Грамматика және оның салалары. Негізгі грамматикалық ұғымдар



бет41/50
Дата20.04.2023
өлшемі156,19 Kb.
#84943
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50
Байланысты:
Ãðàììàòèêà æ?íå îíû? ñàëàëàðû. Íåã³çã³ ãðàììàòèêàëû? ??ûìäàð

Күшейтпелі үстеулер
Қазіргі қазақ тіліндегі күшейткіш үстеулер заттың сындық қасиетін және қимыл, іс-әрекеттің белгі, сапасын, мөлшер, көлемін күшейтіп не солғындатып көрсету үшін қолданылады. Күшейткіш үстеулерге мына сөздер тобы жатады: ең, тым, өте, аса, орасан, нағыз, әбден, мүлде, кілең, өңкей, дәл, керемет, орасан, өрен т.б.
Күшейткіш үстеулер негізінен сапалық сын есіммен тіркесіп қолданылып, сын есімнің күшейтпелі шырай түрін жасайды. Ақылды ой, алғыр сөз адамның ең жоғары қасиеті (Ғ.Мүсірепов).
Күшейткіш үстеулердің көбі етістік алдына келіп, қалай? деген сұраққа жауап беріп қимылдың сапасын күшейтеді немесе солғындатып көрсетеді. Шешесі әбден таниды екен (М.Әуезов).

Морфологиялық құрылысы жағынан күшейткіш үстеу тек негізгі түбір болып келеді. Ол басқа сөз таптарына жұрнақтар жалғану арқылы немесе бірігу, қосарлану, тіркесу арқылы жасалмайды. Мысалы, Өзге жұрт ойды нетсін, өңкей соқыр (Абай) деген мысалдағы өңкей үстеуі морфемдік бөлшектеуге келмейтін сөз.


Мақсат үстеулері
Қазіргі қазақ тіліндегі мақсат үстеулері қимыл, іс-әрекеттің болу мақсатын білдіріп, не мақсатпен? деген сұраққа жауап береді. Мақсат үстеуге жататын сөздер көп емес. Олар: әдейі, қасақана, жорта, әдейілеп. Мақсат үстеулері құрамы жағынан тек негізгі түбір болып келеді. Сөйлемде етістікпен тіркесіп, мақсат пысықтауыш қызметін атқарады. Құнанбай бағанадан әзіл салған да, әдейі соған шұқшиған (М.Әуезов) деген сөйлемде не мақсатпен? деген сұраққа жауап беріп пысықтауыш қызметінде тұрған үстеу - әдейі сөзі.
Себеп-салдар үстеулері
Қазіргі қазақ тіліндегі себеп-салдар үстеулер қимыл, іс-әрекет, амалдың болу, болмау себебін немесе салдарын (нәтижесін) білдіріп, не себепті? неге? деген сұраққа жауап береді. Себеп-салдар үстеулерге жататын сөздер мыналар: босқа, амалсыздан, бекерге, текке, лажсыздан, құр босқа, шарасыздан, жоққа т.б.
Құрамы жағынан себеп-салдар үстеулер туынды түбір болып келеді. Олар көлемдік (барыс, шығыс) септік жалғауларының көнеленуі арқылы жасалады. Олар: бекерге, босқа, текке, жоққа, шарасыздан, амалсыздан, лажсыздан.
Себеп-салдар үстеулер сөйлемде қимылдың жүзеге асу себеп-салдарын білдіріп, сөйлемнің себеп-салдар пысықтауышы қызметінде жұмсалады. Жандыкең лажсыздан өзінің артықтау кеткенін түсінді ме (Айымбетов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет