Хабаршы жаратылыстану-география


Уважаемый Мухтамид Шамухамедович!



Pdf көрінісі
бет2/18
Дата19.01.2017
өлшемі3,13 Mb.
#2234
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

 
Уважаемый Мухтамид Шамухамедович! 
Мы  гордимся  тем,  что    Вы  являетесь  выпускником  нашего  факультета  и  педагогом  многих 
поколений. В день знаменательного юбилея от всей души желаем доброго здоровья. 
   
 
Түйін 
Мақала  Қазақстандағы  белгілі  методист,  география  ғылымдарының  кандидаты,  ҚазҰПУ 
профессоры    М.Ш.  Ярмухамедовтың 90-жылдық  мерейтойына  арналған,  мұнда  ғалымның  өмірі  мен 
ғылыми еңбек жолы қысқаша баяндалған. 
 
Summary 
In the article it is devoted 90-year-old anniversary of a professor M. Yarmukhamedov includes a short 
material about a life and activity of the scientist. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №1 (27), 2011ж. 
 

ЖЕР ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМДАР 
НАУКИ О ЗЕМЛЕ 
ƏӨЖ 551.4.042(574.14)   
ОҢТҮСТІК МАҢҒЫСТАУ АУМАҒЫНДА ГЕОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ 
ҚАЛЫПТАСУЫ ЖƏНЕ ҚАЗІРГІ ДИНАМИКАЛЫҚ ДАМУЫ 
  
Д.МБоранқұлова г.ғ.к., Абай атындағы ҚазҰПУ-дың  доценті, 
ЖРахым Абай атындағы ҚазҰПУ-дың магистранты 
 
Жер бедері адамның шаруашылық əрекеттілігі мен өмір сүру ортасының негізі бола тұра аймақ 
ландшафтының тірегі ретінде қызмет атқарады жəне табиғи ортаның кейбір құрамбөліктерінің өзгеруіне 
əсер  етеді [1]. Жер  беті    бедері    -  кеңістік  пен  уақытта  реттелген  жəне  физикалық  (морфометриялық, 
морфодинамикалық),  геофизикалық  (гравитациялық,  электомагниттік,  сейсмикалық),  физикалық-
химиялық  (заттық)  көрсеткіштермен  сипатталынатын  күрделі  бірлік.  Қазіргі  жер  бедері  динамикасын 
жүйелі талдау тəсілімен зерттеу - геоморфология ғылымының қолданбалы аспектілері болып табылады.  
Оңтүстік  Маңғыстау  жер  бедері  өзінің  сан-алуандығымен  көзге  түседі.  Жел,  су  жəне  күннің 
əрекеттері  əсерінен  өзіне  тəн  түрлі  көркем  жер  бедер  пішіндерін  жасайды.  Бұл  аумақ  Қазақстанның 
қайталанбас өңірлерінің қатарына жатады.  
Оңтүстік  Маңғыстау  аумағында  қазіргі  жер  бедері  пішіндерінің  қалыптасуында  платформаның 
үстіңгі  құрылымдық  қабатын,  яғни  платформаның  тыс  қабаттарын  құрастыратын  палеоген  жəне  одан 
жоғары  жатқан  неоген,  төрттік  қабаттары  тікелей  қатысады.  Сонымен  қатар,  аумақ  таужыныстарының 
карбонаттылық  жəне  борпылдақ  қасиеттеріне  байланысты  қазіргі  жер  бедерін  құрушы  процестерге 
төзімді  келеді  де  жəне  антропогендік  əсерлерге  тез  ұшырайды.  Адамның  əр  түрлі  өндірістік-
шаруашылық əрекеттілігінен туындаған процестер мен құбылыстар жəне адам əрекетінен пайда болған 
қазіргі жер бедер пішіндерінің өзгеруі аумақта көрініс беруде [2].  
Зерттелу  аймағының  жер  бедері  геологиялық  ерекшелігіне,  неотектоникалық  қозғалыстарының 
сипатына  жəне  əр  түрлі  экзогендік  жер  бедерін  құрушы  факторларға  байланысты  қалыптасқан. 
Орографиялық  тұрғыдан  аумақ  кең  ауқымды,  біршама  тегіс  бетті,  үстіртті,  шамалы  бұйратты  болып 
келеді.  Жер  бедеріңің  абсолюттік  биіктігі  сармат  əктастарының  еңісті  жатуына  байланысты  оңтүстікке 
қарай бірте-бірте төмендейді.  
Оңтүстік  Маңғыстау  өңірін  көтеріңкі  жазықтар  мен  тұйық  ойпаңдар  өлкесі  деп  атауға  болады. 
Аумақтың  шамалы  бұйратты  жазықтық  бетін  айнала  қоршап  сатыланған  тік  жарлы,  құламалы 
беткейлермен  көмкерілген  ойпаңдар  күрделендіре  түседі.  Бұл  ойпаңдар – Қазақстан  бойынша  тек 
Маңғыстау  жеріне  ғана  тəн  жер  бедерінің  пішіні.  Бұлар  кең  көлемді,  тереңділігі  едəуір  жəне  түбі  тегіс 
немесе ойлы-қырлы  болып  келеді.  Қазіргі  геологиялық  кезеңде тұйық ойпаңдар  белсенді даму  үстінде. 
Ойпаңдардың  даму  барысында  жан-жақтан  айнала  көмкерген  тік  жарлы  беткейлерінің  бұзылу  процесі 
олардың қалыптасуында ерекше рөл атқарады. Ойпаңдар түбінде тақырлар мен сорлар дамыған [3]. 
Қарастырылған  аумақтың  біраз  бөлігін  Оңтүстік  Маңғыстау  иіндіойысы  шегінде  орналасқан 
құрылымдық үстірт алып жатыр. Үстірттің негізгі морфологиялық элементтері солтүстік-батыс бағытта 
созылған жəне жер бетінде саты түрінде көрініс береді. Бұл сатылар шекарасының терең қабаттарында 
дамыған тектоникалық жарылымдар мен флексураларға сəйкес келеді.  
Зерттелу  аймағындағы  жер  бедердін  ерекше  түріне  ондағы  жерасты  үңгірлерін  жатқызуға 
болады. Үңгірлердің пайда болуы – ұзақ уақытқа созылған геологиялық процестердің нəтижесі. Құрғақ 
климат  пен  таужыныстардың  суда  ерігіштігі  үңгірлердің  пайда  болуында  негізгі  рөл  атқарады.  Əдетте 
ерігіш таужыныстарға əктас, доломит, гипс жатады. Жергілікті халық тілінде “үңгірлер” деген атаумен 
қатар  “кеуек”  деген  сөз  де  қолданылады,  ал  тегістік  бетіндегі  кішкене  бөлікшесінің  еру  нəтижесінде 
төмен түсуінен пайда болған шұңқырды маңғыстаулықтар “ойық” деп атайды. Үңгірлердің мұндай түрін 
карстық үңгірлер дейді. Сонымен қатар, үңгірлердің пайда болуы теңіз толқындарының қирату əрекетіне 
жəне  карстық  процестеріне  тығыз  байланысты.  Карстық  үңгірлерден  басқа  аумақта  теңіз  жағалық 
үңгірлер  де  дамыған.  Жағалық  үңгірлер  Каспий  теңізінің  жағалауындағы  жəне  басқа  да  сай-салалар 
жағалауындағы  жарларында  кездеседі.  Олар  көбінесе  неоген  əктастар  қабаттарының  дамыған 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», № 1 (27), 2011 г. 
 

өлкелерінде кеңінен қалыптасқан. Маңғыстау жеріндегі белгілі табиғи үңгірлердің қатарына Өлі Қолтық
Қарашек,  Тұзбайыр,  Қарабауыр,  Сағындық,  Жазғұрлы,  Қарамая,  Борлымүйіс,  Жыланды,  Үшауыз  жəне 
басқа  да  үңгірлерді  жатқызуға  болады.  Үңгірлердің  көбі  көне  заманнан  белгілі.  Кейбірі  киелі  орындар 
болып  саналса,  енді  біразы  уақытша  адам  тұрағы  болған.  Сонымен  қатар  өлкедегі  көп  тараған  сəулет 
жəне  тарихи ескерткіштер  болып  саналатын  Шақпақ  Ата,  Шопан  Ата,  Бекет  Ата,  Қараман  Ата  сияқты 
жерасты мешіттерінің салынуына да осы үңгірлер ықпал еткен. Жалпы үңгірлердің танымдық, туристік 
маңызы зор [4].    
Оңтүстік Маңғыстау үсті ірілі-ұсақты аласа тегіс бетті  тау жұрнақтарымен, яғни төрткілдермен 
күрделенген. “Төрткілдер” көне түркі тілінде “төртбұрыш” деген мағынаны білдіреді, яғни төрт жағынан 
тік  құламалы  кертпештермен  көмкерілген  тегіс  бетті  тау  жұрнақтары  деген  сөзден  шыққан.  Шығу  тегі 
жағынан  төрткілдер  көне  бедердің  “куəгері” (қалдық)  болып  табылады,  көне  таулардың  бұзылуынан 
қалған, кеңістікте жалғыз оқшауланып қалған биік төбе немесе тау. 
Бедердің,  геоморфологиялық  жүйенің  қасиеті  оның  басқа  да  табиғи  элементтермен  жəне 
факторлармен, басқа да табиғи геожүйелермен өзара əрекеттесу қабілеттілігін анықтайды. Бедер қасиеті 
оның мəнімен анықталады. Бедердің (геоморфологиялық жүйенің) мəні – жүйелердің даму тенденциясы 
мен негізгі ерекшеліктерін анықтайтын байланыстар жиынтығы. «Ерекшелік» немесе жүйенің белгілері: 
бедер пішіндерінің əр түрлілігі, элементтер мен пішіндерінің мөлшерлестігі, олардың динамикалығы мен 
тұрақтылығы, денудация-аккумуляция процестерінің жиынтығы.  
Қарастырылған  аумақтың  морфогенезіне  бұзылған  борпылдақ  таужыныстар  заттарының 
тасымалдануының  рөлі  ерекше.  Мұндай  борпылдақ  материалының  тасымалдануы  аймақтың  аридтық 
климат  жағдайы  жəне  ағын  суларының  тапшылығы,  жел  əрекетінің  қарқындалуына  əкеп  соғады. 
Оңтүстік  Маңғыстау  бедері  өзінің  сан-алуандығымен  көзге  түседі.  Жел,  су  жəне  күннің  əрекеттері 
əсерінен  өзіне  тəн  түрлі  көркем  бедер  пішіндерін  жасайды,  бұл  жөнінен  бұл  аумақ  Қазақстанның 
қайталанбас өңірлерінің қатарына жатады [5].  
Оңтүстік  Маңғыстау  аймағының  қазіргі  жер  бедерінің  қалыптасуының  табиғи    факторларына, 
яғни геологиялық-геоморфологиялық құрлысы, климат жəне гидрологиялық жағдайларына, өсімдік пен 
топырақ жамылғысына кешенді, жүйелі талдау беріліп, олардың антропогендік əсерлеріндегі тиісті орны 
анықталды. Жер бедердің қазіргі динамикалық тепе-теңдік жағдайын сақтау зерттелу аймағының табиғи 
ерекшеліктерін  ескере  отыра  шаруашылық  нысандары  тиімді  орналастыру,  өндірістік  жұмыстарын 
жүргізуді дұрыс ұйымдастырумен жүзеге асырылады.  
Соңғы  кезде  адам  əрекетінен  қалыптасатын  алуан  түрлі  антропогендік  жер  бедер  пішіндері 
қазіргі  экзогендік  процестердің  дамуына  өзгерістер  əкеліп,  оның  бағыттылығы  мен  қарқындылығына 
əсер  етеді.  Сондықтан  да  табиғи  процестердің  жағымсыз  көрініс  беруімен  күресуде  жоспарланған 
шараларда  міндетті  түрде  табиғи  құбылыстардың  дамуындағы  антропогендік  жер  бедер  пішіндерінің 
рөлі ескерілуі қажет. Қазіргі уақытта инженерлік-шаруашылық кешендер мен табиғи жүйенің өзара қатар 
өмір  сүру  мəселесі  шындыққа  айналып  отырғанда,  адам  мен  табиғи  орта  қарым-қатынастарын  теория 
жағынан    ұқыпты  зерттеу  мен  ғылыми  тұрғыдан  талдау  ерекше  маңызды  мəнге  ие  болып  отыр. 
Антропогендік  жер  бедерін  құрушы  процесс  қазіргі  кезде  ең  бір  күшті  геологиялық  əрекетке  айналды. 
Оның  қарқыны  ешбір  табиғи  процестен  кем  емес  жəне  жер  бедеріне  тигізетін  əсері  айтарлықтай. 
Антропогендік  жер  бедерін  құрушы  процестер  көптеген  жағдайда  зерттелу  аймақтың  геоэкологиялық 
кернеулігін елеулі күшейтеді.  
Қазіргі  таңда  антропогендік  əсерлер  жер  бедердің  өзгеруінде  ең  маңызды  фактор  ретінде 
жылдан-жылға  өсіп  келеді,  соның салдарынан  қоршаған  ортаның  табиғи  тепе-теңдік  жағдайы  бұзылып 
əр түрлі өзгерістер пайда болуда. Кейде мұндай əрекеттер ғаламдық көлемдегі ірі өзгерістерді туғызады. 
Сонымен  қатар  бұл  əрекеттер  табиғи  экзогеодинамикалық  процестердің,  яғни  эолдық  процестер 
(дефляция  жəне  аккумуляция),  сортаңдану,  ластану    жəне  т.б.  зиянды  құбылыстар    арқылы  одан  əрі 
жандана түседі.  
Адамзат қоғамы даму барысындағы қарқынды өндірістік-шаруашылық əрекетттер табиғи ортаға 
айтарлықтай  ықпал  етті.  Осы  адамзат  пен  табиғат  арасындағы  өзара  ықпалдасу  қазіргі  замандық 
геоэкологиялық жағдайды анықтайды. Геоэкологиялық жағдай табиғи жəне антропогендік факторлардың 
өзара əрекеттілік нəтижесінде қалыптасады.  
Жер бедерді жүйелі талдауда геоморфологиялық əдістер де қолданылады, олар: морфологиялық, 
морфометриялық,  морфогенетикалық  жəне  морфоқұрылымдық,  сонымен  қатар  геоморфологиялық 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №1 (27), 2011ж. 
 

картографиялау.  Бұл  əдістерді  қолдану  барысында  жағымсыз  экологиялық  жағдайдың  дамуына  əсер 
ететін басты жер бедерін пішіндерінің сипаттамалары арқылы айқындалады.  
Зерттеулер  тəсілдерінің  көптігіне  қарамастан  əр  түрлі  табиғи  жəне  əлеуметтік-экономикалық 
жағдайларындағы  геоэкожүйенің  элементі  ретінде  жер  бедері  мен    жер  бедерін  құрушы  процестерді 
экологиялық  тұрғыдан  бағалау  əдістері  толықтыруды  қажет  етеді.  Геоэкологиялық  зерттеулердің 
ұстанымдары мен тəсілдерін талдау негізінде Оңтүстік Маңғыстаудың геоэкологиялық жағдайын зерттеу 
барысында жүйелік тəсілдер кеңінен қолданыс табады.   
Зерттелу  аймағының  қазіргі  табиғи  жағдайының  негізгі  факторы  геоэкологиялық  жағдайымен 
сипатталынатын ауданның экологиялық ахуалы. Қазіргі кезде қарастырылып отырған аумақ ресми түрде 
экологиялық  апатты  аймақ  болып  есептелінбейді.  Дегенмен  бұл  апатты  аймақ  емес  екен  деп  жұбанбау 
керек. Бұл іске жеңіл-желпі, шалағай қараушылық деп есептеу лəзім. Шынында кейінгі бірнеше онжыл 
ішінде  табиғи  ресурстарды  игеру  істері  экологиялық  жəне  əлеуметтік  салаларды  есепке  алусыз 
жүргізілуде [6]. 
Оңтүстік Маңғыстау аумағында мұнай жəне газ кенорындарын игерудегі экологиялық қауіпсіздік 
мəселелері қанағаттанарлықсыз дəрежеде, себебі табиғи жер ресурстары орынсыз пайдаланылуда, оның 
жел  жəне  су  эрозияларына  ұшырауының  қадағаланбауы  нəтижесінде  қарастырылған    аумақ  біршама 
апатты жағдайға ұшыраған жəне қазіргі уақытта геоморфологиялық жүйелердің қалыпты жұмыс істеуін 
қамтамасыз етпейді.  
Елімізде жəне Маңғыстау өңірінде тұратын халықтың өмірін жақсартуға қажетті мұнай мен газ 
қорлары орасан зор экономикалық əлеует болып саналады. Алайда бұл əлеуетті көбірек ұтымдылықпен 
жүзеге  асыру  мақсатында  мұнай-газ  өндіру  жұмыстары  экологиялық  қауіпсіздік  нормаларына  сəйкес 
жағдайда жүргізілуі тиіс. Сондықтан да, қоршаған ортаны қорғау – қарастырылып отырған аумақтың аса 
маңызды міндеттері.  
Пайдалы  қазбалар  кенорындарын  тиімді  игеру  аймақтың  экономикалық  дамуының  негізін 
қалаушы фактор болып табылады. Осыған байланысты қоршаған ортаны қорғау мен аймақтағы табиғи 
ресурстарды тиімді пайдалану мəселелері айрықша маңызға ие. Зерттелу аумағында қалыптасып отырған 
экологиялық жағдайға байланысты табиғи ортаны қорғаудың келесі шаралары ұсынылып отыр: пайдалы 
қазбаларды  (құрылыстық  материалдар  өндіретін  ашық  кеніштер)  ашық  əдіспен  өндірілетін  ауданның 
өсімдік-топырақ  жамылғысын  қайта  қалпына  келтіру;  құрылыс  барысында  карстық  жəне  суффозиялық 
процестерге  бейімділігін  есепке  алу;  мұнайөнімдерімен  ластанған  жерлерді  тазарту;  сызықтық 
құрылыстарды  (жолдар,  мұнай-газ  жəне  су  құбырлары)  жыралық  эрозия  жəне  дефляциялық 
процестерден  қорғау;  жағалау  зоналарда  орналасқан  құрылыстарды  абразиялық  процесінен  қорғау; 
қауіпті  опырылымалар,  жылжымалар  жəне  тағы  басқа  гравитациялық  процестер  дамыған  беткейлерді 
бекіту; жайылымдық жерлерді тозудан қорғау үшін азықтық шөптерді үстемелеп қосымша егу; табиғи, 
археологиялық жəне тарихи ескерткіштерді қорғау.  
Жер  бедері – бұл  күрделі  ұйымдастырылған  табиғи  нысан.  Жүйелі  көзқарас  тұрғысынан  жер 
бедері басқа да табиғи жүйелермен тығыз əрекеттесуші динамикалық жүйе ретінде қарастыралады.   
 
