Хабаршы «Педагогика ғылымдары» сериясы



Pdf көрінісі
бет21/57
Дата14.02.2017
өлшемі5,69 Mb.
#4128
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   57

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Рис-1 Модель развития рефлексии будущего специалиста по переводу 
 
В  ходе  моделирования  нами  установлено,  что  переводческая  деятельность  ведёт  к  осознанию 
потребности  в  грамотной,  постоянной  рефлексии.  Учитывая,  что  профессиональная  рефлексия 
развивается  на  основе  личностной,  мы  предположили,  что  развитие  идет  по  двум  основным 
направлениям: развитие личностной рефлексии и развитие профессиональной рефлексии. 
Мотиваци- 
онный 
Креатив-
ный  
Технологи- 
ческий 
Оценоч-
ный  
Коммуника-
тивный  
Развитие личностной рефлексии  
Развитие профессиональной рефлексии 
Погружение в себя  
Погружение в профессиональную 
деятельность  
Анализ 
личностны
х качеств 
Анализ 
профессио-
нальных
 
качеств
 
 
Анализ 
своих 
ЗУН 
Анализ 
эффективности 
собственной
 
деятельности 
Планирование 
путей дальнейшего 
самосовершенство 
вания 
Рефлексивный анализ полученной информации 
Компоненты рефлексии 
Результат: профессиональное развитие 
Педагогическая практика 
Осознание потребности и рефлексии 
Цель: Обеспечение развития рефлексии будущего времени 
Принципы: диалогичности, интеграции, преемственности, координации 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(48), 2015 г. 
110 
Развитие профессиональной рефлексии – погружение в собственную профессиональную деятельность. 
Развитие  профессиональной  рефлексии,  проходя  в  рамках  рефлексии  личностей,  влияет  на  неё,  а 
личностная рефлексия, в свою очередь воздействует на профессиональную. Рефлексия включает в себя 
осмысление  результатов  и профессиональной и личностной рефлексии. Результатом рефлексии служит 
анализ собственных личностных качеств, к которым мы относим качества необходимые профессионалу. 
Но анализ профессиональных качеств проходит по средствам профессиональной рефлексии в процессе 
погружения  в  профессиональную  деятельность.  Результатом  погружения  в  профессиональную 
деятельность  становится  анализ  своих  профессиональных  знаний,  умений  и  навыков,  анализ 
эффективности  собственной  переводческой  деятельности.  Взаимосвязь  и  взаимовлияние  различных 
видов  рефлексии  очевидна,  так  как  анализ  эффективности  собственной  деятельности  невозможен  без 
осознания обратной связи с говорящим и анализа своих знаний, их качества и достаточности[2]. 
 
1  Гершунский  Б.С  Философско-методологические  основания  стратегии  развития  образования  в  России.  –  М.: 
ИТП и МИО-РАО., 7 – 9с. 
2 Мириманова М.С. Информационно-когнитивные процессы. М., 1989-76-78с. 
3 Щедровицкий Г.П. Рефлексия и ее проблемы. М., 1975. С. 10–16с. 
4 Тюков А.А. О путях описания психологических механизмов рефлексии. Наука СО АН 1987-68с. 
 
Түйін 
Бұл  мақала  аудармашының  кәсіби  қызметіндегі  рефлексивті  дағдыларды  қалыптастырудың  әдістемелік 
негіздерін  дамыту  мәселелерін  қарастырады.  Болашақ  аудармашылардың  кәсіби  рефлексивті  қызметін 
қалыптастыру  заманауи  жоғарғы  оқу  орындарда  білім  үрдісін  басқарудың  жаңа  инновациялық  формаларына 
көшірудің маңызды педагогикалық жағдайларының бірі болып табылады. 
Кілт  сөздер:  кәсіби  рефлексия,  интерграция  және  координация  қағидаттары,  білім  модернизациясы,  лингво-
елтанымдық реалилер 
 
Summary 
This  article  is  devoted  to  the  problem  of  reflexive  skills  formation  in  translator's  professional  work.  Development  of 
reflective skills of the future interpreter is a fundamental pedagogical conditions which allow to transmit for innovative forms 
of educational management in the modern universities. 
Key  words:  professional  reflexing,  the  principle  of  integration  and  coordination,  modernization  of  education, 
lingvocultural really 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(48), 2015 г. 
111 
УДК 796.019 
 
БОЛАШАҚ ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІ МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУ ҮДЕРІСІНДЕ 
АҚПАРАТТЫҚ-КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ  
 
Е.Е. Сейдахметов – доцент, Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ, «Дене тәрбиесі» кафедрасының меңгерушісі 
 
Бұл  еңбекте  қаралған  тәжірибе  жүзінде  дәлелденгеніндей  кез  келген  оқытушыға  өз  қызметтеріне  компьютерді 
пайдалануы  олардың  әлемдік  ақпараттық  кеңістікке  енуде  ақпараттық  мәдениетінің  қалыптасуы,  инновациялық 
әдістер мен құралдарды оқу процесіне пайдалану болашақ дене мәдениеті мамандарының пәндерді игеруде қызығу-
шылықтарын  арттыру,  осылайша,  оқытушы  білім  беру  мен  тәрбиелеудің  тұлғалық-бағдарлық  мәселелері,  білім 
алушының  ғылыми  жобалармен  айналысу  және  оны  жүзеге  асыру,  білім  алушының  жеке  тұлғасын  дамытуға 
бағытталған жаңа педагогикалық технолгияларды таңдау тәсілдері, оқытушының кәсіби шеберлігін дамытуға бағыт-
талған  теориялық-методологиялық  және  әдістемелік  проблемалар,  компьпютерлік  техниканың  дидактикалық 
мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға пайдалану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту әдістері мен формаларын 
жетілдіруде жақсы әсерін тигізетіндігі айтылған .  
Дене  мәдениеті  саласында  ақпараттық  -  компьютерлік  құралдарды  қолдану  арқылы  әлемдік  деңгейдегі  жаңа 
ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалана отырып білім алушының жеке тұлғасын қалыптастыру, дене 
мәдениеті  мен  спорттық  білім  берудің  теориясы  мен  практикасының  табысты  дамуына  сәйкес  жаңа  ғылыми 
жаңалықтары, алған сапалы білім мен тәрбиенің нәтижесінде жеткен жетістіктері, әлуметтік-рухани құндылықтары, 
мотивациялық  құнды  бағдары,  интеллектуалды  қабілеттері  сапалы,  жүйелі  меңгермейінше  сауатты,  жан-жақты 
білгір маман болу мүмкін еместігі көрсетілген. 
Кілтті  сөздер: ақпараттық-компютер технологиялар, дене мәдениеті, жаңа ақпараттық технологиялар, болашак 
маман 
 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңында  көрсетілген  білім  беру  жүйесінің  негізгі 
міндеттерінің  бірі-оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  компьютерлік  ақпараттық  қамтамасыз  ету, 
білім  беру  болашақ  дене  мәдениеті  мамандарын  ғылымның  негіздерімен  сусындату,  жаңалықтарға 
ынталандыру, іздемпаздыққа баулу [1]. 
Оқытушы  –  ақпараттанушы  емес,  білімгерлерге  жеке  тұлғалық  және  интеллектуалды  дамуын 
жобалаушы.  Ал  бұл  оқытушыдан  жоғары  құзырлылықты,  ұйымдастырушылық  қабілеттілікті,  білім 
алушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын 
дамыту бағыттарын талап етеді. 
Дене  мәдениеті  саласында  білім  алушылардың  дене  дайындығындағы  ақпараттық  компьютерлік 
қамтамасыз  етудің  моделін  жасауда  біз  ақпараттық  компьютерлік  қызметпен  қамтамасыз  ету  келесі 
жағдайларға себепкер болатындығы көрсетілген.  
Дене  мәдениеті  саласындағы  білім  алушының  дайындығын  ақпараттық  –  компьютерлік  қамтамасыз 
етуші  модельді  қалыптастыру  кезінде  біз  модельдің  түпкі  мән-мағынасымен  байланысты  негізгі 
тұжырымдамалық нұсқаулықтарға сүйенгенбіз. 
Білім  беруді  ақпараттандыру  –  бұл  ақпараттық-коммуникациялық  технологияның  құралдарын  білім 
беру  саласына  қолданудың  әдіснамалық  және  тәжірибелік  құндылықтарын  зерттеп,  оқыту  мен 
тәрбиелеудің психололиялық және педогогикалық мақсаттарына бағыттап қамтамасыз ету  процесі. Бұл 
процесс мына бағыттар бойынша жетілдіріледі:  
-білім  беру  жүйесінің  басқару  механизміндегі  ғылыми-педагогикалық  ақпараттар  мен  ақпараттық-
әдістемелік материалдарды автоматтандыру арқылы оның қолданылу аясын жетілдіру және басқару ісіне 
коммуникациялық желілерді қолдану; 
-ақпараттық  қоғам  жағдайында  жеке  тұлғаның  даму  бағыттарының  міндеттерін  негізге  ала  отырып, 
оқытудың  мазмұнын,  әдістері  мен  оны  ұйымдастыру  формаларын  таңдау  мен  оның  методологиясын 
жетілдіру; 
-білім  алушының  интеллектуалдық  қабілетін  дамытуға,  өздігінен  білім  алуға,  түрлі  ақпараттарды 
өздігінен  өңдеу  сияқты  әрекеттерге  бағытталған  оқытудың  әдістемелік  жүйесін  ақпараттық-
комуникациялық технология арқылы құру; 
-білім  алушының  білім  деңгейін  бағалау  мен  бақылау  әдістерін  талдау  бағытында  компьютерлік 
тестілерді құру және талдау. 
Дене  мәдениеті  мамандығы  бойынша  білім  алушылардың  денесіне  сапалы  білім  беруге  қажетті 
ақпараттандыру процесі жағдайында жеке тұлғаның интеллектуалдық, қоғамдық, экономикалық, комму-
никациялық  сияқты  іс-әрекеттерін  түрлі  салаларға  қолдану  арқылы  құзырлықтарын  қалыптастырудың 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(48), 2015 г. 
112 
қажеттілігі туындап отыр. Ақпараттық компьютерлік қамтамасыз етуде біз нені үйренеміз, соны анықтап 
нақтылау  қажет.  «Қамтамасыз  ету  термині»  кімді,  қалай,  қандай  құралмен  сапалы  жабдықтау  сияқты 
бүгінгі таңда жоғары білім беру жүйесінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жаңа білім 
беру жүйесін қалыптастыруға бағытталған стратегиялық шешім оқу үрдісінде қарастыру қажет. 
Дене  мәдениеті  мамандығы  бойынша  білім  алушыларға  ақпараттық  –  компьютерлік  тұрғыда  білім 
беру,  біздің  көзқарасымыз  бойынша,  оқытушы  өзіне  әртүрлі  ақпараттарды  және  білім  беру  сапасының 
мониторингісін  түзетін,  болжамдайтын,  басқарушы,  жекелей  технологиялық  құралдарды  қамтитын 
біртұтас  жүйені  құрайды.  Негізгі  дидактикалық  талаптарды  айқындауда  компьютерлік  ақпараттық 
қамтамасыз  етуде  олардың  артықшылығы  жаңа  ақпараттық  технологияларды  қолданумен,  оқу 
материалын  мақсатты  түрде  пайдалану,  жеткіліктілік,  көрнектілікті,  заманауи  құрылымдылығы, 
күрделілік деңгейі, өз мерзімінде орындалуы сияқты талаптармен ерекшеленеді. 
Дене  мәдениеті  саласы  бойынша  жоғарғы  оқу  орындарына  арналған  жобалық  мемлекеттік 
бағдарламасында  белгіленгендей,  жоғарғы  оқу  орындарындағы  дене  тәрбиесі  оқытылатын  пән  ретінде 
және болашақ маманның тұлға ретінде біртұтас дамуының маңызды компоненті анық көрсетілген. 
Дене мәдениеті мамандығы бойынша білім алушының қабілеттері мен мәнді мағыналы күш – қуатын 
іске асыру межесі мен әдістері, сонымен қатар өмірлік іс-әрекетінің биологиялық мүмкіндігін қамтамасыз 
ететін әлеуметтік мәдени болмыстық факторлардың алғы шарттарының бір түрі болып табылады. 
Бұл орайда білім алушылардың дайындығын ақпараттық-компьютерлік қамтамасыз ету үшін қажетті 
база ретінде дайындықтың процессуалдық және мазмұндық жақтарының педагогикадағы дидактикалық 
біртұтастығы  болып  табылады.  Дидактикалық  біртұтастықтың  өзі  оқу  пәндерінің  мазмұнын 
дидактикалық  үдерістен  тыс  жүзеге  асыру  мүмкін  еместігін  және  нақты  мазмұнды  жүйеге  асырмай 
дидактикалық үдерістің де жүзеге аспайтындығының айқын дәлелі болмақ [2]. 
Өзінің ұсынылған анықтамалық ұғымына қарай, ұсынылып отырған қамтамасыз етудің түрі - өзіне екі 
жеке-дара  дербес  және  сол  мезетте  өзара  тығыз  байланысты,  бірін-бірі  өзара  толықтырушы,  құрамдас 
ақпараттық және компьютерлік бөлімдерін қамтитын технологиялық жүйе болып табылады. 
Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар білім беру іс-әрекеттерін жүргізуге арналған кең ауқымды 
құралдарды  ұсынатындығын  айтуға  тиістіміз,  нақтылап  айтқанда:  алуан  түрлі  графикалық,  дыбыстық 
және  бейне  әсерлік  қалыптағы  түрлі  ақпаратпен  қамтамасыз  ету,  компьютермен  арадағы  оқытушы 
диалогтарды, іскерлік ойындарды т.с.с модельдеу мүмкіндіктері.  
Дене  мәдениеті  білім  алушының  жеке  тұлғасын  қалыптастыруда  негізін  қалаушы  бірқатар 
принциптерге сүйенеді: 
-  тұлғаның  дене  мәдениетін  қалыптастыруда  педагогикалық  технологиялар  жүйесіндегі  элементтер 
арасындағы өзара байланыстардың қатаңдығы мен біртұтастық принципі; 
- мақсаттылыққа қатысты болжамдылық принципі;  
-
 
дене мәдениеті саласындағы ғылымилық принципі; 
-
 
білім беруші іс-әрекеттің нәтижесін объективті бағалау принципі;  
-
 
тұлғаның дене бітімін қалыптастыруда мәдени тұрғыдан көзқарас таныту принципі; 
-
 
дене мәдениетіндегі дамытушылық және нақтылаушылық принципі; 
-
 
дене мәдениетінің вариативтілік принципі;  
-
 
дене мәдениеті мен тәрбиелеу үдерісін ықшамдау принципі [3]. 
Оқыту  материалы  білім  берушінің  алдына  қойған  білімділік  мақсаттарына  сай  оқыту  тақырыптары 
мен  нақты  оқыту  сабақтарының  мазмұнын  жасауда  жоғарыда  аталған  құралдарды  пайдаланудың 
маңыздылығын  болашақ  маманды  кәсіби  дайындауда  ақпараттық  технологияларды  қолдану  мәселесін 
зерттеген  ғалымдар  К.М.Беркімбаев  А.М.Кеңесбаев  және  т.б.  Ал  болашақ  дене  мәдениеті  мамандарын 
кәсіби даярлаудың мәселесін Б.Қ.Мухамеджанов, Ш.Б.Оразовтардың еңбектерінде қарастырылған.  
 Зерттеу  мәселесіне  қатысты  педагогикалық  әдебиеттерді  сараптау,  компьютерлік  ақпараттық 
қамтамасыз ету жоғары білім беру жүйесіндегі қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану 
негізгі төрт саланы қамтитын бағыттарға бөлуге мүмкіндік береді: 
1.  Компьютерлік  техника  және  кәсіби  мақсаттарға  арналған  технология  саласын  оқып  білу  (зерттеу) 
объектісі ретінде. Компьютерлердің білім беру саласында пайда болу тарихы алғашында кәсіптік білім 
жүйесінде кейін жалпы білім жүйесіндегі есептеуіш техника негізіне оқытумен байланысты. 
Білім  берудің  әр  түрлі  сатысында  кез  келген  бір  пән  немесе  пәндердің  бір  тобы  қалай  оқытылса, 
компьютерлік техника мен кәсіби мақсаттарға арналған технология солай оқытылуы білім берудің жалпы 
мазмұндық мәселесіне тікелей байланысты. 
Жалпы  және  кәсіби  білім  беру  жүйесінде  білім  алушыны  дайындау  жоспарында  қажетті  кез  келген 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(48), 2015 г. 
113 
пәннің болуы ең алдымен әлеуметтік, экономикалық және ғылыми техникалық ілгерілеудің (прогрестің) 
перспективалық,  өзекті,  объективті  талаптарымен,  сонымен  қатар  білім  алушылардың  жеке  біліктілік 
сұраныстармен  байланысты  болмақ.  Бірақ  кез  келген  пәнді  оқытудың  тиімді  жолдарын  ізденудегі 
әдістемелік  және  дидактикалық  мәселелердің  маңыздылығына  қарамастан  білім  беру  жүйесіне  әсіресе 
жаратылыстану мен гуманитарлық циклдегі «дәстүрлі» пәндермен барынша жүктелген жалпы білім беру 
жүйесіне аталған пәнді енгізу мақсаттылығының өзін негіздеу аса маңызды. 
2.  Компьютер  –  педагогикалық  іс-әрекеттің  тиімділігін  арттыру  құралы.  Міне,  тек  осы  анықтамада 
ғана компьютер және кәсіби мақсаттарға арналған технологиясы білім беру жүйесінің бір құрамдас бөлігі 
ретінде қарастыра келе, білім үдерісіне қатысты «құрал» түсінігінің өзі түбегейлі қайта өзгертулер енгізе 
алады,  сонымен  қатар  кез  келген  білім  беру  жүйесінің  құрамдас  бөліктеріне;  мақсатына,  мазмұнына, 
оқытудың әдістемелік және ұйымдастырушылық түрлеріне, кез келген деңгейдегі және кәсіби бағдардағы 
оқу орындарында білім алушылардың дамуы мен тәрбиесіне айтарлықтай өз әсерін тигізе алады. 
Сонымен компьютер адамзаттың қарқынды (прогрессивті) дамуында және оның интегративті интел-
лектуалды құзіреттілігін дамыту, оның ғылыми техникалық және экономикалық қызметінің жеделдетілуі. 
3.  Компьютер  –  білім  беру  саласындағы  ғылыми  зерттеушілік  іс-әрекетінің  тиімділігін  арттыру 
құралы.  
Тәжірибе жүзінде дәлелденгеніндей кез келген оқытушыға өз қызметтеріне компьютерді пайдалануы 
олардың  әлемдік  ақпараттық  кеңістікке  енуде  ақпараттық  мәдениетінің  қалыптасуы,  инновациялық 
әдістер  мен  құралдарды  оқу  процесіне  пайдалану  болашақ  дене  мәдениеті  мамандарының  пәндерді 
игеруде  қызығушылықтарын  арттыруда.  Қазіргі  кезеңде  білім  берудегі  ақпараттық  және 
коммуникациялық технологияларды пайдалану оқытушылардың біліктілігін көтеру мен қайта даярлауда 
орны  ерекше.  Сонымен  бірге  жоғарғы  оқу  орындарында  маманды  дайындаудың  мазмұнды  аспектісін 
қамтамасыз  ететін  аталған  екі  құрамдас  бөліктің  біріншісін,  алға  қойылған  дидактикалық  мақсаттарға 
жетуге ықпал ететін, яғни кепілденген педагогикалық нәтижеге жетуге әсер ететін оқытушы ақпаратты 
білім алушыларға толық әрі дәл ұсыну мәселесі шеңберінде қарастырған тиімді.  
Дене мәдениеті саласындағы білім алушы жастардың дайындығы ақпараттық  қамтамасыз етудің  өзі 
жүйелі  кешенді  құрайды.  Ал  бұл  кешенге  білім  алушылармен  оқытушылар  арасында  педагогикалық 
белсенді  ақпараттық  өзара  байланысын  орнату  үшін  қажетті  жағдайды  жасау  мақсатында  қолданбалы 
педагогикалық бағдарламалар қоры, мәліметтер базасы, сонымен қатар, оқу үдерісін қамтамасыз етуші 
және қолдаушы дидактикалық құралдары мен әдістемелік материалдары енеді. Осылайша электронды та-
сымалдағы пәндік салаға жауап беретіндей өзіндік білім базасын қалыптастыру керектігі айтылып отыр.  
Сонымен  ақпараттық  қоғам  жағдайында  педагог  мамандардың  ақпараттық-коммуникациялық 
құзырлығын  қалыптастыру  көрсеткіштері  бірқатар  жоғарғы  оқу  орындарында  болашақ  дене  мәдениеті 
мамандарын дайындауда табысты түрде қолданылып келеді. Оқытылатын пәндер бойынша ақпараттық 
қамтамасыз етуші дидактикалық кешеннің құрамына мыналар енгізілген:  
-
 
пәндер бойынша жұмыс жасаушы бағдарламаның әлемдік ақпараттық кеңістікке саналы түрде енуі; 
-
 
базалық бағдарламалық қамтамасыздандырушы (офис) жиынтығы; 
-
 
ақпараттық ортада жеке тұлғаның шығармашылық сапасын дамыту мен қалыптастыру және өзіндік 
ақпараттық ортаны құру дағдыларын қалыптастыру. 
Осындай кешендерді пайдаланудағы артықшылықтардың ішінен келесілерін ерекше атап өткен дұрыс 
болар:  
-  біріншіден,  аталған  дидактикалық  кешендер  пайдаланушыларға  оқытушы  қажетті  ақпаратты 
жинақтау,  ұйымдастыру,  сақтау,  өңдеу,  көрсету  және  беру  мақсатында  шоғырланған  педагогикалық 
құралдардың біртұтас жүйесі сияқты жобаланады және құрылады; 
-  екіншіден,  дидактикалық  кешендердің  барлық  элементтері  өзара  өте  тығыз  байланысты,  сонымен 
қатар бағдарламалы құралдары және біртұтас ақпараттық негізі қаланған ортасы бар; 
-  үшіншіден,  дидактикалық  кешендерді  жобалаудағы  бастапқы  кезінен,  оның  жоғары  оқу 
орындарының  бөлшектелген  және  локальды  компьютерлік  желілерінде,  сонымен  бірге  қашықтықтан 
оқытуда пайдалана алу мүмкіндігі алдын-ала қарастырылады [4]. 
Білім  алушыны  дайындаудағы  процессуалдық  жағын  қамтамасыз  ететін  құрамдас  бөлігі  ретінде 
оқытудың  ақпараттық  ортада  ақпаратты  алу,  таңдау,  сақтау,  қабылдау,  түрлендіру,  жіберу  және  бір-
бірімен сабақтастыру мәдениеттерін қалыптастыру жаңа заманғы ақпараттық технологияларды қолдану 
негізінде  жүзеге  асатын  компьютерлік  қамтамасыз  етуді  қарастырған  дұрыс.  Интерактивті 
телекоммуникациялық  технологиялардың  (барлық  деңгейдегі  компьютерлер,  интернет,  қашықтықтан 
оқыту және т.б.) жиынтығы болып табылады. [5]. 
Жаңа  ақпараттық  технология  құралдарын  сабақтарда  пайдалану,  білім  алушының  шығармашылық, 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(48), 2015 г. 
114 
интеллектуалдық  қабілетінің  дамуына,  өз  білімін  өмірде  пайдалана  білу  дағдыларының  қалыптасуына 
әкеледі.  Компьютерлік  техниканың  дидактикалық  мүмкіндіктерін  педагогикалық  мақсаттарға  қолдану, 
білім  мазмұнын  анықтауда,  оқыту  формалары  мен  әдістерін  жетілдіруде  жақсы  әсерін  тигізеді.  Білім 
алушы мен білім берушінің арасындағы белсенді педагогикалық өзара байланысқа ықпал ететін қажетті 
ақпараттық ортаның қалыптасатын маңызды өзегі болып табылады [6]. 
Оқытудың ғылыми-ақпараттық технологияларын жобалау кезінде педагог ең алдымен дайындықтың 
мазмұны  мен  мақсаттарына  сай  шешілген  мәселелерге,  қолданыстағы  әдістемелерге  сай  дидактикалық 
кешеннің  құрылымы  мен  мазмұнын  айқындайды.  Бұл  жағдайда  дидактикалық  кешен  оқытудың  жаңа 
ақпараттық технологияларының шешуші элементіне айналып, өз қызметі бойынша жұмыс жасайды. 
Оқытудың  жаңа  ақпараттық  технологияларын  педагогтің  көмегімен  жобалаудың  нәтижесі  бұл 
болашақ  оқу  үдерісі  жобасының  өзіндік  құжаты  бола  алатын  технологиялық  карта  болып  табылады. 
Жалпы  оқу  үдерісі  жобасының  технологиялық  картасы  оқытудың  табыстылығын  қамтамасыз  ететін 
біртұтас және кең көлемде көрсетілген келесі басты параметрлерін қамтиды: 
Диагностикалық  мақсаттылық,  логикалық  құрылым,  бақылау  тапсырмалары  мен  материалды 
мөлшерлеу,  дидактикалық  үдерісті,  дидактикалық  кешеннің  қажетті  элементтерін  қолдану  реттілігін 
айқындайтын  педагог  қызметінің  алғашқы  қадамдық  және  кезеңдік  бірқалыптылығы,  бақылау  жүйесі, 
бағалау және нақтылау сияқты параметрлерін қамтиды.  
Сонымен ақпараттық компьютерлік қамтамасыз ету шеңберінде оқытуды жаңа ақпараттық техноло-
гиялар үдерісі ретінде немесе оны жобалаудың (суреттеудің, моделдеудің, нәтижесі ретінде ғана қарасты-
рылмайды,  сонымен  қатар  ол  педагог  қолындағы  өзіндік  «құрал-сайман»  ретінде,  оған  оқу  үдерісін 
технологиялық деңгейде ұйымдастыруға мүмкіндік беретін арнайы құрал ретінде қарастырылуда. 
Осылайша,  оқытушы  білім  беру  мен  тәрбиелеудің  тұлғалық-бағдарлық  мәселелері,  білім  алушының 
ғылыми  жобалармен  айналысу  және  оны  жүзеге  асыру,  білім  алушының  жеке  тұлғасын  дамытуға 
бағытталған  жаңа  педагогикалық  технолгияларды  таңдау  тәсілдері,  оқытушының  кәсіби  шеберлігін 
дамытуға  бағытталған  теориялық-методологиялық  және  әдістемелік  проблемалар,  компьпютерлік 
техниканың  дидактикалық  мүмкіндіктерін  педагогикалық  мақсаттарға  пайдалану,  білім  мазмұнын 
анықтауда, оқыту әдістері мен формаларын жетілдіруде жақсы әсерін тигізді [7].  
Дене мәдениеті саласында ақпараттық - компьютерлік құралдарды қолдану арқылы әлемдік деңгейдегі 
жаңа  ақпараттық  технологияның  мүмкіндіктерін  пайдалана  отырып  білім  алушының  жеке  тұлғасын 
қалыптастыру,  дене  мәдениеті  мен  спорттық  білім  берудің  теориясы  мен  практикасының  табысты 
дамуына  сәйкес  жаңа  ғылыми  жаңалықтары,  алған  сапалы  білім  мен  тәрбиенің  нәтижесінде  жеткен 
жетістіктері,  әлуметтік-рухани  құндылықтары,  мотивациялық  құнды  бағдары,  интеллектуалды 
қабілеттері сапалы, жүйелі меңгермейінше сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес. 
Білім  беруде  жаңа  ақпараттық  технологияны  меңгеру  оқытушының  кәсіптік,  адамгершілік,  рухани, 
азаматтық және басқа да көптеген ұстаздық келбетінің қалыптасуына өз әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, 
оқу-тәрбие  үрдісін  жүйелі  ұйымдастыруына  көмектеседі.  Қандай  сабақтың  болмасын  қызықты  өтуі 
оқытушының  үнемі  іздену,  ұтымды  әдіс-тәсілдерді  қолдану,  оқыту  әдістемесін  жаңартып  отыруына 
байланысты 
 
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы //Егемен Қазақстан, 1999.-7 маусым. 
2 Кеңесбаев С.М. Жоғары педагогикалық білім беруде болашақ мұғалімдерді жаңа ақпараттық технологиялар-
ды пайдалана білуге даярлаудың педагогикалық негіздері. Пед. ғыл. докт. дисс....-Түркістан, 2006, 312 б. 
3. Мухамеджанов Б.Қ. Болашақ дене мәдениеті мамандарын кәсіби дайындаудың ғылыми практикалық негіздері 
Пед. ғыл. докт. дисс....- Түркістан, 2010.  
4.  Беркімбаев  К.М.  Болашақ  экология  мамандарын  кәсіби  даярлаудағы  информатикалық  пәндерді  оқыту 
үдерісінің педагогикалық жүйесі. Пед. ғыл. докт. дисс....- Түркістан, 2007. – 44б. 
5.  Оразов  Ш.Б.  Қашықтықтан  оқыту  бойынша  оқытушылардың  кәсіби  құзырлығын  қалыптастырудың 
теориялық және әдіснамалық негіздері. Пед. ғыл. докт. дисс....- Түркістан, 2011ж. 
6.  Жаңа  формацияда  кәсіптік  білім  берудің  өзекті  мәселелері»  атты  3-дәстүрлі  Халықаралық  ғылыми  -
тәжірибелік интернет конференция 2-том -2015ж. 422 бет. 
7.  Кенджаева  Б.Б.  Болашақ  мұғалімдердің  коммуникативтік  құзырлығын  кәсіби  даярлау  үдерісіндегі 
қалыптастыру. Пед. ғыл. кан. дисс....- Түркістан, 2010. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет