Conclusion
So, our perception of genders as "opposites" is not confirmed by the results of our mini-research on gender
differences. Theoretically, we are almost convinced that is inherent in us from birth strategies of information
processing may contribute to the exaggeration of gender differences.
Theory, which States that the person belongs to the group much kinder than others, and it allows him to gain
self-esteem, is called the theory of social identity. As a result of interviews with men and women we have seen
that this theory is valid. But this theory is completely built on the basis of gender schemas and stereotypes. I.e., the
interview confirmed the presence of gender stereotypes among students.
I n the end we can conclude the following: if we have expectations of the genders, we are more likely to notice
and remember all the cases, confirming our expectations. This will be due to the fact that our expectations act as a
scheme.
Conduct educational conversations with students about gender stereotypes and a reminder that in cases when
people resort to such stereotypes, also help to get rid of gender bias. The impact of the schemes can be
significantly reduced in cases when people start to realize how the scheme can make them biased thinking, and
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж.
156
when they begin to think about examples that do not fit into the framework of the scheme. It is very important that
both gender when assessing the behaviour of each other would resort to stereotypes.
We must not forget also that the underlining of gender differences contributes to the formation of prejudice
against their group and biased to a stranger and provokes conflicts between the genders. Teachers and parents
should create children an environment in which gender equality reigns, to model equitable gender-role attitudes
and to prevent the occurrence of gender stereotypes portrayed in the media.
1. Fiske, S. T., & Taylor, S. E. Social cognition. – New York: Random House. – P. 7.
2. Hell HP, D. Ziegler theory of personality (basic provisions, research and application). SPb, 1999. –p. 608. – P. 479.
3. Bergen, D. J., & Williams, J. E. Sex stereotypes in the United States revisited: 1972-1988. Sex Roles, 24, 413-423.
4.Williams, J. E., & Best, D. L. Measuring sex stereotypes: A thirty-nation study (rev. ed.). 1990, Beverly Hills: Sage. –
P.240.
5.Williams, J. E., & Best, D. L. Sex stereotypes and intergroup relations. In S. Worshel& W. G. Austin (Eds.), Psychology
of intergroup relations. Chicago: Nelson-Hall. – P. 244-259.
6. Bendas T. V. Gender psychology: textbook. - SPb.: Peter, 2006. - 431 with: ill. - (Series "study guide").
7.Bem, S. L. Gender schema theory: A cognitive account of sex typing. sychological Review, 1981, 88. – P. 354-364.
8. Dossey, J. A., Mullis, I. V. S., Lindquist, M. M., & Chambers, D. L. The mathematics report card: Are we measuring
up? Trends and achievement based on the 1986 National Assessment. Princeton, 1988, NJ: Educational Testing Service.
9. Hekhauzen X. Motivation and activity. Vol. 1. St. Petersburg, 2003. – C.37-42.
10. Workshop on cave psychology / Under the editorship of I. S. and Clarinol. SPb.: Peter, 2003. – P. 277-280.
Резюме
Отарбаева А.Б. – к.п.н., кафедры педагогики и образовательного менеджмента КазНУ им. аль-Фараби,
sarah-991@mail.ru
Гендерные стереотипы и реальное проявление гендерных различий
В статье авторы рассматривают проблему гендерных стереотипов и теоретически обосновывают возникновение
феномена гендерных различий в обществе. В частности анализируются понятия «гендер», «гендерная
идентичность», «полоролевая идентификация», «гендерные стереотипы», «гендерные схемы», «авто-стереотипы»,
«гетеро-стереотипы», «гендерно-ролевая социализация», «гендерная сегрегация» и др. с точки зрения зарубежных
исследователей гендера. Также рассматриваются особенности мужской и женской полоролевой идентификации,
связанные с возникновением стереотипизирования. Красной нитью по статье проходит идея о том, что гендерные
схемы, как когнитивные категории гендера начинают управлять процессами обработки поступающей к нам
информации таким образом, что мы начинаем воспринимать, запоминать и интерпретировать ее в соответствии с
нашими представлениями о гендерах.
Ключевые понятия: гендер, гендерная идентичность, поло-ролевая идентификация, гендерные стереотипы,
гендерные схемы, гендерно-ролевая социализация, гендерная сегрегация.
Түйіндеме
Отарбаева А.Б. – әл-Фараби атындағы КазҰУ, педагогика және білім беру менеджмнті кафедрасының п.ғ.к.,
sarah-991@inbox.ru
Гендерлік стереотип және оның шынайы көрінісі
Мақалада авторлар қоғамдағы гендерлік ерекшеліктердің пайда болу феноменін теориялық негіздей келе,
гендерлік сетеротиптердің ерекшеліктерін қарастырады. Оның ішінде «гендерлік», «гендерлік ұқсастық», «жыныс-
тық-рөлдік ұқсастық», «гендерлік стереотиптер», «гендерлік-рөлдік әлеуметтену», «гендерлік сегрегация» және
басқа да ұғымдарға шетелдік зерттеушілердің пікірі бойынша талдау жасалынған. Сондай-ақ стереотиптеудің пайда
болуымен байланысты ерлер мен әйел адамдарының жыныстық-рөлдік ұқсастықтарының ерекшеліктері қарастыры-
лады. Мақала бойынша негізгі мәселе гендер туралы біздің қабылдауымыз мен есте сақтауымыз гендер категория-
лары туралы ақпаратты өңдеу үдерісін басқару сияқты гендерлік кесте пікірімен көрсетіледі. Мақалада берілген
шағын зерттеу жұмысы гендерлік стереотиптердің жеке психологиялық аспектіде нақты гендерлік ерекшеліктері
мен ер адам мен әйел адам өкілдерінің қабылдауына әсерін зерттеуге арналған.
Кілтті сөздер: гендер, гендерлік ұқсастық, жыныстық-рөлдік ұқсастық, гендерлік стереотиптер, гендерлік
кестелер, жыныстық-рөлдік әлеуметтену,гендерлік сегрегация.
ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г.
157
ӘОК 687.16
ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІН ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ ЖЕТІЛДІРУ
Дарменова Р.А.
–
п.ғ.к., профессор м.а. e-mail:
rahiya1961@mail.ru
Бәкірова Л.Ш. – магистр, аға оқытушы e-mail:
15.01.70@mail.ru
Мақалада ұрпақ тәрбиесін халықтық құндылықтар негізінде жетілдіру жалпы білім беру, орта-кәсіптік, жоғары
оқу орындарында болашақ мұғалімдер дайындау барысында қазақтың ұлттық қолөнерін жасату арқылы еңбекке
тәрбиелеу жүйесі теориялық және практикалық тұрғыдан оқыту процесі қарастырылған.
Тірек сөздер: тәрбие, халықтық құндылық, жоғары, орта, жалпы білім беретін оқу орындары.
Атадан балаға мирас болып келген қол өнер халық арасындағы жекеленген шеберлердің қажыр-қайраты
мен терең зейінпаздығының арқасында күні бүгінге дейін мұра болып сақталып, бізге жетіп отыр.
Демек, ұрпақ тәрбиесі мәселесін халықтық құндылықтар негізінде жетілдіру, қазіргі педагогика
ғылымының алдында тұрған ауқымды істердің бірі. Осы тұрғыдан алғанда жалпы білім беретін орта оқу
орындарында қазақтың ұлттық қолөнер бұйымдарын жаңа технологияның негізінде жасату арқылы еңбек
тәрбиесін беру - әлеуметтік сұраныс талаптарына сай көкейкесті мәселе екендігін көрсетеді. Сондықтан
еңбек тәрбиесін беру жүйесіндегі педагогикалық қызмет ету қажеттілігін қалыптастыруда жоғары оқу
орындарында болашақ технология пәні мұғалімдерін даярлау процесінің көкейкесті мәселесі – олардың
кәсіби іс-әрекетке қызығушылығын, іскерлігін дамыту [1].
Мемлекеттік стандартқа «Технология» аты білім бөлімін енгізу жай ғана жаңа новация емес. Бұл
ойдың негіздеушілері еңбекке баулудың дәстүрлі түрі әлеуметтік-экономикалық жағдайға, уақыттың
қалауымен қарама қайшылыққа шығу мүмкіндігін алдын ала болжады. Ғалымдар ХХІ ғ. адамзаттың
тұрмысында ғылым және инновацияны өзгерту – технология ғасыры деп бағалады.
Мектептегі технология, математика, физика, химия және т.б. курстарын, ғылыми білімдерінің синтезін
өндірісте, ауыл шаруашылығында қолданатын интерактивті білім беру жүйесімен тікелей байланыстыру
көзделіп отыр. Технология сабағының ықпалы техникалық және ғылыми-жаратылыс, ағартушылықпен
шектелмейді. «Технология» пәнінің қайта өзгертушілік мәні мұғалімнің жұмысындағы әлеуметік орнық-
қан орнын қалыптастыру құқықтылы және жауапкершілігі мол өмір иелерін тәрбиелеу, оларға өмірдің
қатаң талаптарына бейімдеуге жағдай жасау, Қазақстанның қалыптасып келе жатқан әлеуметтік-эконо-
микалық ортасының «авторитарлы» болуына көмектесу [1. 15 б.].
Кәсіптік білім саласы бойынша даярланатын ұстаздардың білім мазмұны жаңа педагогикалық ғылым-
дардың жетістіктері негізінде және жаңашыл мұғалімдердің алдыңғы қатарлы тәжірибесі мен қазіргі за-
манғы техника мен технология өндірісінің негізінде құрылуы керек. Себебі, арнайы пән оқытушысы мен
технология пәні ұстаздары сабақ барысында сарамандық жұмыспен өндірістік жұмысты жақсы байла-
ныстыра білуі тиіс. Кәсіптік білім – болашақ мұғалімдерді кәсіби шеберлікке, білімділікке үйретуде
маңызы зор екені белгілі. Сондықтан да жалпы білім беретін мектептердің «Технология» пәні оқытушысы
өзінің жұмыс орнында еңбегін дұрыс жоспарлауды, оқушылардың белсенділігін арттыруды, нұсқау карта-
ларын дұрыс пайдалануды, еңбек қауіпсіздігі ережесін және тазалық сақтауды т.с.с жетік білуі тиіс. Осы
мәселені шешу мақсатында оқу-әдістемелік құралында мектептің іс-тәжірибесінде оқыту формалары және
ондағы жаңа технологиялармен қатар теориялық, практикалық сабақтарды жүргізу, оқу барысында сара-
мандық жұмысын жасау және де педагогикалық іс-тәжірибені өту әдістемесі кеңінен қамтылған [2, 6 б.].
Бұл сарамандық оқытудың мақсаты – студенттерді болашақ педагогикалық қызметке дайындаудың
әдістемелік негізін қалау, жалпы білім беретін мектептерде оқушылармен бастауыш, кәсіптік білім оқу
бағдарламаларының тарауларына сәйкес жемісті жұмыстар жүргізуіне, Республикадағы жаңаша әлеумет-
тік және экономикалық жағдайларда еңбекке дайындауға қажетті білім, іскерлік және дағдысын қалып-
тастыруға жол ашады.
Бұл жаңа әдістемелік нұсқау өмір сүруге қажетті алғашқы білімдерді және үй шаруашылығын, отбасы
экономикасын жүргізуге қатысты іскерліктерді, адамның табиғатпен, қоғаммен өзара қатынасындағы
негізгі салаларды қоса алғанда, баланың жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуына бағытталған. Мектептегі
технология – қоршаған ортаның өзгеруі мен қайта құру барысында адамның іс-әрекет тәсілдері туралы
ғылым. Технология оқулығы жалпы білім беретін арнайы пән мұғалімдеріне сынақтан өткен көп жыл-
дық тәжірибенің нәтижесі көлемінде ұсынылады. Технология оқулығының құрылымы міндетті және
таңдаулы компонент бойынша тақырыптың өзектілігі, сабақты ұйымдастыру шаралары, сабақ жоспары,
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж.
158
лекциялық материалдар, технологиялық карталар, бұйымның дайын, өңделген суреттері, мұғалімге
арналған тақырыпқа байланысты кең көлемді материалдар ұсынылады, сабақ жүргізу әдістемесіне кең
көлемді мүмкіндіктер ойластырылған [2. 11 б.].
Рухани мәдениетіміздің зерттелу тарихын дәл мына уақыттан басталды деп басып айту қиын.
Халықтық мәдениет қаншалықты көне болса, оның зерттелу тарихы да соншалықты тереңге таратады.
Сол сияқты рухани мұрамыздың жиналуы, саралануы, насихатталуы да тереңге тамыр созады.
Мәдениет - қоғам өміpінің қозғаушы күші. Қазақстанның мемлекеттік басшысы Н.Ә. Назарбаев:
«... бүгінгі таңда біздің төл мәдениетіміздің міндеттерін өзіміз айқындай алатын мүмкіндігіміз бар. Оны
шешу мәдени санаткерлеріміздің еншісінде» екенін атап көрсетті. Қазақ мәдениетінің үш мың жылдық
тарихы ұрпақтарға жалғастық пен сабақтастық арқылы жетіп отыр. Мәдениеттің басты таратушылары
болған көшпенді ата-бабаларымыз рухани қазынаны ең биік құндылыққа қоя алғандықтан және өздері сол
рухани құндылықты бойына жинақтай да білді. Қaзipгi бізге жеткен ұлттық салт-дәстүріміз бен әдет-
ғұрыптардың қайсысын алып қарасақ та осыны аңғарамыз. Кешегіге дейін өткеніміз бен бүгінгімізді жал-
ғастырған нәзік жіп үзілмей, ұрпақ пен ұрпақты байланыстырып келеді. Сәби кезімізден анамыздың әлдиі
мен әжеміздің epтегісін тыңдадық. Демек, ұрпақтар сабақтастығы үзілген жоқ. Мәдениетіміз тipi, оған
серпін мен ырғық керек. Ғасырлар бойы екшеленген мұраларды бiр сәт те естен шығармаған абзал» - деген.
Мәдениет - жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өміp сүрген ортамен
қарым-қатынасы. Ол - өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс.
Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді.
Олар оны өз мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі
жағдайда үнемі дамуда болады.
Мәдениет - әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күшi. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгepi жылжы-
тады. Жеке адам мәдениеті мен қоғам талабы тікелей байланысты.
Мәдениеттің тұрақты жағы – мәдени дәстүр, соның арқасында тарихтағы адамзаттық тәжірибесіне
сүйеніп, оны кемелдендіреді, дамытады. Өмірдің заңына сәйкес мәдениет үнемі жаңғыруды қажет етіп
отырады. Өзен өзінің мөлдірлігін суы ағып жатқан кезде сақтайды, тазалығымен адамды тәнті етеді,
әлемділігімен табиғатты құлпыра түседі. Сол сияқты кез келген мәдениет жаңа толқынға, жаңа мағынаға
ұмтылады, оған зәрулік танытады. Әрине, бұл дегеніміз ғасырлар сынағынан өткен дәстүрлі құндылық-
тарды түбегейлі жоққа шығару деген сөз емес. Өйткені, тарихи сабақтастықтың логикасына сәйкес мәде-
ниеттің ілгepi үлгілері болады, онсыз ұлттық мәдениеттің қабырғасы сөгіледі, ipгeci шайқалады. Міне,
сондықтан жаңа үлгілерге жаппай бетбұрыс жасаудың өз қисыны, өз ырғағы, өзіндік келбеті бар.
Сондықтан, өтпелі кезеңнің мәдени өзгерістерінен дәстүрлік пен жаңашылдықтың ерекше синтезін іздеуі-
міз қажет сияқты. Әpбip жаңа нәрсені ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып қабылдаған абзал. Mәдeниeт-
тiң басқа салаларында жіктелген заттық және руханилық объектілік және идеалдық, рационалдық және
эмоционалдық... - осылардың бәрі өнерде жігі бұзылмай, бірлесе, біте қайнасып жатыр [2. 13 б.].
Өнер - қоғамдық сананың ең көне формаларының бipi. Ол сананың басқа формаларынан, мәселен
ғылым мен философиядан айырмашылығы сол, ғылым мен философия сыртқы дуниенің теориялық
бейнесі, яғни олар теориялық ойлау болып табылса, өнер шындықтың көркем бейнесі болып табылады.
Осы бағытта еңбек ете отырып, толыққанды, мәдениетті, эстетикалық талғамы мол, жеке тұлға қалып-
тастыруда қолданбалы өнерінің ықпалы, зор екенін, өмірде болашақ маманның алатын орны ерекше
маңызды екенін көрсете білу. Керемет өнер арқылы эстетикалық тәрбие бере отырып, ата-бабалары-
мыздың көпжылғы еңбек, мұраларын жастарға мысал ретінде және болашақтың сәттілігі екенін дәлелдеу.
Халықтың дүниені танып білуі, өзі өмір сүріп отырғын ақиқат дүниеге деген көзқарасы күнделікті
тұрмыс-тіршілігіндегі, шаруашылығы мен кәсіби қызметіндегі тәжірибеге негізделген. Қандай да болсын
белгілі бір зат пен құбылысты тану оның сыртқы бейнесі мен адамға тигізетін пайда зиянын ажырата
білу, оның түрлі әсерін бақылап, түйсіну, күнделікті тәжірибеде қолданудың нәтижесінде жүзеге асады.
Танылған заттар мен құбылыстар айрықша қасиеттеріне, өзіндік ерекшелігі мен пішініне, адам санасында
қалдырған әсеріне қарай белгілі бір атауға ие болады. Бұрынғы тұрмыстағы адам ақыл-ойы мен еңбегінің
арқасында жасалған сан алуан заттар, бұйымдар, құбылыстар халқымыздың этнографиялық мұрасы
болып табылады.
Ұлттық мәдениет пен өнер негiзiнде жан-жақты эстетикалық тәрбие беру сұлулыққа, тазалыққа үйре-
ту. Жастарға еңбектiң даму өмiрiндегi мәнi мен маңызын түсiндiру, шығармашылық еңбектi дамыту,
еңбек дағдысын баланың бойына жастайынан сiңiру, оны табиғи қажеттiлiкке айналдыру, жоғары
бiлiмдiлiкке бейiмдеу.
ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г.
159
Оқушыларды еңбекке дайындау мынадай талаптарға сай болуы керек: белсендiлiк, екпiндi еңбек үлгi-
ге сәйкес емес шешiм қабылдай бiлу, тапқырлық, жеке жауапкершiлiк тәрiздес қасиеттердi қалыптас-
тыру.
Халық өнерiн игеру – оқушыны еңбек сүйгiштiкке, әсемдiкке талаптандырып, халқының тарихын
бiлiп, мәдени мұрасын қадiрлеп, дәстүрiн жалғастыра бiлуге баулиды. Қазiргi заман талабына сай оқу-
шыларды халқымыздың көнеден келе жатқан қолөнерiне үйрету бүгiнгi күнде маңызды мәселелердiң бiрi
болып отыр. Оқушылардың көркемдiк бiлiм алуын арттыру және рухани деңгейiн дамыту, шығарма-
шылыққа тәрбиелеу қазiргi кездегi көзделiнiп отырған негiзгi мәселе. Сондықтан оқушының жеке дара
қабiлетiн ескерiп, өз бетiмен iзденуге жағдай туғызу керек және өз ойын еркiн жеткiзiп бейнелеуге,
шығармашылық жұмыс жасауға жұмылдыру бiздiң басты парызымыз.
Өнер мен бiлiм беру iсiн бiр-бiрiмен ұштастырып, бала санасына ұялатуда үлкен жүрек, мол iждахат,
мейiрiмдiлiкпен қоса кәсiби талант, iзденiмпаздық, iскерлiк керек екендiгiн қадай айтуымыз керек [3. 13 б.].
Осы халық қолөнерiн бүгiнгi күнде өнiмдi технология сабағы барысында кең қолданып, жаңаша
мазмұн берiп, жастарды шеберлiкке үйретсек, өз үлесiмiздi қостық деп санауға болады.
Жастардың өміріне, жүріс-тұрысына, ізеттілігіне, тіпті еліне деген құрметіне бұл әрекеттердің қанша-
лықты әсері болады деген алаңдаушылық болса керек.
Осы кезекте қолөнерді үйретудің, ондағы тәрбиелік жүйенің қоғам өркениетіндегі мәні бұрынғыдан да
арта түсіп жаңа шығармашылық ізденістерді талап етеді [4. 11 б.].
Бұл – қазіргі өнердің барлығын жоққа шығару емес, керісінше жастарды жақсылыққа бейімдейтін,
адамгершілікке, парасаттылыққа жетелейтін өнерді тани алатын, өнерді кәсіби тұрғыдан сараптап, талдай
білетін маман етіп дайындаудың қажеттілігін түсіну деген сөз.
Технология пәні қазіргі білім жүйесіндегі ең маңызды, әрі өзекті проблемалардың бірі. Өйткені баба-
ларымыздың мұралық негізін, әдіс тәсілін, еңбектің қайнар көзін ашатын да осы технология пәні. Сондық-
тан да біз қолдан келгеннің барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып бабаларымыздан келе жатқан дәс-
түрлі өнерді қазіргі заман талабымен байланыстыра отырып барынша ұрпаққа үйретуге тырысуымыз керек.
Ұрпақ тәрбиесі мәселесін халықтық құндылықтар негізінде жетілдіру, қазіргі педагогика ғылымының
алдында тұрған ауқымды істердің бірі. Осы тұрғыдан алғанда жалпы білім беретін орта оқу орындарында
қазақтың ұлттық қолөнер бұйымдарын жаңа технологияның негізінде жасату арқылы еңбек тәрбиесін
беру, әлеуметтік сұраныс талаптарына сай көкейкесті мәселе екендігін көрсетеді. Сондықтан еңбек
тәрбиесін беру жүйесіндегі педагогикалық қызмет ету қажеттілігін қалыптастыруда жоғары оқу орын-
дарында болашақ технология сабағы мұғалімдерін даярлау процесінің көкейкесті мәселесі – олардың
кәсіби іс-әрекетке қызығушылығын, іскерлігін дамыту. Бұл мәселенің нәтижелі жүзеге асуы болашақ
технология сабағы мұғалімдерінің білім сапасынан және оны оқушыларға еңбек тәрбиесін беру процесін-
де пайдалана білуі іскерлігі мен дағдыларынан талап етіледі. Осыған орай болашақ технология сабағының
мұғалімдерін даярлау барысында оқу орындарының оқу-тәрбие процесіне қазақтың сәндік қолөнерін
жаңа технология үлгісінде жасартудың теориялық және практикалық негіздерін енгізу өте қажет [5. 23 б.].
Жалпы білім беру, орта-кәсіптік, жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдер дайындау барысында
қазақтың ұлттық қолөнерін жасату арқылы еңбекке тәрбиелеу жүйесі теориялық және практикалық тұр-
ғыдан оқыту процесінде әлі де болса нақты зерттеле қойған жоқ. Оның ең басты себебі, жоғары оқу
орындарындағы мамандандыру пәні оқытушыларының және қазақ мектептеріндегі, сурет-сызу, техно-
логия пәні мұғалімдерінің қолөнер бұйымдарын жасаудағы біліктілігі мен іскерлігі, ұлттық тәлім-тәрбие-
ден ұғымдары жеткіліксіз болуынан туындап отыр. Сонымен педагогика ғылымы саласында жарық көр-
ген жұмыстарға жасалған талдау, болашақ технология мұғалімдерін қазақтың ұлттық қолөнер бұйымда-
рын жаңа технология үлгісінде жасауға даярлау педагогикалық мәселе тұрғысынан, мұғалімнің іс-әрекет
объекті ретінде жеткіліксіз қаралғандығын, қазақтың ұлттық бұйымдары жас өспірімдерге эстетикалық,
тәрбие беру мақсатында зерттелгендігін дәлелдейді [4. 5 б.].
1. Адамқұлов Н.М. «Ұлттық қолданбалы қолөнер». – Алматы, 2005.
2. “Технология” журналы. – Алматы, 2007.
3. “Қазақстан мектебі” журналы. – Алматы, 2010.
4. Ұзақбаева С. Тамыры терең тәрбие. – Алматы, 1995.
5. «Этнокөркемдік мәдениет» журналы. 2010-2014 жж. сандары.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж.
160
Резюме
Дарменова Р.А. – к.п.н., профессор.,
Бәкірова Л.Ш. – магистр, старший преподаватель
Формирование воспитания молодого поколения на основе народного достояния.
В статье рассматривается процесс воспитания к труду молодого поколения на основе народного достояния при
обработке декоративно-прикладных искусств в высших, средних и общеобразовательных учебных заведениях на
практических и теоретических занятиях учебного процесса.
Ключевые слова: воспитание, народное воспитание, высшее, среднее и общеобразовательные учебные
заведения.
Summary
Darmenova R.A. – professor., Bakіrova L.S. – senior lecturer
Formation of the education of young generation on the basis of national wealth
The article deals with the process of education to the young generation of labor on the basis of national wealth in the
processing of decorative and applied arts in the top , middle and secondary schools in the practical and theoretical studies of
the educational process .
Достарыңызбен бөлісу: |