 

Клейнер  Ю.М.,  Кузнецов  Ю.Я.  Структурно-геоморфологическая  характеристика 
Южного  Мангышлака  и  некоторые  вопросы  формирования  рельефа  этой  территории // В  сб.: 
Геоморфол. методы при нефтегазопоисковых работах / Тр.ВНИГРИ. - М., 1966. - Вып. 54. 

Тимофеев Д.А. Экологическая геоморфология: объект, цели и задачи // Геоморфология. -
1991. -№1. 

Қоңдыбаев С. Маңғыстау географиясы. -Алматы: Қанағат-ҚС, 1997.  

Гохштейн  В.И.,  Иванов  Л.В.  и  др.  Геоморфология  и  четвертичные  отложения 
полуостровов Мангышлак и Бузачи: Окончательный отчет по работам 1964-1966. - Алма-Ата, 1967.   

Геллер С.Ю. Бессточные впадины южного Мангышлака и возможное их промышленное 
использование // Изд. АН СССР. Серия геогр. - 1954. - №2.   

Чигаркин  А.В.  Региональная  геоэкология  Казахстана. - Алматы:  Қазақ  университеті, 
2000.  
 
 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», № 1 (27), 2011 г. 
 
10 
Резюме 
Формирование геоморфологических систем и современное динамическое развитие 
В  данной  статье  рассматриваются  факторы  формирования  геоморфологических  систем, 
анализируются  механизмы  взаимодействия  на  рельеф.  Определено,  что  изменение  пространственных 
структур рельефа Южного Мангыстау  влечет за собой негативные экологические последствия.      
 
Summary  
Formation of Geomorphological System and Modern Dynamic Development 
Given article deals with the factors of formation of geomorphological system and mechanism of 
interaction on relief are analyzed. It has been identified that the changes spatial structure of the relief of South 
Mangystau brings negative ecological consequences.  
 
 
 
ƏОЖ 911.(574.510) 
БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МҰНАЙ-ГАЗ КЕН  ОРЫНДАРЫНЫҢ  
 ОРНАЛАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Д.И. Жангелдина - п.ғ.к., Абай атындағы ҚазҰПУ доценті 
 
Батыс  Қазақстан – шаруашылығы  жағынан  ерекше    орын    алатын  мұнай-газ    өндіретін  жəне  
өңдейтін,  сонымен қатар  газ, хромит, никель, ферроқорытпа, минералды тыңайтқыштар  жəне  мұнай 
өнеркəсібі  үшін  құрал-жабдықтар  өңдейтін  аудан. 
Еліміздің    батысында    орналасқан    бұл    экономикалық    аудан-Ресей    Федерациясының  Шығыс 
Еуропа  жазығы  мен  Орта  Азия шөлдерінің аралығында   орналасқан.  
Батыс  Қазақстанға  Шығыс  Еуропа  жазығының  оңтүстік-шығысы  енеді.  Осы  бөлігі    Мұғалжар 
жəне Үстіртпен, оңтүстігінде Маңғыстаумен шектеседі. Жалпы Сырт қыраты, Каспий маңы ойпаты жəне 
Жем алды үстірті  осы аймақтың құрамына енеді.  
Бұл    аймақ    геологиялық  дамуы  мен  тектоникалық  құрылымы    жөнінен  ежелгі  Шығыс  Еуропа 
платформасының  оңтүстік-шығыс    бөлігі  болып,  ұзақ  уақыт  су  астында  жатып,  біртіндеп  көтерілу 
нəтижесінде қазіргі  қалпына  келген. Каспий  маңы майысуға көп ұшыраған. Сондықтан мұнда əр түрлі  
жастағы шөгінді жыныстардың өте қалың қабаты таралған [1]. 
Каспий  маңы ойпаты бергі дəуірдің өзінде  теңіз табаны болған, онда күмбез тəрізді қыраттар да 
кездеседі.  Мұнай,  гипс,  ас  тұзы  жəне  тағы  басқа  пайдалы  қазбалардың  кен  орындары  осы  тұз 
күмбездерімен байланысты. 
Осы  аймақтың негізгі  байлығы    мұнай  мен  газ.  Олар  жер  қабаттарындағы тұзды  күмбездердің 
көтерілуіне байланысты пайда болған жарықшақтарға жиналған. Қазір бұл ауданда Теңіз, Қарашығанақ, 
Жаңажол сияқты мұнай мен газ кен орындары жұмыс істейді. 
Осындай    географиялық      жағдайына    байланысты    климаты    шұғыл    континентті,  əрі  құрғақ. 
Қысы  суық, аумағының  көпшілік  бөлігін шөл жəне шөлейт  алып  жатқандықтан тұщы  су  тапшылығы  
байқалады.  
Осы  аймақ  –республиканың  халық  сирек  қоныстанған  шөлді  ауданы.  Каспий  маңы  ойпатын, 
Жалпы  Сырт  пен  Орал  тауларының  оңтүстік  бөлігін,  Маңғыстау  түбегін,  Үстірт,  Мұғалжар  тауларын, 
Туран ойпатының солтүстік-батысын  алып жатыр.  
Батыс    Қазақстан    республикамызда  жер  көлемі  жөнінен  бірінші  орын  алатын  экономикалық 
аудан.  Экономикалық  ауданға  Ақтөбе,  Атырау,  Маңғыстау  жəне  Батыс  Қазақстан  облыстары  кіреді. 
Аумағы -736,1 мың шаршы шақырым.  
Бұл    ауданның  жер    қойнауында    пайдалы      қазбалар    көп.  Бірақ    бүгінгі    күнге    дейін    кең  
көлемде  пайдаланылмай  келеді[2]. 
Мұнда,  ең  алдымен,  Доссор    жəне  Мақат    мұнай    кəсіпшіліктері    пайда    болды.  Содан    кейін  
Ембі   алабы, Маңғыстау түбегіндегі  мұнай  мен  газды  өндіру,  Атырауда   мұнай  өңдеу,  полиэтилен  
өндіру, ал  Жаңаөзен  мен Теңізде  газ  өнеркəсіптері  дамыған. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №1 (27), 2011ж. 
 
11 
Ақтау  қаласында    мұнай,  газ    жəне    химия    өнімдерінің    негізінде    пластмасса    жасап  
шығарылады. 
Еліміздегі ірі   мұнай  мен  газ  кен  орындары  Атырау-Ембі  жəне  Маңғыстау   аумақтарында  
шоғырланған.  Мұнай өндіру  1899 жылдан  бастап Ембіде  өндіріле  бастады. 1911 жылдан Доссор, 1915 
жылдан  бастап  Мақат  кен  орындары    мұнайды    тұрақты    өндіруде. 1979 жылы  Атырау    облысында  
ашылған Теңіз -  əлемдегі  ірі  мұнай  кен  орындарының  бірі. 1993 жылы Қазақстан Республикасы  мен  
«Шеврон»  компаниясы  арасында «Теңізшевройл»  серіктестігі  құрылып,  Теңіз  жəне  Королев мұнай  
кені      игеріле    бастады.  Каспий    қайраңында    мұнайдың    өте    бай    қоры    шоғырланған.  Каспий 
қайраңында қоры  мол Қашаған, Құрманғазы, Ақтоты, Қайраң  кендері  бар. 2000 жылдың шілде  айында 
Қашаған  кен орнын  бұрғылау  барысында мұнайдың  мол  қоры  бар  екендігі  анықталды.  
Соңғы    жылдары  Бозашы  түбегіндегі  Қаламқас  жəне  Қаражамбас  жаңа  мұнай  кен  орындары 
игерілді.  Батыс  Қазақстанда  республикада  ең  алғаш  салынған  Атырау  мұнай  өңдеу  зауыты  жұмыс 
істейді. Ол Атырау-Ембі жəне Маңғыстау алабы мұнайын өңдейді. Зауатты мұнаймен  қамтамасыз  ету  
мақсатында Ақтау – Атырау мұнай құбыры салынған. 
Ембі  мұнайының  күкірті, парафині  аз, технологиялық   сапасы жоғары,  одан  алынған  жанармай 
өте  жоғары  бағаланады.  Маңыстау  мүнайының  құрамында    күкірт  жоқ,  қарамай  аз,  бірақ  парафин 
көбірек  болып  келеді.  Парафинді  мұнай  жылдам  қатады,  сондықтан  оны  құбырмен  тасымалдау  үшін 
қосымша жылу  беріп отыру керек. 
Газ өнеркəсібі  дамыған  жерлері. Газ – толық  жанатын, ауаны  ластамайтын, құбыр жолымен 
тасымалданатын  отын  түрі.  Газ    мұнаймен  бірге  жəне  табиғи  жеке  түрде  де  кездеседі.  Мұнайдың  
қосалқы газы Атырау-Ембі бассейнінде кездеседі. Маңғыстау түбегіндегі Теңге, Үстірт кен орындарында 
табиғи  газ  мол.  Жалпы  газдың  ірі  кен  орындарына  Қарашығанақ,  Имаш,  Жаңажол,  Батыс  Прорва, 
Тасболат, Шынар, Өзен т.б. жатады. 
1980  жылдардан    бастап,  Батыс  Қазақстан  облысының  солтүстігінде  Қарашығанақ  газ-
конденсаты игерілуде. Ол Қазақстан газ қорының  жетпіс пайызын құрайды. Оны өндіруге  əлемнің ЭНИ 
(Италия)Бритишгаз, Шеврон Тексако (АҚШ)  жəне Лукойл (Ресей)  сияқты ірі  компаниялары қатысуда. 
Газдың  құрамында  химия  өнеркəсібінде      пайдаланатын  конденсат    түріндегі  шикізат    мол.  Атырау  
облысындағы  Теңіз мұнай  кенінде жəне Жаңажол қаласында газ өңдеу  зауыттары  жұмыс  істейді.    
Алпысыншы  жылдардан    бастап    мұнай    мен    газ    ірі    кен    орындарының    ашылуымен    Батыс 
Қазақстан  экономикасы  дами  бастады.  Мұнай,  газ  кен  орындарын  игеруге  байланысты Мақаттан 
Ақтауға жəне Жаңаөзенге  теміржол  тартылды. Сөйтіп, Маңғыстау  облысының  аумағында Атырау –Ор  
теміржол  жүйесі  қалыптасты. 
Батыс  Қазақстан      өнеркəсібінің    дамыған    салалары – мұнай, газ    жəне    химия    өнеркəсіптері.  
Сонымен қатар, Атыраудағы  машина жасау зауыты, Ақтөбедегі рентген аппаратурасы зауыты, сондай-
ақ, Орал қаласындағы механикалық арматура, аспап, құрылыс-монтаж құралдарын жасайтын жəне кеме 
жөндейтін зауыттар кіреді. 
Ірі химия  өнеркəсібінде – Атырау  полиэтилен  зауыты,  Ақтөбе хром  қоспалары  зауыты,  Ақтөбе 
химия комбинаты кіреді.Осы химия комбинаты жергілікті фосфориттер мен Каспий маңының тұздарын 
пайдаланады[3]. 
Сонымен қатар,  əктас, мергель, гипс сияқты құрылыс материалдарына бай. Маңғыстауда  ұлутас 
өндіретін  карьерлер  жұмыс  істейді.  Əктас,  ұлутас – Ақтаудың  негізгі  құрылыс  материалдары  болып  
табылады. 
Тамақ  өнеркəсібінде  балық  өңдеу  саласы  жақсы    дамыған.  Бұл  экономикалық    ауданда  балық 
зауыттарымен қоса, балық өңдейтін бірнеше  кəсіпорындар да бар. Солардың ішіндегі ең ірісі – Атырау  
балық  өңдеу  комбинаты.  Одан    басқа  Ералиев  жəне  Баутино  қалаларында  орналасқан  балық-консерві 
зауыттары  жұмыс  істейді. 
Мұнай мен газ өніруді дамытуда   осы аймаққа  кіретін   əрбір облыстың өзіндік ерекшеліктері 
мен    орасан  зор  үлестері  бар.  Олардың  қатарына  Ақтөбе,  Атырау,  Батыс  Қазақстан,  Маңғыстау  
облыстары жатады.    
Ақтөбе  облысының  орталығы  –Ақтөбе  қаласы.  Облыстың  солтүстігінде  халық  тығыз  
орналасқан.Жаңа кендердің  ашылуына өнеркəсіп пен жол қатынастарының қаулай дамуына байланысты 
Алға,  Октябрь,  Хромтау,  Ембі    қалалары,  Батамшы,  Біршоғыр,  Шұбаршы  қала  типтес  елді  мекендері  

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», № 1 (27), 2011 г. 
 
12 
қалыптасты.  Облыста  бір  мың  бір  жүздей    ірілі-ұсақты  кəсіпорын  бар.  Көпшілігі  Ақтөбе  қаласында. 
Кенқияқ пен Шұбарқұдықта мұнай, Үстірттегі Бозойда газ өндіріледі.  
Атырау  облысы 1938 жылы  қаңтардың 15-інде  құрылған.  Орталығы  –Атырау  қаласы.  Атырау 
облысының жер  қойнауы пайдалы қазбаларға бай. Мұнай мен газдың, Индер көліндегі борат пен калий 
тұзының маңызы орасан  зор. Бұдан  басқа гипс, ас тұзы, натрий сульфаты, қоңыр көмір, фосфорит кен 
орындары бар. 
Өнеркəсіптің басты  саласы – мұнай өндіру жəне мұнай өңдеу. Ірі  мұнай кəсіпшіліктері  - Мақат, 
Доссор,  Қосшағыл , Құлсары,  Прорва.  Теңіз,  Ембі  мен  Маңғыстаудағы 18 мұнай  кəсіпшілігі  өндірген 
мұнайдың  жеті миллион тоннасын Атыраудағы арнаулы мұнай өңдеу зауыты өңдейді. Жетекші өндіріс 
салалары – балық жəне мұнай-химия өндірісі.  Атырау  химия зауыты Индер көлінен борат өндіреді. 
Жетекші  өндіріс салалары – балық жəне мұнай-химия өндірісі болып табылады. Атырау машина 
жасау зауыты мұнай өнеркəсібіне қажетті  құрал-жабдықтар шығарады. 
Облыс  орталығы - Атырау  қаласы.  Қалада  мұнай  өңдейтін,  аса  ірі  балық  консерві    комбинаты, 
кеме  жөндеу, бөшке-жəшік жəне сүт зауыттары, ет, нан комбинанттары, электр станциялары бар. 
Батыс Қазақстан облысы – орталығы Орал қаласы. Батыс Қазақстан облысында қазіргі уақытта  
тоқсаннан  астам    ірі    өнеркəсіп  орындары    жұмыс  істейді,  оның  көбі  халық  тұтынатын  өнімдер 
шығарады.  
Бұл  экономикалық  ауданда  химия  өнеркəсібі    дамыған.  Облыс  экономикасында  мұнай  мен 
табиғи  газ    өндіруге    қатысты  өнеркəсіп  салаларының  кешендері  үлкен  орын    алады.  Облыстағы    ірі  
өнеркəсіп    орындары – Орал  арматура    зауыты,  Орал  механика  зауыты,  металл  бұйымдарын    жасау  
зауыты  жəне  ірі  машина  жасау  зауыты, металл бұйымдарын  жасау  зауаты  жəне  ірі машина  жасау  
зауыттары. Сондай-ақ,  мұнай  жəне химия  өндірісіне  керекті құрал-жабдықтар дайындау, аспап жасау, 
құрылыс-монтаж  құралдарын жасау жəне  кеме  жөндеу өндірістері де  жақсы  жолға қойылған [4]. 
Маңғыстау облысы Каспий теңізінің шығысында орналасқан. Құрамында 3 аудан, 3 қала, 11 елді 
мекен бар. Орталығы – Ақтау қаласы. 
Маңғыстау  облысы  теңіз  деңгейінен  едəуір    төмен  жатқан  жазықта  орналасқан.  Облыстың 
орталық  бөлігінде  солтүстік-батыстан  оңтүстік-шығысқа  қарай  мезозой,  кайнозой  шөгінділерінен  
тұратын  жазықтар  мен  Маңғыстау  тауының  жотасы  созылып    жатыр.  Тау  жотасы  терең  аңғарлармен  
тілімденген.  Маңғыстау  облысының  солтүстік-шығысында  теңіз    деңгейінен  төмен  Қарақия (-132 м)   
ойысы бар. Маңғыстау  тауының оңтүстік-шығысында Маңғыстау  үстірті  орналасқан. Маңғыстаудың 
аласа    таулы  өлкесі  мезозой    дəуірінде  пермь-триас  құмтастары    мен  əктастарынан , тағы  басқа  
жыныстардың    қосындыларынан  түзілген.  Тау  жотасы    ғана  тік,  жалаңаш,  жартасты.  Қаратаумен 
қатарласа    оның    солтүстігі  мен  оңтүстігінде    солтүстік  жəне  оңтүстік  Ақтау  созылып    жатады.  Олар  
жоғары бор дəуірінің  əктасынан тұрады. Ақтау деп аталуы осыдан. Ақтаудан оңтүстікке  қарай қыратты  
жартылай  шөлді  дала басталады. Ол түгелдей  ұлутасты –солитті  əктастардан, Каспий  жағасына  таяу  
беті саз балшықтарынан түзілген.    
Маңғыстау  еліміздің  мұнайлы  аймағының  бірі.  Ондағы  Өзен,  Жетібай  кеніштерінде  өндірілген 
мұнай Қазақстаннан  тысқары жерлерге  де теңіз порттары арқылы  тасымалдануда. Маңғыстауда жəне 
басқа аймақтарда темір, мыс, фосфорит, марганец кендері ашылған.  
Облыс  жартылай    шөлейтті  шөл    аймақта    орналасқан.  Бұл    ауыл  шаруашылығын  өркендетуді 
қиындатады.  Ауыл    шаруашылығының  жетекші    саласы    мал  өсіру,  оның  ішінде  қой  жəне  түйе 
шаруашылығы. 
Бұл  облыста  балық  өнеркəсібі  жақсы  дамыған.  Балық  шаруашылығының  ірі  орталықтары – 
Баутино балық-консерві комбинаты жəне Ералиев балық зауыттары.  
Тамақ  өнеркəсібінің  басқа саласынан елеулі орынды ет комбинаты мен Ақтау қаласындағы сүт 
зауыты  алады.  Ақтауда  сонымен  қатар  химия  зауыты,  құрылысқа  керекті  қабыршақ    тас    өндіретін 
карьер, темір-бетон конструкцияларын өндіретін зауыт,  жылу жəне атом электр станциясы  орналасқан. 
Ералиев қала типтес елді мекенінде тоқыма  фабрикасы бар. 
Ақтау -  Маңғыстау  облысының    орталығы    тез    өсіп  келе  жатқан  мұнай    өнеркəсібін 
ұйымдастырушы орталық. 
Жылу  электр  орталығы  табиғи    газбен  жұмыс  істейді.  Қалада  су  тұщыландыратын  қондырғы, 
атом  электр  станциясы,  пластмасса , тіс    пастасын  шығаратын  зауыттар,  құрылыс  кəсіпорындары  бар.  
Мұнда 1992 жылы мұнай өңдейтін зауыт салынып, іске қосылды. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №1 (27), 2011ж. 
 
13 
Жалпы  алғанда    Батыс  Қазақстанда    мұнай-газ  өндірісі  дамыған.  Мұнайдың  болашағы  зор  
бассейндері  белгілі,  олар  Атырау-Ембі  жəне  Маңғыстау  аумақтарында,  Каспий  қайраңында 
шоғырланған.   
Мұнай-газ кен орындарын  игеру   жұмыстарын жетілдіру  -  Батыс Қазақстан аймағының ролін 
арттыра  түседі.  Себебі,  мұнай-газ  өндіру  еліміздің  экономикасын    дамытудың    бірден-бір  көзі  болып 
табылады.      
 
1.Бейсенова  Ə.С.,  Карпеков  Қ.Д.  Қазақстанның  физикалық  географиясы. - Алматы:  Атамұра, 
2004. - 255 б. 
2.Қазақстанның  экономикалық  жəне  əлеуметтік    географиясы  /Е.Ахметов,  Н.Кəрібаева, 
Б.Асубаев. - Алматы, 2005. - 175 б. 
3.КаргажановЗ.К.,  Баймырзаев  К.М.  Экономической  механизм  природопользования. –Алматы: 
Ғылым, 2000 
4.Надиров Н.К. Нефть и газ Казахстана. - Алматы, 1995. - 445 с. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет