Өазақстанда өндірілетін металдар мен бейметалдар



бет1/5
Дата15.04.2023
өлшемі120,72 Kb.
#82847
  1   2   3   4   5

Қазақстанда өндірілетін металдар мен бейметалдар

Қазақстан минералдық ресурстарға өте бай. Қазақстан дүние жүзінің 186 елінің ішінде вольфрам, қорғасын және барийдің қоры бойынша бірінші орында, хромит, күміс және цинк бойынша екінші, марганец және молибден — үшінші, мыс — төртінші, уран — бесінші, алтын — алтыншы, темір кені — жетінші, қалайы мен никель — сегізінші, көмір мен табиғи газ — тоғызыншы, мұнай бойынша он үшінші орында.

Қазақстан жерінде хромиттің әлемдік қорының үштен бір, уран мен марганецтің төрттен бір бөлігі, темір кенінің оннан бір бөлігі орналасқан.

Қазақстанда барланган тас көмір және қоңыр көмірдің қоры 200 млрд. тоннадан астам. Көмір бассейндеріне Қарағанды, Екібастүз, Майкөбен, Обаған, Жіліншік, Теңіз-Қорғалжын, Шу, Іле (Қалжат), Төменгі Іле (Оңтүстік-Балқаш) және Орал-Каспий (Жайың-Жем) жатады.

Қазір Қазақстан көмірсулардың қоры бойынша дүние жүзіндегі ірі елдердің бірі больш табылады. Мұнайдың барланған қорының көлемі бойынша 12-орында, газ бен газды конденсат — 15-ші, мұнай өндіру — 23-орында. Қазақстанның үлесіне барланған мұнай қорының 2%-на дейін (Каспий шельфін қоспағанда) келеді. 200-ден астам мұнай мен кен орындарының өндірілетін қоры 2,2 млрд. тонна, конденсат — шамамен 700 млн. тоннаны құрайды. Еліміздің болжанып отырған мұнай ресурстары шамамен 13 млрд. тонна.


Қазақстанның жер қыртысы мұнай мен табиғи газдарға бай. Каспий маңы ойпаты, Каспий теңізінің жағалауын қоса алғанда мұнай қоры 7 млрд. тонна. Бұл мұнай өндірісін жыл сайын 50—100 млн. тоннаға дейін көтеруге мүмкіндік береді. Қарашығанақ кен орнындағы табиғи газ қоры 1,3 триллион куб метрді құрайды.
Арал маңында да мұнай мен газдың үлкен қоры, табылған. Алдын ала жасалған есептеулер бойынша мұнда 350 млн. тонна мұнай мен 100 млрд. куб метр газ бар. Мұнай мен газга қатысты Торғай, Шу-Сарысу, Зайсан—Алакөл ировинцияларының болашағы зор. Қазақстанда металл кен орындары барланған.
Темір кендерінің қоры 8 млрд. тоннадан астам. Оның 80% Торғай темір кен бассейнінде орналасқан. Бассейннің ірі кен орындарына Соколов Сарыбай, Қашар, Лисаков және Аят кен орындары жатады. Металлургиялық процесте темір кенінен басқа ванадий, алюминий оксиді, фосфаттық шлактар алынады. Олар минералдық тыңайтқыш ретінде пайдаланылады.
Алатау темір марганец бассейнінде шамамен 500-дей кен орындары мен металл іздері табылган. Бассейндегі темір кендерінің қоры 500 млн. тонна және марганецті кендер — 80 млн. тоннаны құрайды.
Ұлытаудағы Қарсақатай темір кен орындарында 500 млн. тонна темір кені бар.
Шағын темір кен орындары Кеңтөбеде (Қарағанды), Атансарда (Көкшетау), Қаратаста (Жезқазған), Иірсуде (Оңтүстік Қазақстан) және т.б. жерлерде табылған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет