдей емес. Бұл семантикалық сын есімнің реңдік мәні немесе белгілі реңінің бір көрінісі боп табылады.
Қазақ тіл білімінде шырай түрлері туралы да бірыңғай пікір жоқ. Профессор А.Ысқақовтың еңбегінде жай шырай, салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай және асырмалы шырай көрсетілсе, 1967 жылғы «Қазақ тілі грамматикасында» салыстырмалы, бәсең я шағын шырай, күшейтпелі шырай және асырмалы шырай деп төрт түрлі шырай түрі аталған. Профессор С.Исаев шырайдың сапалық сын есімнің лексика-грамматикалық категориясы ретінде екі-ақ түрін көрсетеді : салыстырмалы шырай және күшейтпелі шырай.


Сан есім
1. Сан есім, оның лексика-семантикалық сипаты.
2. Сан есімнің морфологиялық сипаты.
3. Сан есімнің мағыналық топтары.
4. Сан есімнің синтаксистік қызметі.
Қазіргі қазақ тіліндегі сан есім – дербес сөз табы. Ол басқа сөз таптарынан лексика – семантикалық, грамматикалық жағынан ерекшеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет