Заключение. Таким образом, в статье говорится об использовании учителями инновативных методов
при изучении технологии на основе кредитной системы, о выполнении требований кредитной системы
при классном и внеклассном распределении занятий, о создании условий для студентов при накоплении
баллов по выделенным кредитам.
Практическое значение и применение. Выдвинутые в статье мнения, предложения о создании интегри-
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(48), 2015 г.
84
рованного междисциплинарного преподавания по кредитной системе улучшат качество начального обу-
чения учителей, определят направление усвоения новых методов обучения студентами при накоплении
кредитов.
1
Аббасов А.Н. Педагогика. - Баку: Мутарджим. - 2015
2
Агаев А.А. Процесс обучения: традиция и современность. – Баку: Мутарджим. - 2006
3
Государственная стратегия по развитию образования в Азербайджанской Республике // газета «Учитель
Азербайджана», 2013, 25 октября.
4
Мехрабов А.О. Концептуальные проблемы современного образования. – Баку: Мутарджим. – 2010
5
Мехрабов А.О. Педагогические технологии. – Баку: Мутарджим. - 2006
6
Ахмедов Н.Н. Стратегия развития Азербайджанского образования. – Баку: Элм. - 2010
7
Ахмедов А.Н., Аббасов А.М. Интеграция в общем образовании: современные подходы. – газета
«Азербайджанский учитель. - 2013. - 10 maя
8
Керимов Я. Методы педагогического исследования. – Баку: Прогресс. – 2009
9
Керимов Я. Реформы куррикулума основа образования. Начальная школа и дошкольное образование, 2008 - №1.
10
Казымов М.С. Новые подходы к содержанию среднего образования. – Баку: Мутарджим. - 2012
11
Научно-методический журнал «Курикулум». – 2010. - №4
12
Беспалько В.П.Качество образовательного процесс. - Школьные технологии. – 2007. - № 3
13
Джиффорд Б.Р. Педагогическое образование: реформа на словах или на деле? //Б.Р Джиффорд, Т.Стодарт//
Суд над системой образования: Стратегия на будещее: пер. с анг./ под ред. У.Д. Джонстона - М.: Педагогика, 1991.
14
Селевко Г. К. Современные образовательные технологии. Учебное пособие. М., Народное образование, 1998.
15
Суветто А.Н. Качество образования: проблемы оценки и мониторинга. – Образование. – 2000. - №2
16
Поташкина М. Управление качеством образования. - М.: Педагогика. - 2000
17
Хуторский А.В. Педагогическая инноватика: методология, теория, практика. Научное издание. – М. - 2009
18
Franco M. Bologna process and EU-Russian Relatioks. Russian Political seince association: M., – december. - 2004.
19
http://www.pedagogisc- book. ru / articles/5-2-2.html.
Түйін
Технология сабағын оқытудағы кредиттік жүйе нәтижені жақсарту үшін айтарлықтай ынталандыру, ал дарынды
студенттерге оқуды 1-2 семестрге ерте аяқтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ кредиттік оқу алдыңғы курстарда
белгілі бір себептермен игерілмеген пәнді қайта оқуға, қосымша білім алуға мүмкіндік береді. Осындай тәсілдермен
оқытудың кредиттік жүйесі сабағы нашар студенттерге өз мүмкіндігін барынша қолдануға көмектеседі.
Мақалада сондай-ақ технология курсын оқытуда кредиттік оқу жүйесін енгізудегі қиындықтар мен олардың
алдын алу жолдары көрсетіледі.
Тірек сөздер: білім беру технологияларының мақсаты, кредиттік жүйені қалыптастыру, бірлесе оқыту, кредит
баллдары, курсты аяқтау, ерікті еңбек жағдайы
Резюме
Кредитная система в обучении технологии создает определенный стимул для достижения наилучших
результатов, а для одаренных студентов создает возможность завершить обучение на один – два семестра раньше.
Кроме того, она создает возможности для получения дополнительного образования, для повторного изучения
предмета, по некоторым причинам не усвоенного своевременно на предыдущем курсе. Таким образом, кредитная
система обучения помогает слабым студентам в полной мере использовать свой потенциал. В статье говорится также
о проблемах, возникающих при введении кредитной системы обучения курсу технологии и показаны пути их
преодоления.
Summary
The credit system in training of technology creates a certain incentive for achievement of the best results, and for gifted
students creates opportunity to finish training on one – two semester earlier. Besides, she creates opportunities for receiving
additional education, for repeated studying of the subject, for some reasons which isn't acquired in due time on the previous
course. Thus, the credit system of training helps weak students to use the potential fully. The article also sheds light on some
problems which appear in the teaching process of the subject of Technology and suggests some.
Key words: the purpose of educational technologies, the formation of the credit system, integrative learning, credit scores,
the completion of the course, the free working conditions
ОҚУ ПӘНДЕРІН ИНТЕГРАЦИЯЛАУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
А.А. Куралбаева, П.К. Искакова, Б.Т. Керімбаева – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(48), 2015 г.
85
қазақ-түрік университететін, Түркістан қаласы
Кез келген дамыған өндіріс қазіргі таңда білімді, құзыретті және мәдениеті жоғары деңгейде
қалыптасқан жеке тұлғаны қажет етеді. Білімді тұлға өзінің негізгі іс-әрекетін ақыл-ойға әрі алған білімді
басқа таныс емес іс-әрекетте тасымалдай алуға негіздейді.
Оқушылардың білімінің құрамы мен құрылымы және білім сапасы алдыңғы тақырыпта қарастырылуы
себепті пәндердің оқу материалы бойынша білім сапасын күшейту үшін оқытудың дидактикалық
құралдарын қолдану қарастырылады. Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттырудың
дидактикалық құралдарының негізгілерінің бірі - пәнаралық байланыстар болып табылады.
Бастауыш білім беру жүйесіндегі пәнаралық байланыстар ұғымы біздің ойымызша «қазіргі ғылымның,
техниканың, өндірістің интегралды үдерістерін көрсететін білім беру жүйесіндегі әр түрлі оқу пәндерінің
жиынтық байланыстары» ретінде қарастырылады.
Бастауыш сынып оқушысының тұлғасының қасиеттері, құзыреттері (білімі, іскерліктері мен дағдыла-
ры, жеке тұлғалық қасиеттері) негізінен мектеп қабырғасында пәндер кешенін оқу/зерделеу барысында
тұтастай алғанда ғана қалыптасуы жүзеге асырылады. Бастауыш сыныпқа арналған бағдарламаларда
«пәнаралық байланыс» деген арнайы бөлім берілген. Ондағы мақсат пәннен зерделенетін тақырыптардың
басқа қай пәннің, қандай тақырыбымен, қай сыныпта байланысы барын көрсету. Бұл байланыстардың
көпшілігі синхрондалған (пәннің логикасы бұзылмау үшін), ілгері-кейінді, қатар байланыспен қамтама-
сыз етіледі. Пәндерден алынған білімдер интеграцияланған сабақтар арқылы жүзеге асырылады [1, 84 б. ].
Оқыту үдерісі үшін «пәнаралық байланыс», «пәнаралық іскерлік» ұғымдарының мәні мен маңызын
дұрыс түсіну қажеттігі туындайды.
Пәнаралық байланыстың физиологиялық, психологиялық негізінің нәтижесі білімдер жүйесінің мида
орналасуы адамның үнемі алға ұмтылушылығына жағдай туғызады да оның шығармашылық іс-әрекетіне
дайын бола алатындығын дәлелдейді. И.П. Павлов мидың аналитикалық-синтетикалық қызметін зерттеп,
оны үздіксіз дамуда, өзгерісте болатынын анықтады. Мида сыртқы дүниеден қабылданатын көптеген
тітіркендіргіштер реттеліп жүйеге келетінін түсіндіреді. Сондықтан ойлау жүйке үдерістерінің күрделі
динамикалық жүйесі болғандықтан, ол мидың анализ, синтез қызметімен орындалады. Бұл жүйеге әр
пәннің өз ішіндегі және пәндер бірлестігіндегі білімдер жүйесі сәйкес келеді.
Пәнаралық байланыс мәселесімен бірқатар педагог ғалымдардың шұғылданғандығын көруге болады.
Р.Г.Лемберг пәнаралық байланысты оқушы дүниетанымын қалыптастырудың ең маңызды шарты,
оқушылардың әлемнің тұтас бейнесін қабылдауын қамтамасыз етуге қабілетті педагогикалық категория
ретінде қарастырады және оның пікірінше «пәнаралық байланысты құру оқушылардың ғылыми
дүниетанымын қалыптастыратын табиғат, қоғамның жалпы заңдылықтарын, ғылыми білім жүйесін
меңгеруге мүмкіндік туғызады. Пәндердің бөлшектенуін жою, оқу-танымдық көзқарасты қалыптастыру
бағытында оқушылардың нәтижелі дамуына қажетті шарттың бірі болып табылады [2, 195 б.].
М.Н. Скаткин мен М.А. Данилов жалпы білім беретін пәндерге қатысты өзара байланысты білімнің
түрлеріне былайша баға береді. Негізгі ұғымдар мен терминдер; әр түрлі объектілер мен болмыс
құбылыстары арасындағы байланыстарды және қатынастарды ашатын күнделікті болмыстық және
ғылыми фактілер; берілген пәндік саланың құбылыстарын түсіндіру және болжау нысандары мен әдісте-
рінің жиынтығын анықтау жөніндегі ғылыми білімдер жүйесін қамтитын теориялар; ғылыми және
әлеуметтік идеялар; іс-әрекет тәсілдері, таным әдістері және білімді алу тарихы, ғылым тарихы жөніндегі
білімдер; қоғамдағы белгіленген өмірлік әр түрлі құбылыстарға қатысты нормалар жөніндегі білімдер деп
танып, қарастырады [3, 16-17 б.].
В.Скакун өз жұмысында пәнаралық байланыстарды: зерделейтін оқу материалдары мазмұны;
оқушыларда қалыптастырылатын жалпы оқу іскерліктері, оқыту әдістері мен құралдары, оқушыларды
тәрбиелеу мен дамыту әдістері мен құралдары бойынша деп ажыратады. Осы ажырату бойынша
пәнаралық байланыстардың оқушы жеке тұлғасын, іс-әрекетін дамыту міндеттерін шешудегі әлеуметтік-
педагогикалық аспектісін ескеру қажет [4, 232 б.].
И.Д.Зверев пәнаралық байланыстарды толықтай көлемде жүзеге асыру тәсілдерінің сипатынсыз,
олардың білім беру, дамыту және тәрбиелеу функциясының өзара байланыстарын ашпайынша бұл
мәселені елестету мүмкін еместігін айтқан [5]. Пәнаралық байланыстардың жалпы білім беретін
функциялары оқушыларда материя қозғалысының әр түрлі формаларының өзара байланысын көрсететін
дүние жөніндегі жалпы білімдер жүйесін қалыптастыруды қарастырады. Пәнаралық байланыстардың
тәрбиелеу функциясы оқушыларда диалектикалық-материалистік дүниетанымды, өнегелік-эстетикалық
иедалдарды, жеке тұлғаның эмоционалдық-еріктік қасиеттерін қалыптастыруды көрсетеді.
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(48), 2015 г.
86
В.Н. Максимова пәнаралық байланыс оқушылардың санасына барлық пәндердің жалпылығын жеткі-
зуге және әрбір оқу пәніндегі ғылымның әдістері мен мазмұнының өзгешелігін көрсетуге арналған деп
сипаттап, пәнаралық байланыс оқыту мазмұнының ғылымилық ұстанымын жүзеге асыруға ықпал етеді
деп есептейді [6].
Пәнаралық байланыстар жөнінде, оның әр түрлі аспектілерін қарастырған зерттеушілердің еңбектері
қазіргі жағдайда оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруда, оқыту үдерісінің тиімділігін арттыруда рөлі
жоғары.
А.А. Бейсенбаева пәнаралық байланыс білімнің мазмұнына ғана қатысты емес, оның ықпалы оқыту
үдерісінің барлық құрамды бөліктерімен байланысты екенін, сол сияқты пәнаралық іскерлік оқушының
бір пәннен меңгерген білім іскерлік дағдыларын, екінші жақын пәндерді меңгеруді пайдалана білу
қабілетін көрсететінін атап көрсеткен [7, 36 б.].
Пәнаралық іскерліктер – бұл кез келген пәнді оқуы үшін қажетті іскерліктер. Мәселен, белгілі
жылдамдықпен оқи алу мен жазу, мәтіндегі бастыны таңдау және конспекті жазу, шығармашылық
операцияларды орындау: сәйкес қою, талдау, жіктеу, жүйелеу және т.б. [8, 74-79 б.].
Пәнаралық байланыстар үшін негізінен оқу-интеллектуалдық, практикалық іскерліктердің орны
ерекше. Ал, оқу-интеллектуалдық іскерліктер - ұғымдарды, заңдылықтарды, қорытындыларды, талдап
қорытуларды қалыптастыру үшін логикалық ойлау тәсілдерін игеру бойынша әрекеттер жүйесі.
Практикалық іскерліктер алған теориялық мағлұматты тәжірибеде жүзеге асырудағы іс-әрекеттер жүйесі.
Оқу-интеллектуалдық іскерліктерді танымдық әрекеттер құрайды.
Оқыту психологиясында интеграция жағдайындағы ойлау ерекшелігіне қатысты арнаулы зерттеулер
жоқ. Зерттеліп отырған проблеманың психологиялық ерекшеліктерін іздестіруде И.П. Павловтың және
М.М. Сеченевтің ілімдері басшылыққа алынады. Олар ұсынған жүйелілік қағидалар, нақтырақ айтқанда
синтетикалық көзқарас адам миының біртұтас интегративті әрекетіне сүйенетіндігіне көңіл бөлінеді.
Адам миы қызметіндегі жүйелі ақпарат интеграциясымен байланысты. Ол әр түрлі мәндік тәртіптегі
нейропсихикалық жүйенің құрылуы мен қызметінде білінеді. Мұндай жүйенің пайда болуы, сонымен
бірге интеграциялық байланыстарды тану мен меңгеруге бағытталған оқу әрекетінің нәтижелілігін
қамтамасыз етеді.
Н.Н. Светловская «Интеграция – іс-әрекеттің кезектесуі, балалар меңгерген қарапайым білім немесе іс-
әрекеттің бір пәннен екінші пәнге ауысуы. Балалардың білімдерін бекіту үшін оқыту үдерісін шапшаңда-
ту» - деп есептейді. Ол интеграция арқылы оқытуды былайша түсіндіреді: «Жаңа бүтінді қалыптастыру -
бір типтегі элементтер мен бөліктердің, әр түрлі бірнеше бөліктердің, содан кейін бұл элементтер мен
бөлшектердің айырықша, сапалы, ыңғайластырылып бірігуі». Сондай-ақ, ізденуші интеграцияны
ғылымдардың бірігуі есебінен жаңа пәннің пайда болуымен түсіндіреді. «Бастауыш оқыту тәжірибесінде
оқу пәндері интеграциясын біртіндеп енгізу арқылы дамудың жақын аймағына қолдану керек» [9, 59 б.].
Біз интеграциялау бастауыш мектепте пәндердің өзара байланысы жағдайында, бастауыш мектеп
жасындағы оқушылардың таным ерекшелігіне сай тиімді нәтижелер күтуге болады деп есептейміз.
Интеграцияның айтылып отырған деңгейі бастауыш мектепте анағұрлым тиімді. Интеграцияланған
бағдарламаларды кейбір пәндердің өзара байланысы деңгейінде құрып, бастауыш сынып мұғалімдері
жоғары нәтижеге қол жеткізуде.
Дидактикада пәндер арасындағы өзара байланыс мәселесі терең зерттелген. Қазіргі педагогика
ғылымында пәндердің өзара байланысы, дидактикалық принцип ретінде түсіндіріледі. Интеграция мен
пәндердің өзара байланысы ұғымдарын мәндес ұғымдар ретінде түсінуге болмайды, дегенмен ғылыми
білім жүйесін жетілдіру міндетімен қамтамасыз етіледі. Интеграция - жоғарыда айтылғандай, тұтастықты
қалыптастырып, білімді жүйелеу мен жинақтауда әр түрлі ғылымдарды біріктіреді.
Интеграцияны бастауыш мектепке байланыстырып алғанда - бұл пәндердің өзара байланысын жоғары
деңгейде нақтылы түрде іске асыру.
Ойлау мен танудағы байланыстарды анықтау және меңгеру үдерістері, XX ғасырдың басында басым
болған дәстүрлі дидактика негізінің құрамдас бөлігі болып табылатын, ойлау қызметінің ассоциативтік
теориясында ашылды. «Ассоциация» деген сөз «одақ», «байланысты» білдіреді. Осы жағдайда
психикалық құрылыстар мен түсініктердің арасындағы байланыстарды ескеру, назарға алу керек.
Бастауыш білім беруде (оқытуда) интеграция үдерістерінің психологиялық негіздерінің бірі ретінде
психолог Ю.А. Самариннің ассоциацивтік ойлау туралы идеялары пайдаланылады. Идеялардың мәні
мынада: кез келген білім - ассоциация, ал білімдердің жүйесі - ассоциациялар жүйесі. Ю.А. Самарин
ассоциациялардың мына түрлерін көрсетеді: Локалдық (жергілікті), жеке жүйелілік, ішкі және жүйеара-
лық сонымен қатар ойлау әрекетінің дәрежелерін, ассоциациялардың қосылу сипатына байланысты
топтастырады (классификациялайды). Локалдық ассоциация - зат немесе құбылыс туралы элементарлық
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(48), 2015 г.
87
білім құрайтын қарапайым нерв (жүйке) байланысы. Бұл - басқа білімдермен сәйкестігі жоқ, оқшауланған
(бөлектенген) байланыс, тек қарапайым ой әрекетін қамтамасыз етуі мүмкін және кіші мектеп жасына
сәйкес келеді [10].
Пәндерді интеграциялаудың психологиялық-педагогикалық қырлары көптеген ғалымдардың еңбектері
мен зерттеу жұмыстарыңда қарастырылған. Мысалы, В.В. Краевский, А.В. Петровский, М.Н. Берулава,
Н.Ф. Талызиналар педагогиканың басқа ғылымдармен интеграциясын; В.С. Леднев пен Г.Д. Глейзер
білім беру мазмұнындағы интеграцияны; Л.Новикова мен В.Караковский интеграцияның балаға тәрбие-
лік әсер етуін; Г.Ф. Федорец пен С.М. Гапеенкованың оқытуды ұйымдастырудағы интеграцияны өздері-
нің еңбектерінде зерттеген.
Қазақстан ғалымдары мен әдіскерлері де оқушыларды дамыту жолдарының бірі ретінде пәндер инте-
грациясына көңіл бөліп келеді. Бұл бағыттағы зерттеулерге үлес қосқандар Н.Орасқанова, О.Мұсабеков,
С.В.Илларионов, А.А.Бейсенбаева, Ә.Мұханбетжанова, т.б. болды. Олар пәндер интеграциясы кезінде
педагогикалық жағдаяттар жасалып, оқушыларының ой желісінің жалғасуына, ұғымды тиянақты
меңгеруге, ойды сақтау мүмкіндіктерін арттыруға жағдай жасалатындығын дәлелдеп берді.
Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекеті үдерісінде жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша
білім беру және дамытудың нәтижелері, интеграция факторын есепке алғанда және білім мазмұнын
интеграциялаудың белгілі бір педагогикалық шарттарын сақтаған кезде ғана қол жеткізіледі.
Оқытудың өмірмен байланысы - дидактиканың негізгі қағидаларының бірі болып табылады және ол
педагогтар мен психологтар еңбектерінде арнайы зерттелген. Психологтар оқушылардың алған
білімдерін тәжірибеде қолдана білуін, олардың танымдық және психикалық үдерістерін дамытатындығын
(қабылдау, ойлау, қиял) дәлелдеген болатын.
Сол сияқты зерттеулер көрсеткендей, тұлғаның білімді, икемділікті меңгеру дәрежесі және оларды әр
түрлі практикалық әрекетте қолдануы, олардың әлеуметтік белсенділігінің де маңызды көрсеткіші болып
табылады. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылар (тек олар ғана емес) жеке білімдерін практикада
қолдана алмайтындығын, өзін қоршаған дүние туралы ұғымдарды, олардың жүйесін талдай, қорытынды
жасай білмейтіндігін, білімді жаңа жағдайға көшіре алмайтындығын көрсетті. Бұл бастауыш сынып
оқушыларында өзіндік және жүйелік ойлаудың қалыптаспағандығының дәлелі.
Оқушылардың жүйелік ойлауы, танымдық әрекеттің шығармашылық тәсілдері, оқушыда құндылық
бағдардың қалыптасуына, білімнің жеке элементтері арасында байланыс орнығуына жағдай туғызады.
Білім берудегі дифференциацияны жоққа шығармайтын, оны толықтыратын интеграциялық жүйені
ендіру, дәстүрлі білім беруге қарағанда оқушыларда біртұтас дүние бейнесін, өзінде бар білімді жүйелеу
қабілетін меңгерген және әр түрлі проблеманы шешуге дәстүрден тыс келе алатын оқушыны
қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сонымен ғалымдардың психологиялық ой-пікірлерін, еңбектерін талдай отырып, пәндер интеграция-
сы негізінде білім сапасын арттыруда бастауыш сынып оқушыларының жас кезеңдеріне байланысты
дербес ерекшеліктері, қабылдаудың және зейіннің тұрақсыздығы мен шашыраңқылығы, танып-білуге
деген белсенділігі, эмоционалдық көңіл-күйін ескеріп отыру қажеттігі анықталды.
Психологтар оқушылардың қабылдау ерекшеліктерін практикада дәлелдеген, оның ұғымды (түсінікті)
қалыптастыру кезінде салыстыру әдісі үлкен мәнге ие болатынына көз жеткізген. И.М. Сеченов осыған
байланысты сенімді түрде: «Адам сыртқы табиғат жөніндегі теориялық білімдердің жартысын үдерістер
ұқсастығы бойынша заттар мен құбылыстарды салыстырудың мәнінде қол жеткізеді» - деп жазған.
Оқушылардың білім сапасын арттыру оқыту/оқу үдерісін құраушы, жүзеге асырушы элементтерге,
бөліктерге және оларды танып білуге, үдерісті ұйымдастыруға байланысты.
Жоғары жүйке қызметiнiң ерекшелiктерiне және оған негiзделген адамның қабылдау психологиясына
сүйене отырып, педагогикалық және психологиялық тұжырым жасалады: оқу материалын ұсыну
барысында меңгерудiң жоғары сапасына оқытушының сөзi мен көрнекi түрде берiлетiн бейненi тiкелей
ұштастырудың нәтижесiнде қол жеткiзуге болады. Көрнекiлiктi жүзеге асыру логикалық тәсілдердің
негiзгi басты мүмкiндiктерiнiң бiрi.
Сонымен қорыта келе біз оқытуда, білім сапасын арттыруда пәнаралық интеграциялаудың психоло-
гиялық-педагогикалық негізін құраушысының бір элементтеріне оқушылардың логикалық ойлау тәсілде-
рін (логикалық методологиялық білімдерді; пәнаралық іскерліктерді) жатқызамыз. Логикалық ойлау
тәсілдері деп, білім сапасын арттырудағы оқушының ойлау қызметін қалыптастыру (ойлау тәсілдері)
және оқу материалдарындағы негізгіні, маңыздыны бөлу; себеп-салдарлық байланыстарды бөліп алу;
салыстыру; талдау; жинақтау; талдап қорыту және т.б. оқу іс-әрекетінің жалпы тәсілдерін (әрекеттер)
түсінеміз.
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(48), 2015 г.
88
1
Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты. –Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы
Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, 2009. - 23 б.
2
Құдайқұлов М.Ә. Творчестволық және бәсекелестік қабілеттілік. − Алматы: Школа ХХІ века, 2006. - 76 б.
3
Бейсенбаева А.А. Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру: жоғары оқу орындарының
студенттеріне арналған оқу құралы. − Алматы: РБК, 1995. - 117 б.
4
Дидактика средней школы/под.ред. М.А.Данилова и М.Н.Скаткина. – М.: Просв., 1975. - 303 с.
5
Скакун В.А. Преподавание общетехнических и специальных предметов в училищах профтехобразования. - М.:
Высшая школа, 1980. - 232 с.
6
Зверев И.Д., Максимова В.Н. Межпредметные связи в современной школе. - М.: Педагогика, 1981. - 160 с.
7
Максимова В.Н. Межпредметные связи в учебно- воспитательном процессе современной школы. - М., 1987. –
С. 52-67.
8
Климов Е. А. Как выбирать профессию. - М.: Просвещение, 1984. -160 с.
9
Светловская Н.Н. Об интеграции как методическом явление и ее возможностях в начальном
обучении//Начальная школа. - 1990. - №5. - 61 с.
10
Самарин Ю.Я. Очерки психологии ума. - М., 1962. - С. 494-502.
Достарыңызбен бөлісу: |