Гранттық қаржыландыру бойынша конкурсқа қатысу туралы Өтініш жалпы мәлімет


ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ЭТИКАЛЫҚ СҰРАҚТАР 1500/909



бет7/11
Дата06.01.2022
өлшемі156,32 Kb.
#16603
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
3. ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ЭТИКАЛЫҚ СҰРАҚТАР 1500/909

1) жобада пайдаланылатын ғылыми әдістерді алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу тәсілдерінің негіздемесі, таңдалған тәсілдемелер негіздемесі ретінде сипаттау:

Болашақты болжамдау – жинақталған тәжірибе мен оның нәтижелік талдамаларын ағымдық процестермен беттестіре отырып келешекті бағамдау, анығырақ айтқанда, белгілі бір процестің соңғы он жылдағы тәжірибесі, ағымдағы жыл ішінде орын алып жатқан процестер және осы аталғандарға қатысты болжамдар. Қойылып отырған міндеттерді атқара отырып, мақсатқа жету, жобаны жүзеге асыру үшін стратегиялық бағыт пен нақты тактика, қолданбалы әдіс-тәсілдер негізге алынады.

Болжамдау – күрделі процесс, болашақты болжамдау үшін психология, социология, этнология, педагогика сынды тәжірибелі ғылымдар жиі қолданатын, ортақ логикалық байланысқа ие көптеген дидактикалық сұрақтар және оның жауаптары пайдаланылады, сонымен бірге, зерттеу кезінде жаңа әдістерді іздеу қызметі тоқтатылмайды.

Жобаның басты әдісі құзіреттілік-бағдарлы орта білім беру жүйесіндегі мақсатты ерекшеліктер мен концептуалды негіздерді нысанға алынатын форсайт әдістемесі. Форсайт әдістерімен жүзеге асуы мүмкін: біріншіден – модернизацияланған орта білім беру саласындағы мектептер мен ондағы басты индивидтердің кейбір нәтижелі әрекеттері немесе әрекетті жоспарлары, екіншіден - сараптамалық панельдер әдісімен болжанатын мектеп бітірушінің мақсатты құзыреттілік бейнесі түрінде түпкілікті мақсаттарды формализациялау ұсынылады.

Бүгінгі күні барлық салаларда аса танымалдылыққа ие ішкі әлсіз және мықты тұстарыңды, сыртқы мүмкіндіктер мен қауіптерді анықтауға мүмкіндік беретін SWOT-анализ әдістемесі.

Болжамдау процесіндегі негізгі әдістердің бірі – нормативті әдіс. Бұл әдісті әртүрлі ракурстарда қолдануға болады, біздің жағдайымызда ресурстардағы қажеттіліктерді есептеу, басымдылық беріп отырған орта білім беру саласындағы реформаларды кезеңдерге бөлу және оны қаржыландыру жүйесі мен оның нәтижелілігін анықтауға арналады.

Бағдарламалы-мақсатты әдіс – салыстырмалы түрде жаңа әдістер қатарында және жоғарыда аталғандармен тығыз байланыста. Тиімді құралдар мен оларға қол жеткізу жолдарын, сондай-ақ ресурстық қамтамасыз етуді одан әрі айқындау және іздеу кезінде орта білім беру саласын дамытудың негізгі мақсаттарын анықтауға, ресурстар мен теңгерімді қамтамасыз етуге, реформалардың алдын ала белгіленген мерзімде игерілгенін және осы типтес өзара байланысты іс-шараларды реттеуден бастап футурологиялық карта мен келешек концепциясын дайындауға дейін көмектеседі.

Жобаны жүзеге асыру барысында сараптамалық бағалау әдісі міндетті түрде қолданылады. Болжам жасау үшін кәсіби, практикалық және ғылыми тәжірибеге негізделген орта білім беру саласының отандық және шетелдік жекелеген мамандарының және мамандар тобының пікірі қажеттілікті тудырады. Ұжымдық және жеке сараптамалық бағалаулар нәтижесінде реформалардың практикалық мәні ашылады.

Орта білім беру саласының бұрынғы және қазіргі тұрақты даму үрдістерін зерттеу және оларды болашаққа көшіру жұмыстарын атқаруға жоспарланып отырған болжамдық және формальды экстраполяция әдісі. Нақтырақ айтқанда, орта білім беру саласындағы көрсеткіштерді өзгерту үрдістерін анықтау үшін өткен және осы даму үрдістері сақталатыны туралы болжамдарға негізделген формальды экстраполяция және аталмыш саланың әртүрлі факторлар ықпалымен өзгеретінін ескере отырып, оның динамикасы туралы гипотезалармен байланысты болжамдық экстраполяция.

Зерттеу нәтижелерін реттеу, тіркеу, салыстыру, өлшеу, анықтау, болжамдау үшін бірқатар эмпирикалық әдістер іске асырылуы мүмкін. Сондай-ақ, жоба аясында алынған мәліметтерді өңдеудің статистикалық әдісі пайдаланылады: сапалық ранжирлеу, корреляциялық әдіс, факторлық анализ, математикалық-статистикалық әдістер, бағалау, диагностикалау және сапалық жүйелеу, топтастыру, синтездеу, талдау және т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет